1 Общие требования


Есеп: 1.Систематикасын тапсыру 2.Суреттерін салу 3.Миноганың сыртқы, ішкі құрылысын тапсыру Бақылау сұрақтары



бет16/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69
Есеп:
1.Систематикасын тапсыру
2.Суреттерін салу
3.Миноганың сыртқы, ішкі құрылысын тапсыру
Бақылау сұрақтары:
1.Дөңгелек ауыздылар класына сипаттама?
2.Миноганың сыртқы құрылысы?
3.Миноганың ас қорыту жүйесі?
4.Миноганың тыныс алуы қандай?
5.Миноганың қан айналу жүйесі?
6.Миноганың нерв жүйесі?
7.Миноганың сезім органдары?
8.Миноганың зәр шығару органдары?
9.Миноганың жыныс бездері?
10.Миноганың маңызы?
11.Миноганың қаңқасы?
3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Шеміршекті балықтар класы.
Акуланың сыртқы және ішкі құрылысы.
Мақсаты: Акуланың сыртқы және ішкі құрылысын түсіндіру.
Қажетті құрал- жабдықтар: Акуланың сыртқы құрылысы, ішкі органдарының орналасу реті, ас қо рыту, қан айналу, жыныс бездерінің, зәр шығару жүйелерінің таблицалары. Акуланың ішкі органдарының ылғалды препараттары. Эпидоскоп.
Қысқаша теориялық мағлұматтар:
Систематикалық орны:
Тип: Хордалылар-Chordata
Тип тармағы: Бас сүйектелер немесе омыртқалылар- Craniata немесе Vertebrata.
К.Ж.Т.: Балықтар- Pisces.
Класс: Шеміршекті балықтар-Chondrichthyes.
Класс тармағы: Тақта желбезектілер-Elasmobranchii.
Отряд: Акулалар- Selachoidei.
Өкілі: Тікенекті акула- Sgualus acаntias.
Шеміршекті балықтар — осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым кұрылысты организмдер болып есептеледі. Желбезек тесіктерінің аралықтары жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ. Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді. 1-тақта желбезектілер (еlasmobranchii) және
2-бүтінбастылар немесе химерліктер (һоlосерһаli).
1-класс тармағы. Тақта желбезектілер (Еlasmobranchii)
Тақта желбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар (selachoidei) және скаттар (batoidei).
Тақта желбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сырткы желбезек тесіктері денесінің сырткы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында — рострум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау түрінде орналасқан.

Сурет 14 – Тікенекті акуланың сыртқы пішіні мен құрылысы:
1 – ауыз тесігі; 2 – желбезек тесіктері; 3 – брызгальце; 4 – кеуде қанаты; 5 – құрсақ қанаттары; 6 – арқа қанаттары; 7 – гетероцеркальды құйрық қанаты; 8 – рострум.

Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басының екі бүйір жағында 5—7 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды. Брызгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек саңылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клоакасы болады. Құйрық қанатының жапырақшалары бір келкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы — одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет