1 Общие требования


Камбала тәрізділер (камбалообразные) отряды



бет27/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Камбала тәрізділер (камбалообразные) отряды. Камбала тәрізділердің денесі екі бүйірінен қысыңқы келген жыртқыш балықтар. Торсылдағы болмайды. Су түбінде тіршілік ететіндіктен бір бүйірімен жайлап жүзеді. Денесінің ұзындығы 60-40 см 5 метрге дейін болады. Уылдырықтарын (бірнеше милион ) жағалауға шашады, өсімтал балық. Кейбір түрлерінің кәсіптік маңызы бар.
Жайын тәрізділер(самообразные) отряды. Бұл отрядтың өкілдері жылы Тұщы суларды мекендейді. Денесі жалаңаш, аузының айналасында бірнеше мұртшалары бар. Дене пішіні 2см ден бірнеше метрге дейін болады. Көпшілігі жыртқыш. Бізге белгілісі европалық жайын, оның денесінің ұзындығы 5см салмағы 90-300 кг дейін жетеді.
Ескекқанатты балықтар класс тармағы-Sarcopterygii
Отряд үсті қостыныстылар- Dipneustomorpha
Отряд үсті саусақ қанаттылар-Grossopterygii.
Алабұға сүйекті балықтар өкілі. Алабұға (Perca fluviatilis) тез жүзетін, көбінесе ұсақ шабақтармен қоректенетін жырытқыш балық.
Алабұғаның денесі екі бүйірінен қысыңқы келген, ұршық тәрізді болады. Басы сүйірленіп тұтасып келіп, кеудеге жалғасады, ал кеудесі арт жағына қарай бірте-бірте сүйірлене келе құйрық бөліміне айналады. Құйрық пен құр сақтың шекарасында артқы аналь тесігі, ал оның арт жағында жыныс және зәр шығаратын тесіктер болады. Кеуде қанаттары басқа балықтардың кеуде қанаттары сияқты екі бүйірінде желбезек саңылауларының артқы жағына өте жақын жерде орналасады. Құрсақ қанаттары денесінің алдыңғы жағына жақынырақ орналасқан. Дара қанаттары арқасындағы екі қанаттан, құйрық және аналь тесігінің тұсындағы қанаттардан тұрады.
Барлық қанаттарының да сүйекті қауырсындары болады. Олардың кейбіреулері жұмсақ және бунақты , екіншілері қатты және бунақталмаған түрде болады. Алабұғалардың құйрық қанаттары кең, ашалы келеді. Құрылысы ос ындай құйрықты гомоцеркальды құйрық қанаты деп атайды. Басының тұмсық жағына сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кіш кентай болады, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстіңгі бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі тері тектес көлденең тұрған перде мен екі бөлімге бөлінеді. Басының артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпақтары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.
Балықтардың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуында құ йрық қанаты басты органы болып есептеледі және ол денесін басқару қызметінде атқарады. Қос қанаттарының көмегімен балықтар су ішінде денесін бұрып отырады. Сонымен қос қанаттары денесін су ішінде табиғи қалыпта ұстауға жәрдемдеседі. Егер де қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа және құрсақ қанаттары активті қозғалыстарға қатыспағанымен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.

Сурет 22 – Кейбір балықтардың терісі және жарқырауық органы:
А) – минога; Б) – акула; 1 – эпидермис; 2 – дерма; 3 – теріасты клетчатка, клеткалар;
4 – бокалтәрізді шырышты; 5 – дөңгелек; 6 – колбатектес; 7 – пигменттілер.

Алабұғаның басынан басқа денесін жұқа пластинка тәрізді көптеген сүйекті қабыршақтар жауып тұрады.Пластинканың бір шеті теріге бекініп, екінші шеті сыртқа шығып жатады. Сол сыртқа шығып жатқан бөлімінің сыртында ұсақ тіс сияқты бұдырлары болады. Мұндай қабыршықтарды ктеноидты қабыршақ деп атайды. Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде карп, сазан, тағы басқаларының қабыршақтарының сырты. Қабыршақтарды циклоидты қабыршақ деп атайды. Басынан құйрығына дейін, бүкіл дене бойына созылып жатқан бүйір сызығы бар. Бұл бүйір сызығы дененің екі жақ бүйірінен тартылған өзек секілді. Бүйір сызығының өткен жерін сыртқы қабыршағына қарап білуге болады. Өйткені бүйір сызығы өткен жердің тұсында қабыршақтарында қатарласып орналасқан тесіктері қалады. Осы тесіктер арқылы бүйір сызығы сыртқы ортамен байланысады. Сырттан қабылданған әсерлер осы сызық арқылы миға жеткізіледі. Бүйір сызығы есту органдарының қызметін атқарады. Балықтардың көру органдары жақсы дамымаған. Сондықтан судың ішіндегі қатты заттарға соқтықпауына бүйір сызығы себепкер болады. Сол сияқты судың терең немесе тайыз қабаттарында жүргендерін осы бүйір сызы ғы арқылы сезеді. Бүйір сызығы түрлі балықтарда түрліше болады. Терісін де болатын көптеген бір клеткалы бездер үздіксіз шырын шығарып тұрады. Сол шырындарының әсерінен балықтың денесі су ішінде майлап қойған секілді кедіргісіз тез қозғалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет