1 Общие требования



бет14/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

1-отряд. Миногалар.
Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бей імделген.Ұрықтанған жұмыртқалардан, ересек миногаларға ұқсамайтын құм қазғыш деп аталатьш личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүз гіш қанаттары болады. Олардың арқасынан құрсақ бөліміне қарай қанаты бар екендігі байқалады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалары жұтқыншак ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар, бұл ланцетниктегі эндостильдің қызме тін аткарады. Бауырында өті болады, көзі терісінің астына жасырынған. Миы басқа органдарымен салыстырғанда үлкенірек деуге болады. Құмказғыш кейбір белгілерінің болуына қарағанда (эндостильдің болуы), тіршілік ету тәсілдері жағынан да жалпы алғанда ланцетниктерге ұксайды. Құмқазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып, соның ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2—5 жылдың ішінде айналады.
Бұл отряд бір тұқымдастан және жеті туыстан құралады. Миногалар—барлық суларда тіршілік ететін космополиттер.
Теңіз миногасының (реtromyzon marinus) ұзындығы 50— 100 см. Бұлар Атлантика мұхитының теңіздерінде кездеседі. Теңізде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу кезінде өзенге шығады. Олар теңіздің түрлі тереңдіктерінде тіршілік етеді, кейде оларды 500 м тереңдіктен де кездестіруге болады. Көп шілігінде, балықтармен және су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді. Теңіз миногалары уылдырығын көктемде шашады. Уылдырықтарын су түбін қазып, шұңқыр жасап салады. Кәсіптік маңызы аз.
Өкілдері: Қаспий және өзен миногалары болып саналады. Каспий миног асы Каспий теңізінде тіршілік етеді де, уылдырық шашу ушін сентябрьден бастап декабрь айына дейін Еділ, Жайық, Кура, Терек езендеріне шығады. Те ңізден өзенге шығу кезінде үйір-үйір болып, өзен ағысына қарсы жоғары қарай, бірнеше жүз километр өрістеп көтеріледі. Уылдырық шашуы март айында басталып, июнь айында аяқталады, Уылдырықтарын су түбіндегі топырақтан жасалған арнаулы шұңқырларға салады. Уылдырық шашуға шыққан миногалар қоректенбейді, ал уылдырық шашып болған соң олардың барлығы қырылып қалады.Каспий миногасының кәсіптік маңызы үлкен.
Өзен миногасының денесінің ұзындығы 40 см-дей болады. Бұлар Европа мен Азияның солтүстігінде және Солтүстік Америка теңіздерінде кездеседі. Уылдырығын өзенге барып шашады. Олардың уылдырық шашу кезіндегі пайда болған тобы май айында теңізден шығып, Нева өзеніне июнь айына дейін келіп жетеді, июнь айының аяғында уылдырық шашады. Уылдырық шашуға келе жатқан миногалар қоректенбейді, сондықтан олардың ішектері шөжіп кетеді. Көктемгі уылдырық шашу процесінен басқа, күзде де уылдырық шашу процесі байқалады. Бұл жағдайда миногалар өзенде қыстап шыға ды да, келесі жазда уылдырығын шашады. Өзен миногаларының Каспий миногасына қарағанда кәсіптік маңызы аз.
Бұлақ миногасы ұзындығы 30 см-ге жуық, Европа өзендерін мекен дейтін, ешуақытта теңізде кездеспейтін жануар. Уылдырығын май айында шашады, уылдырығын шашып болғасын қырылып қалады. Кәсіптік маңызы жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет