1 Общие требования



бет22/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Жұмыстың орындалу реті:
1.Тікенекті акуланың таблицасын пайдаланып, бас сүйегінің, жамбас, иық, омыртқалардың құрылысымен танысыңыздар. Альбомдарыңызға тікенекті акуланың қаңқасының суреттерін салыңыздар.
Есеп:
1.Шеміршекті балықтардың бас сүйегінің, иық, жамбас белдеулерінің суреттерін салу
2.Қаңқаларының ерекшеліктерін тапсыру
Бақылау сұрақтары:
1.Акуланың ми сауытының құрылысы?
2.Шеміршекті балықтардың висцераль қаңқасының құрылысы?
3.Акуланың омыртқа жотасы, жіктелуі?
5 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы.
Мақсаты. Сүйекті балықтардың сыртқы, ішкі қаңқасының құрылысын, систематикасын түсіндіру.
Қажетті құрал жабдықтар: Жаңа ауланған балық, сүйекті балықтардың дайын ылғалды препараттары, қол лупалары, қайшы, скальпель сыртқы, ішкі құрылысының таблицалары, эпидоскоп, тұтас қаңқасы.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Систематикалық орны.
Тип: Хордалылар-Chordata
Тип тармағы: Бас сүйектілер немесе омыртқалылар-Craniata немесе Vertebrata
К.ж.т. Балықтар – Pisces.
Класс:Сүйекті балықтар –Osteichthyes
Класс тармағы:Сәуле қанаттылар – Actinopterygii
Отряд үсті: Сүйекті балықтар – Teleostei
Сүйекті балықтар тобы-Osteichthyes.
Балықтар класының көпшлгі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік таралған. Сондықтанда да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы, олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепші болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрылы сындағы ерекшеліктер мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелеттің сүйектенуі екі жолмен орындалады. Скелетінің алғашқы сүйектенуін жамылғы, немесе тері сүйектену деп атайды.Эмбриональдық дәуірде сүйектенудің бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек қана ол скелет шеміршектеріне жабысып жатады. Сондықтанда жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияқты болады.
Балықтар скелетінің құрамында жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер де кездеседі. Сүйектің бұл тұрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіндеп сүйектенуінен пайда болады. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің жоғарыда көрсетілген жамылғы сүйектерден елеулі айырмашылығы болмайды.
Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезек аралық перделері болмайды, сондықтан желбезек жапырақшалары бірден жел безектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын сүйекті қақпағы болады.
Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтың ішіндегі газдың көлемінің өзгеруі балықтың меншікті салма ғының өзгеруіне әсер етеді. Жүзу торсылдағындағы газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге немесе судың түбіне батып кетуіне мүмкіндік алады. Ұрықтанулары әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ мүйіз тәрізді қабығы болмайды . Біразы тірі туады
Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.
Систематикасы:
Сүйекті балықтар класы-Osteichithyes
Сәулеқанатты балықтар класы тармағы-Actinopterigii
Ескекқанатты балықтар класы тармағы-Sarcopterygii
Сәулеқанаттылар балықтар класс тармағы-Actinopterigii
Отряд үсті ганоидтар-Ganiodomorpha
Отряд үсті сүйекті балықтар-Telostei


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет