1 Общие требования


Есеп: 1.Систематикасын тапсыру 2.Ішкі , сыртқы құрылысының суреттерін салу 3.Экологиясын, маңызын тапсыру Бақылау сұрақтары



бет32/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Есеп:
1.Систематикасын тапсыру
2.Ішкі , сыртқы құрылысының суреттерін салу
3.Экологиясын, маңызын тапсыру
Бақылау сұрақтары.
1.Балықтар кластан жоғары тобының ішіндегі, түр саны жағынан көп және жер шары суларында кең таралған омыртқалылар ретінде сүйекті балықтар класына сипаттама бер?
2.Су ішінде тіршілік ету орындарына қарай сүйекті балықтардың сыртқы пішінінің әртүрлі болуының себептерін түсіндір, оған мысалдар келтір?
3.Сүйекті балықтардың бір өкілін мысалға алып, сыртқы құрылысын айт?
4.Сүйекті балықтарды зертханалық жұмыс мақсаты үшін сою әдістерін түсіндір?
5.Сойып ашылған обьектіден, сүйекті балықтың ішкі органдар жүйесінің орналасу реттілігін айт?
6.Сүйекті балықтардың жеке органдар жүйесінің құрылыс қызмет принциптерін түсіндір?
а) ас қорыту жүйесі ә)тыныс алу жүйесі
б) қан айналу жүйесі в) зәр жыныс органдары
7.Сүйекті балықтардың орталық нерв жүйесінің құрылыс ерекшеліктері қандай?
6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы:Сүйекті балықтардың қаңқасы.
Мақсаты.Сүйекті балықтардың қаңқасының құрылысын, систематикасын түсіндіру.
Қажетті құрал жабдықтар: Жаңа ауланған балық, сүйекті балықтардың дайын ылғалды препараттары, қол лупалары, қайшы, скальпель эпидоскоп, тұтас қаңқасы.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Систематикалық орны.
Тип: Хордалылар-Chordata
Тип тармағы: Бас сүйектілер немесе омыртқалылар-Craniata немесе Vertebrata
К.ж.т. Балықтар – Pisces.
Класс:Сүйекті балықтар –Osteichthyes
Класс тармағы:Сәуле қанаттылар – Actinopterygii
Отряд үсті: Сүйекті балықтар – Teleostei
Омыртқа желісі: Амфицельді сүйекті омыртқалардан тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бөлімінің жоғарғы доғасы қосылып, жұлын каналын құрайды, құйрық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.
Бас сүйегі: Алабұғаның бас сүйегінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондық танда біз ең алдымен жалпы сүйекті балықтардың бас сүйегінің құрылысына тоқталамыз. Сүйекті балықтардың бас сүйегінің едәуір бөлімдері сүйектер ден құралған. Бас сүйегі тері және шеміршек тектес сүйектерден пайда болады. Ми сауыты шеміршекті сүйектерден тұрады. Ми сауытының артқы бөлімі, қарақұс тесігін көмкере орналасқан төрт шүйде сүйектерінен тұрады. Қарақұс тесігінің төменгі жағында негізгі шүйде сүйегі, осы тесіктің екі бүйірінде, парлы бүйір сүйегі ал жоғары жағынан жоғарғы шүйде сүйегі қоршап жатады. Есту капсуласының маңында бас сүйегінің екі жағынан бес-бестен орналасқан құлақ сүйегі болады.
Көз маңайында дара сына тәрізді негізгі сүйек көз ұясының төменгі артқы бұрышын құрайды. Қос қанат сына тәрізді және көз сынасы тәрізді сүйектер бар. Бұл сүйектер көз қуысының жоғарғы артқы және орта бөлімдерін қалыптастырады.
Иіс бөлімін дара аралық иіс сүйегі және жұп бүйір иіс сүйектері құрайды. Сөйтіп шеміршек арқылы сүйектену ми сауытының артқы бүйір бөлімдерін аздапта болса оның астыңғы бөлімін құрайды. Ми қақпағын құрауға қатыспайды.

Сурет 26 – Сүйекті балықтардың бас сүйегінің құрылысы (шеміршекті сүйектер пунктирмен белгіленген):


1 — негізгі шүйде сүйегі; 2—бүйір шүйде сүйегі; 3 — жоғарғы шүйде сүйегі; 4 — құлақ сүйектері; 5 — негізгі сынатәрізді; 6—қанатсына тәрізді; 7 — көз сына тәрізді; 8—иіс аралық; 9 — бүйірлік иіс сүйектері; 10 — төбе; 11 — маңдай; 12 — мұрын; 13 — парасфеноид; 14 — өре сүйек; 15 —таңдай; 16 — шаршы; 17 — үш қанат тәрізді; 18— жақаралық; 19 — үстінгі жақ сүйектері; 20—жалғастыру сүйегі; 21 —тіс, 22-бұрыш; 23-гиомандибуляре; 24-симплектикум; 25-29-Ι-V желбезек доғалары; 30 гиоид.

Бас сүйегінің қақпақ жағы, оның бүйір астыңғы бөлімінің сүйектері тері тектес сүйектерден пайда болған. Бас сүйегінің қақпағының алдыңғы бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маңдай сүйектерінен және одан әрірек шүйде жағына таман жұп төбе сүйектерінен құралады. Оның төменгі жағында барлық бас сүйегінің түбін –парасфеноид және оның алдыңғы жағында жатқан өре сүйегі (сошник) құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет