Шортан тәрізділер (щукообразные) отряды. Жақтарында өткір тістері бар жыртқыш балықтар, шортанның жүзу торсылдағы ішегімен байланысқан, бірақта Веберов апараты жоқ және иық белдеуінде жауырын бөлімдері болмайды. Біздің өзендерімізде көлдерімізде және Оңтүстік теңіз дердің тұщырақ суларында кәдімгі шортан мекен етеді. Олар мекен еткен орнын ауыстырмай тіршілік етеді. Балықтар мен құс балапандарымен, бақалармен қоректенеді. Балық шаруашылығына зиянды, кәсіптік маңызы жоқ. Ірілерінің денесінің ұзындығы 1,5 метр салмағы 35кг болады. Уылдырығын көктемде тайыз, су жағалауларына шашады.
Карп тәрізділер (карпобразные) отряды. Тұщы су балықтары. өткінші түрлері өте сирек кездеседі. Тау суынан бастап, батпақты тоспа суларына дейін алуан түрлі су қоймаларында тіршілік етеді. Көпшілігі торта (плотва)
ақ қайтар, мөңке балық (караз) линь, табан (лещ) т.б. мекенін ауыстырмайды. Ал кейбір түрлері қара көз (вобла) таран , күтім (кутум) көбею кезінде қоныс ауыстырады. Карптердің жақ сүйектерінде тістері болмайды. Жұтқыншақ тістері деп аталатын тістері артқы желбезек доғаларына орналасқан. Ол тістері мен азықтық заттарды майдалайды. Олар біздің тұщы суларымызда көп мөлшерде жиі кездесетін балықтар тобы. Оларға сазан, табан, мөңке балық дөңмаңдай, ақамур және басқалар жатады. Сазанның, мөңке балықтың қолда өсіретін жаңа тұқымдары да шығарылады. Қазақстан қызыл кітабына күтім, шортан тәрізді ақ марқа, арал қаязы, түркістан қаязы, көк бас шу, сүйрік, қанаты деген балықтар енген.
Карп балықтарының етінің дәмі лосось балықтардың етінің дәмінен нашар болса да, көп мөлшерде болып кеңінен таралуы, оларды кәсіптік маңызы бар балықтар қатарына жатқызды.
Кефаль тәрізділер (кефальобразные) отряды.Жүзу торсылдағы тұйық біткен және бүйір сызықтары жоқ, көбіне оңтүстік теңізінде мекен етуші балықтар. Қара теңіз бен Азов теңізінде кездеседі. Олардың ішіндегі кәсіптік маңызы бар түрлері – лобон немесе кәдімгі кефаль, сингил. Кефальдар топтанып жүріп, өріс аударатын балықтар: Кефальдардың үлкен топтары қорек іздеп тұзы аз көлдерге және өзен сағаларына барады. Кейінгі кезде кефаль балығы Каспий теңізіне жерсіндірілді.
Бұл отрядқа өздеріне тән ерешеліктері бар – пользун немесе анабас балығы жатады. Бұл балықтардың, тіршілік еткен суында оттегі жеткіліксіз болған кезде екінші суға бара алады, тіпті олар өрмелеп ағаш бұтағына шығып жармасып отырады. Бұлар Индия, Бирма суларында. Зонт және Филипин аралдарында тіршілік етеді.