1 Общие требования



бет40/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Қос мекенділердің маңызы.
Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділердің практикалық маңызы аз. Жалпы қарағанда қос мекенділер адамға пайдалы. Қос мекенділердің көпшілігі дерлік, ауыл және тоғай шаруашылықтарына зиянын тигізетін омыртқасыздарды: буын аяқтылармен, моллюскалармен қоректеніп, пайдасын тигізеді. Суда тіршілік ететіндері судағы қауіпті аурулар тарататын зиянкес насекомдардың личинкаларын жеп құртады. Мысалы, тритондар масалардың личинкаларымен қоректенеді, оның ішінде безгек ауруын тарататын масалардың личинкаларын құртады. Құйрықсыздардың көпшілігі түнге қарай, насекомдармен қоректенетін құстар қонақтап отырғанда қорегін аулайды. Сондықтан бұлар пайдалы болып есептеледі. Горький облысында жүргізген бақылауында Красновидов шөптесін бақасының бір тәулікте орта есеппен 7 зиянды жәндікті (насекомдар, олардың личинкаларын, бауыр аяқты моллюскалар) жейтіні, ал 6 айдың ішінде 1200 зиянкесті жойып жіберетінін байқаған.
Амфибилердің кейбір түрлері бағалы жыртқыштардың, әсіресе қара күзендердің, жанат тәрізді иттердің негізгі қорегі болып есептеледі. Бақалармен көптеген пайдалы құстар: үйректер мен тырналар т.б. қоректенеді. Үй құстарын (үйректерді) қоректендіру үшін итшабақтарды өсіру тәжірибесі жүргізіліп отыр. Кейбір елдерде бақаның және ірі саламандралардың етін тамаққа пайдаланады. Сонымен қатар бақаны көптеген ғылыми және оқу процесінде пайдаланады.
Қос мекенділердің аздап та болса зияны бар. Мысалы, балық өсіретін көлдерде жасыл бақалар балықтардың жеміне ортақ болады, балық шабақ тарын жеп зиянын тигізеді. Балық шабақтарының көп жиналған жерінен ұстап, асқазанын жарып көрген бақаның ішінен ұзындығы 10—12 миллиметр болатын 30— 40 балық шабағы шыққан.
Жұмыстың орындалу реті:
1.Тірі бақаны зертханалық жұмыс мақсаты үшін жансыздардыру және сою. Ішкі органдарының орналасу реттілігімен танысу.
Зертханалық жұмыс басталмастан 20-30 минут бұрын, тірі бақаны, алдын-ала даярланған таза, аузы полиэтилен қақпақпен тығыз жабылатын, сыйымдылығы 0,5-1 литр шамасындағы шыны банкаға салып, оның iшiнe эфир сіңірілген мақта салып, жансыздандырылады.
Зертханалық жұмыс кезінде қос мекенділердің құрылысымен толығырақ танысу үшін, құйрықсыздар отрядының кең таралған өкілі ретінде көл бақаны сойып, оның ішкі органдар жүйелерінің орналасу реттілігін қарастырамыз.
2.Жаңа жансыздандырылған бақаны, ішіне балауыз немесе парафин құ йып қатырылған кюветке құрсағы жоғары қаратылып салынады да аяқтары түзетіледі. Содан кейін пинцетпен терісін жоғары көтеріп құрсағының төменгі жағынан аналь тесігіне жақын жерінен қайшымен терісі аздап кесіледі.
3.Осы кесіндіге қайшының доғал ұшын кіргізіп, оны сәл жоғары көтере отырып ауыз тесігіне дейін кеседі. Тері астындағы етті бүлдірмеу қажет.
4.Алдыңғы аяқтарының тұсынан көлденең кесінді жасалады да, босаған тері ұштарын қайырып, түйрегішпен балауызға шаншылады.
5.Шамамен қарынның астыңғы жағынан етті пинцетпен жоғары көтеріп, оны аздап кеседі де,пайда болған тесіктен қайшының доғал ұшын кіргізіп, көтеріңкі бағытта ұстай отырып, кесіндіні ауыз қуысына дейін жүргізу қажет.
6.Босаған ет ұштарын пинцетпен ұстап сыртқа қарай кесіп алып тастаған жөн.
7.Осылайша сойылып ашылған бақаның ішкі құрылысынан, ретті орналасқан ас қорыту, тыныс алу, қан айналыс, зәр шығару және жыныс органдарын көруге болады.
Есеп:

  1. Ішкі, сыртқы құрылысының суреттерін салу

  1. Систематикасын тапсыру

  1. Экологиясын, маңызын тапсыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет