Бірегей сауда ұсынысы (БСҰ) Түрлі бағалаулар бойынша өсіп келе жатқан сұранысқа ие 10 мамандықтың 9-ы STEAM білім талап етеді екен. Атап айтқанда, химия инженерлері, «software» әзірлеушілер, мұнай инженерлері, компьютерлік жүйе талдаушылары, механика инженерлері, құрылыс инженерлері, робот жасау техникасы инженерлері, ядролық медицина инженерлері, суасты құрылыстарының сәулетшілері және аэроғарыш инженерлері сияқты мамандықтарға қажеттілік әлі де өседі деген пікір бар. Маркетингтің ең басты міндеті – барша жұртшылыққа (әлеуетті клиенттерге) STEM білімнің маңыздылығын жеткізу. STEM сабақтары – өте қызықты және динамикалық, балаларды жалықтырмайды. Олар сабақ уақытының қалай өтіп жатқанын байқамайды, шаршамайды. Олар зымырандардың, машиналардың, көпірлердің, зәулім ғимараттардың құрылысы, өздерінің электрондық ойындарын, фабрикаларын, логистикалық желілерін және суасты қайықтарын құрастырып, ғылым мен техникаға үлкен қызығушылық танытады.
Балалық шақ – тұлғаның бастапқы қалыптасу, өзіндік сана-сезімі мен даралық негіздері қалыптасатын уақыт. Әр бала – өзінше бір әлем! Сондықтан да біздің орталықта баланың өз қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қабілеттерін және даралығын сезінуі арқылы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің бірыңғай үдерісін қамтамасыз ететін ойын қызметін ұйымдастыру арқылы балаларды барынша дамыту бағдарламасы пайдаланылатын болады. Белсенді қарым-қатынас пен командалық жұмыс – STEM бағдарламаларының ерекшелігі. Талқылау барысында пікір алмасу мен пікір айту үшін еркін ахуал орнатылады. Олар өздерін соншалықты еркін сезінетіні соншалық, әрқайсысы кез келген пікірін білдіруден қорықпайды, олар сөйлеуді және таныстыруды үйренеді. Балалар партада ұзақ уақыт отырмайды, өзі құрастырған затын сынақтан өткізеді, дамытады. Олар үнемі нұсқаушылармен және командадағы достарымен сөйлеседі. Балалар оқу үдерісіне белсенді қатысса, сабақты жақсы есте сақтайды.
Білім беру орталығының мақсаты – баланы жазуға, оқуға және математикаға үйрететін мектепке дайындық тобын емес, әдемі отбасылық жағдай орнаған «жылы үй» құру, онда балалар ойын арқылы ересек өмірде жүзеге асыра алатын түрлі дағдылар мен машықтарды меңгереді. Орталықта әр баланың тек дара адам ғана емес, жеке тұлға болуына мүмкіндік беріледі.