Майшабақ тәрізділер (сельдеобразные) отряды. Сүйекті балықтардың ішіндегі өте қарапайым құрлысты, бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өмір бойы өңешпен байланысты. Қабыршағы циклоидты. Майшабақтар тұқымдасына негізінен теңіздерде тіршілік ететін балықтардың көптеген түрлері жатады, олардың кейбір түрлері көбею үшін өзендерге шығады. Біздің суларымызға көбінесе мына түрлер кездеседі: мұхит майшабағы Ақ теңіз бен Баринцово теңізінде таралған.Уылдырықтары ауыр.
Сондықтан да су түбіне шөгіп оның түбіндегі заттарға көбінесе балдырларға бекінеді. Саны 40000-нан 280мыңға дейін. Каспий мен қара теңізінде тіршілік ететін еділ майшабағы және қаражонды майшабақ жетілу және семіру кезінде теңізде болады,ал көбею үшін өзенге шығып өзен бойымен бірнеше км жоғары көтеріледі. Қара жонды майшабақтардың көпшілігі уылдырық шашқан соң қырылып кетеді. Сардинка және иваси деген балық қиыр шығыс суларында тіршілік етеді. Балтық теңізімен Қара теңізде килька, ал Каспий теңізімен Қара теңізде тюлька деген шабақтар тіршілік етеді Қазақстан Қызыл кітабына Еділ майшабағы енген.
Лосось тәрізділер (лососеобразные ) отряды.Оларға тән ерекшелігі арқасында жұмсақ тері қатпары болады, бұл қатпарды майлы қанат деп атайды. Лосостардың өсіп өнуі теңізде өтіп ал уылдырық шашу үшін өзендерге шығатын өткінші балықтар шабақтары өзенде қыстап шығады да көктемде теңізге келеді. Ересектері уылдырық шашып болған соң қырылып қалады. Сөйтіп олар бүкіл өмірінің ішінде бірақ рет көбейеді. Лосостардың ішін де тұщы суды тұрақты мекен ететін түрлері бар.Оларға ақ сақалар түркелер таймегдер жатады. Лосось балықтарына Қиыр шығыс теңіздері ерекше бай. Мұнда лосось тәрізділерден кета, албырт, ақсерке бахтах, хариус, түрке, т.б мекен етеді. Бұлар өзендерде көбейеді де семіру үшін теңіздердің терең, қашық жерлерге барады. Қазақстан қызыл кітабына Каспий албырты, Арал албырты, Таймен, ақ балық , нельма балықтары енген.
Лосось тәрізділердің кәсіптік маңызы өте зор бұлардың еті дәмді болуымен қатар уылдырығын да пайдаланады.