1 Общие требования



бет13/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Нерв системасы. Дөңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен: алдыңғы, аралық ортаңғы мишық, сопақша мидан тұрады. Әсіресе алдыңғы ми және мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олар дың иректері болмайды. Ми қақпағында нервтік заттар болмайды, ол дерлік эпителиядан түрады. Аралық мидың үстіңгі жағында көру төбешіктері мен эпифиз, ал оның төменгі жағында ми воронкасымен гипофиз орналасқан.
Мидан 10 пар нерв тарайды, Жұлын нервтері екі түбірлі болып (арқа және құрсақ) кеткенімен, бұлар басқа омыртқалылардың нервтері сияқты бір-бірімен қосылмайды, сондықтан ондай нерв аралас нерв болмайды.

Сурет 13 – Миноганың бас миының құрылысы (І-үстінен ІІ-астынан):
1 — алдыңғы мидың жарты шарлары; 2—иіс бөлімі; 3 — иіс нерві; 4 — аралық ми; 5, 6— оң және соң ганглиялар; 7—төбе органы; 8 — көз нерві; 9 — ми воронкасы; 10 — көру бөліктері; 11 — ортаңғы ми қақпағындағы саңылау; 12 — ортаңғы мидың түбі; 13 — көз қимылы нервісі; 14 — үшкіл нерві; 15 — есту нерві; 16 — сопақша ми; 17 — ромба тәрізді шұңқыр; 18 — мишық.


Сезім органдары — өте қарапайым. Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұра ды:. Көздері де нашар жетілген. Миногалардың қасақ қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілігіне байланысты көздері өте нашар жетіл ген. Иіс органы дара болғанымен иіс нервтері жұп болады. Иіс қапшық шасының түп жағынан іші қуыс өсінді шығып, мидың астынан хорданың бас тамасына дейін созылады. Бұл өсіндінің атқаратын қызметі толық анықтал маған. Шамалы ғана ойыстанған бүйір сызығының түбінде кезеген нервтің ұштары жатады.
Зәр шығару органдары - мезонефрикалық бүйректерден құралады. Бұ лардың алдыңғы бөліміне пронефростың қалдықтары жалғасады. Зәр зат тарын шығару түтігінің қызметін вольфов каналдары атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады.
Жыныс бездері -дара, олардын, арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалар- гонаданың қабырғасын жарып, денесінің ішіне құйылады, Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр жыныс қуысына құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қос жынысты болады (гермафро дит).Дөңгелек ауыздылардың систематикасы мен экологиясы
Қазіргі тіршілік ететін дөңгелек ауыздылар екі отрядқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет