Тәрбие қағидаттары: Тәрбие міндеттерін шешу барысында келесі қағидаттары мақсатты түрде пайдаланған дұрыс: табиғат сәйкестігі қағидаты, гуманизация қағидаты, үздіксіздік қағидаты, мәдени сәйкестік қағидаты, этникалық қағидаты, қызметтегі және қызмет арқылы тәрбие қағидаты, субъективтік қағидаты, педагогикалық қарым-қатынасты дербестендіру қағидаты, полисубъектілік қағидаты, диалогтілік қағидаты, белсенділік қағидаты принципі, талаптылығы жоғары тұлғаны құрметтеу қағидаты, жетістікті қамтамасыз ету қағидаты принципі, позитивке сүйену қағидаты, білім алушылардың кері және жеке ерекшеліктерін есепке алу қағидаты принципі, ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу қағидаты, тәрбие әрекеті өмірмен және өнеркәсіптік практикамен байланысының бірлік қағидаты, балалардың өмірін эстетизациялау қағидаты, оқушылардың бастамасы мен тәуелсіздігінің дамуымен педагогикалық басқаруды біріктіру қағидаты, жалпыға ортақ адами құндылықтардың қағидаты, білім берудің рухани-адамгершілік дәстүрлері мен ұлттық және әлемдік мәдениеттің нормаларына негізделуі керек екендігін көрсетеді.
3. Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағыттары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының әр бағыты қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.
1.Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу Мақсаты:патриот пен азаматтың Отанға ұтымды және эмоционалды қатынасы, мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұру, баланың және жасөспірім ортасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын ұлтжанды азамат қалыптастыру.
2.Рухани-танымдық тәрбие Мақсаты: адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани-адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру.
3.Ұлттық тәрбие Мақсаты: тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.