1 Общие требования


Тақырыбы: Минога және миксиннің ішкі, сыртқы құрылысы. Мақсаты



бет10/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
Тақырыбы: Минога және миксиннің ішкі, сыртқы құрылысы.
Мақсаты:Өзен миногасының, миксиндердің сыртқы, ішкі құрылысымен танысу.
Қажетті құрал- жабдықтар:
1.Өзен миногасының, миксиндердің дайын ылағалды, препараттары.
2.Өзен миногасының, миксиендердің сыртқы құрлысы, ішкі органдарының жалпы орналасуы, ас қорыту, қан айналу, зәр шығару мүшелері, нерв жүйелері, қанқасының таблицалары.
3. Қол лупалары, микроскоп.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Систематикалық орны:
Тип: Хордалылар-Chordata
Тип тармағы: Бас сүйектілер немесе омыртқалылар-Craniata немесе Verte-brata.
К.Ж.Т.: Жақсыздар-Agnatha.
Класс: Дөңгелек ауыздылар-Cyclostomata.
Өкілі:Өзен миногасы-Lampetra fluviatilis
Дөңгелек ауыздылар
Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады, аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сырткы және ішкі құрылысына сәйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншектермен шашақталған басының алдыңғы жағында сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тіс тері воронканың ішіндегі етті. тілдің ұш жағына орналасқан. Эпидермисті, жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралы ғына, басының үстіне таман, ал миксиндерде басының алдынғы жағына орналасады. Аналь және зәр — жыныстық тесіктер кеуде мен құйрық бөлімінің шекарасында орналасқан.

Сурет 7 – Миноганың сыртқы құрылысы
1-сорғыш воронка; 2-көзі; 3-танау тесігі; 4-төбе органы; 5-бүйір сызығы; 6-сыртқы желбезек; 7-арқа қанаттары; 8-құйрық қанаты; 9-аналь тесігі; 10-зәр – жыныс ұшы.

Денесінің арқа және құйрық жағьндағы еттері қарапайым құрылысты болады. Олар қабат-қабат болып жатқан миомерлерден құралады, ал миомерлер өз ара жабын дәнекер миосепталар арқылы жіктеліп тұрады. Желбезек қап шықтары ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Ет система сының көпшілігі жақсы жетіліп жіктелмеген. Тұлға мен құйрық бөлімдерінің скелеті негізінен хордадан тұрады. Хорданың сыртын және оның үстінде орналасқан нерв түтігін дәнекер тканьнен тұратын калың қабық қаптап тұрады. Бұл дәнекер тканьдерінде омыртқаның жоғарғы доғасының алғашқы нұсқасы болатын көптеген жұп шеміршектер орналасқан. Осы шеміршектердің хорданың жоғарғы жиегіне жалғасуы нәтижесінде қуыс пайда болады, осы қуыста жұлын жатады.


Бұларда ми сауытының құрылысы да қарапайым болады.Ол мидың ас тыңғы жағында төселіп жатқан шеміршек пластинкасынан ғана тұрады. Осы пластинканың ортасындағы тесігінен гипофиздік өсінді өтеді. Бұл пластин каның бүйіріне шеміршекті есту капсуласы жалғасады, ал алдынғы жағында шеміршекті иіс капсуласы жатады. Демек, дөңгелек ауыздыдарда ми сауыты әлі жоқ, мидың үстіңгі беті жарғақпен қапталып тұрады.

Сурет 8 – Миноганың бас қаңқасы:
1— хорда; 2 — омыртқалардың жоғары доғасының бастамасы; 3 иіс капсуласы; 4 — есту капсуласы; 5 — сорғыш воронка шеміршектері; 6 — тіл асты шеміршек; 7 желбезек доғасы; 8 — жүрекмаңы шеміршек; 9 — тіласты доғасы.

Миногалардың висцеральдық скелеті жіктелмеген тоғыз желбезек доға сынан тұрады, олар өз ара төрт шеміршек тяжімен байланысады. Осы айтылған шеміршектер системасына арт жағынан шеміршекгі жүрек қалтасы жал ғасады. Желбезек коробкасының алдьңғы жағынан екі ұлтарақ тәрізді шеміршектер мен көз асты шеміршектері жалғасады, олар түрі өзгерген желбезек доғалары болып саналады. Миксиндердің желбезек коробкасы жетілмеген, ол тек қана алғашқы нұсқасы түрінде ғана, болады.


Ми сауыты мен висцеральдық скелеттің негізгі ерекшеліктері: жақтың, ми сауытының болмауы, желбезек доғасының жіктелмеуі және ауыз ворон касында күрделі шеміршекті системасының болуы т. б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет