1. «Noname» кофеханасын ашуға арналған банк кредитін алу жоспары жобаның сипаттамасы мен оны іске асырудың мақсаттылығы



бет22/29
Дата02.12.2023
өлшемі2,74 Mb.
#132765
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
Бизнес план каз

4. МАРКЕТИНГІЛІК ЖОСПАР

Фирма өз міндеттерін табысты орындай алатын жағдайлар жасау маркетингіні басқару деп саналады. Аталған жоба үшін бұл маңызды, өйткені осы қызмет – нарықтың жаңа дамып келе жатқан саласы.


Қызметтерді нарыққа жылжыту ұсынылатын қызметтердің артықшылықтары туралы ақпаратты әлеуетті клиенттерге жеткізу және оларды ынталандыру бойынша әртүрлі қызмет түрлерінің жиынтығы ретінде түсініледі. Қызметтерді нарыққа жылжыту әдістері жарнамалық қызметті, өткізуді ынталандыруды, жұртшылықпен байланысты, жеке қызмет көрсетуді қамтиды. Жарнама STEM орталығының имиджін орнату үдерісімен тығыз байланысты екенін атап өту қажет. Жаңа мекеменің ашылуы туралы әлеуетті клиенттерді хабардар ету, STEM орталығы туралы оң пікір қалыптастыру, сондай-ақ көптеген клиент тарту жарнама жасаудың мақсаты болып табылады.
Есепке жарнамаға жіберілетін ай сайынғы шығындар салынған. Бұл құралдарды аулалық хабарландыру тақталарында парақшалар мен плакаттарды желімдеуге; үйлердің кіреберістерінде хабарландыруларды желімдеуге; ата-аналар мен балалар көп жиналатын жерлерде жарнамалық буклеттерді таратуға, газеттер мен БАҚ хабарландыруларына, маңдайшаларды дайындауға жұмсау жоспарлануда.
Орталық қызметтерін ілгерілету мектеп және балабақша аумағында, сауда орталықтарында баспа өнімдері, ата-аналар жиналыстарында презентациялар, «ашық есік күнін» өткізу, тегін ойын-сауық іс-шараларын өткізу, жарнамаларды пошта арқылы тарату, интернетте жарнама жасау, өз сайтын құру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Сұранысты қалыптастыру дегеніміз – әлеуетті клиентті бүгінгі таңда олардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызметтердің белгілі бір түрлерінің бар екендігі туралы хабардар ету.
Бұдан басқа мынадай маркетингілік іс-шаралар жүзеге асырылады:
1. Бәсекеге қабілеттілікке тұрақты түрде мониторинг жасау және оны жетілдіру бойынша жұмыс;
2. Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру, имидж қалыптастыру және тұрақты клиенттерді ұстап қалу жөніндегі іс-шаралар кешенін пайдалану.
Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру мына кезеңдерді есепке ала отырып жоспарланады:
- Басқалармен салыстырғанда баға деңгейінің төмендігі;
- Қызметтерге деген сұранысты ынталандыру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру.
Дамыту орталығын ұйымдастыру үшін мынадай бірнеше стратегия қолдану қажет:
1. қызметтерді іске асыру кезінде нарықтың қанша сегментін қамту қажеттігін анықтауға мүмкіндік беретін сегменттеу стратегиясы. Қандай да бір шешімді қабылдау жекелеген сегменттердің экономикалық мәніне және бәсекелестердің қимыл-әрекетіне байланысты болады;
2. игерілген нарықта іске асырылатын жаңа қызметтерді құру арқылы даму міндеттерін шешуді болжайтын қызметтерді дамыту және жылжыту стратегиясы;
3. қызметтің жаңа түрлерін жасауды жоспарлайтын инновациялар стратегиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет