Тыныс алу органдары. Алабұғалардың басқа балықтардікі сияқты, төрт пар жетілген желбезектері болады. Сонымен қатар желбезек қақпағының ішкі жағында жалған желбезек деп аталатын жетілмеген желбезегі болады. Сүйекті балықтардың желбезек аралық перделері болмайды, желбезек талшықтары желбезек шеңберлеріне ғана бекиді. Желбезек қуысын сыртқы жағынан желбезек қақпағы жауып тұрады.
Сүйекті балықтар – желбезек қақпақшаларын қозғалту арқылы тыныс алады. Балық желбезек қақпағын ептеп көтере бастағанда желбезек қақпақ шасының жиегіндегі жұқа тері перде сыртындағы судың қысымының әсерінен желбезек саңылауларына жабысады. Мұның нәтижесінде желбезек қақпағының астында бос қуыс пайда болады және ауыз – жұтқыншақ қуысына қарай су өтеді. Желбезек қақпағы төмен орнына түскенде, су қысылып барып, желбезек саңылауларынан сыртқа шығады. Балықтың тыныс алуы суды ауыз арқылы жұту салдарынан емес, желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалатынын мына тәжірибеден байқауға болады. Ыдыста жүзіп жүрген балықты алып, аузының ішіне кергіш салып қойса да, олардың тыныс алып , тіршілік ететіндігін көруге болады.
Сурет 24 – Акуланың (А,В) және сүйекті балықтардың (Б,Г) желбезектері:
А – акуланың ауыз жұтқыншақ қуысы арқылы фронтальды кесіндісі;
Б – сүйекті балықтың ауыз жұтқыншақ қуысы арқылы фронтальды кесіндісі: 1 – ауыз жұтқыншақ қуысы; 2 – жұтқыншақ; 3 – жақ доғасы; 4 – тіл асты доғасы; 5 – брызгальце; 6 – ішкі желбезек саңылаулары; 7 – сыртқы желбезек саңылаулары; 8 – желбезек қақпағы; 9 – желбезек доғалары; 10 – желбезек жапырақшалары; 11 – желбезек аралық кеуде.
Қ ан айналу органдары. Алабұғалардың жүрегі үш камерадан тұрады: вена қолтығы жүрекше және қарынша. Сөйтіп алабұғаның акуладан айырмасы, алабұғада артерия конусы болмайды. Оның орнына алабұғада қолқа түйіні болады. Бұл құрсақ қолқасының басталған жері. Мұның артерия конусынан өзгешелігі қабырғасы тура ет тканьдерінен құралған. Сондықтанда ол жүрек секілді өз бетінше қызмет ете алмайды.
Сурет 25 – Сүйекті балықтың қан айналу жүйесі:
1 – жүрекше; 2 – қарныша; 3 – аорта пиязшығы; 4 – құрсақ аортасы; 5 - әкелуші желбезек артериялары; 6 - әкетуші желбезек артериясы; 7 – аорта түбірі; 8 – арқа аортасы; 9 – ұйқы артериясы; 10 – бұғана асты артериясы; 11 – құйрық венасы; 12 – оң артқы кардинальды вена; 13 – сол артқы кардинальды вена; 14 – бүйректің қақпа жүйесі; 15 – ішекасты венасы; 16 – бауырдың қақпа жүйесі; 17 – кювьеров құйылысы; 18 – бауыр венасы; 19 – алдыңғы кардинальды немесе яремдік веналар; 20 – бүйректің сол жақ қақпа венасы. Вена, қан тамырлары қара түспен боялған.
Тіл асты желбезектің шала дамуының салдарынан, оған қан әкелетін артерия жойылып кеткен.Сөйтіп, қан әкелуші желбезек артерияларының төрт пары ғана сақталған. Осыған сәйкес сүйекті балықтарда қан әкететін желбезек артериялардың төрт ақ пары болады. Бұлар арқа қолқасының түбіне келіп құяды. Арқа қолқасы алдынан және арт жағынан сабақталып бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Осының нәтижесінде болады бұл сүйектің балықтардың басқа балықтардан ерекшелігі болып есептеледі артериялық бас шеңбері пайда болады.
Алдыңғы қолқасы бас бөлімін қанмен қамтамасыз етсе, арқа қолқасы денесінің артына қарай барып басқа органдарды қанмен қамтамасыз етеді.
Вена. Акуланың вена жүйесінің салыстырғанда бұлардың мынадай өзгешелігі бар.
Бүйір веналар болмайды; 2) Сүйекті балықтардың көпшілігінде, тек қана оң венасы тікелей келіп кювьер өзегіне жалғасады.
құйрық венасы бауыр қақпа венасымен бірігіп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |