1. «Noname» кофеханасын ашуға арналған банк кредитін алу жоспары жобаның сипаттамасы мен оны іске асырудың мақсаттылығы



бет21/29
Дата02.12.2023
өлшемі2,74 Mb.
#132765
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Бизнес план каз

БСҰ кестесін толтырыңыз

Тауардың немесе қызметтің атауы



+ бәсекелесіңізден сіздің артықшылығыңыз қандай?

+ Неге?



1. Робот жасау техникасы курстары –"Robo Wunderkind” оқыту роботтары


1. Бізде Robo Wunderkind робот жасау техникасының конструкторлары болады. Қазіргі уақытта конструктордың Starter, Advanced және Professional Kit сияқты үш жиынтығы бар. Robo Wunderkind конструкторы LEGO элементтерімен толық сәйкес келеді және ішінде электронды салмасы бар пластик текшелер, дөңгелектер және жалғастырушы элементтер түрінде шығарылады.
2. Бағдарлама STEM білім беру жүйесі негізінде үздіксіз оқытуды ұсынады. Балалар кішкентай кезінен (4-5 жас), тіпті жасөспірім кезінен айналысуды бастап, одан әрі де роботтарға арналған бағдарлама құру, мобильді қосымшаларды бағдарламалау немесе браузерлік ойындар жасау сияқты өздерін қызықтыратын бағыттармен шұғылдана алады. Қазіргі уақытта роботтардың 3 түрлі Starter Kit, AdvancedKit, ProfessionalKit жиынтығын қолдана отырып, робот жасау техникасы мен бағдарламалауға үйретуге арналған балалардың жасына қарай құрылған 3 топ бар.
3. Robo Wunderkind конструкторының артықшылығы – классикалық LEGO-ны жай кірпіштерден робот жасайтын конструкторға айналдыруға мүмкіндік беретіндігі, мектепке дейінгі балаларды робот құрастырудың басты қағидаттарымен таныстыруы, модельдерді жинаудың, бағдарламалаудың, басқарудың қарапайымдылығы.
Батыстағы беделді басылымдар ROBOWunderkind-ді білім беруші роботтардың болашағы, индустрияның осы саласындағы басты жаңалық ретінде атап көрсетеді, жақында ғана құрылған компанияның көптеген марапатқа ие болып, 1 миллион доллар көлемінде инвестиция алуы осы айтылғанды дәлелдей түседі. RoboWunderkind туралы TechCrunch, The Guardian, Huffington Post, Forbes және т.б. беделді басылымдар жазған болатын.

  1. Әр жиынтықта LEGO тетіктерін, мысалы, фирмалық «леголық» адамдарды жалғастыруға арналған адаптерлер бар. Конструктор 5 жастан жоғары балаларға арналған, сондықтан өте әдемі, түрлі-түсті етіп жасалған. Құрастырушылардың мақсаты кішкентай балалардың өздерін бағдарламалауға немесе «кодтауға» үйрету болғандықтан, модельдерді басқару үдерісі өте қарапайым.




  1. STEM (science, technology, engineering and mathematics) дейтін бір сөзбен біріктіруге болатын ғылым, математика, технология мен инженерия сияқты басты академиялық салаларда даму керек. RoboWunderkind роботтарының конструкторы негізінде робот жасау техникасы мен бағдарламалауға үйрету осы айтылғандардың бәріне жауап береді.

3. Құрастырылған роботтар кедергілерден өте алады, дыбыстарды жазып, шығара алады, лабиринт ішінде жүре алады, суретке түсіреді немесе лекті бейнежазбаны мобильдік құрылғыға жібере алады. Метеосенсор ауаның ылғалдылығы, температурасы мен қысымы туралы хабар береді, қозғалыс детекторы модельдің берілген қызметін белсендіруге арналған триггер қызметін атқарады, текше-коннекторлар өзге модульдерді 6 қырының кез келгеніне қосуға мүмкіндік береді. Роботтар қоңырау сағаттың рөлін немесе бөлмеге біреу кірген кезде музыка, жарық немесе қимыл беру арқылы ескертетін «балалар бөлмесінің күзетшісі» рөлін де атқара алады, тіпті би билегенде серіктес-оркестр де бола алады.



1.Бағдарламашыларға арналған инкубатор – мобильдік қосымшалар мен ойындар, сондай-ақ түрлі қажеттіліктерді өтеуге арналған бағдарламалар әзірлемен байланысты жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған курс

Орталық iOS, Android, Windows Phone үшін қосымшаларды әзірлеушілерді дайындайды.
Бұл платформалардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан оларды жан-жақты таныған дұрыс. Орталықтың білікті оқытушылары түрлі платформадағы мобильді қосымшаларды әзірлеуші мамандығын алуға мүмкіндік беретін курстар дайындап шығарды.

iOS, Android, Windows Phone платформалары бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды алу, бұның ішіне қосымшаларды әзірлеу ғана емес, олардың тоқтап қалмай, тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге арналған тестілеу ресімі де кіреді.



  1. STEM орталық




Аталған робот жасау техникасы және бағдарламалау орталығы негізінде Қазақстандағы алғашқы және бірден-бір STEM орталық ашу көзделіп отыр. STEM орталық осы сала бойынша әлемдегі жетекшілердің тәжірибесін есепке алатын болады, атап айтқанда, американдық STEM бренд Engineering For Kids (EFK) компаниясымен серіктестік орнату жоспарланып отыр, сондай-ақ осы компанияның франшизасын сатып алу мүмкіндігі де қарастырылады.

STEM-оқытудың артықшылықтары:
1. Пәндер бойынша емес, «тақырыптар» бойынша біріктірілген оқыту
2. Ғылыми-техникалық білімді шынайы өмірде қолдану
3.Сыни ойлау мен мәселені шешу дағдыларын дамыту
4.Өз күшіне деген сенімділікті арттыру
5.Белсенді қарым-қатынас және командалық жұмыс
6.Техникалық пәндерге қазағушылықты дамыту
7.Жобаларға қатысты креативті және инновациялық тәсілдер
8.Оқыту мен мансап арасындағы көпір
9.Балаларды өмірдің технологиялық инновацияларына дайындау
10.STEM мектеп бағдарламасына қосымша ретінде





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет