1 Общие требования



бет42/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Бас сүйек. Ми сауыты көпшілігінде өмір бойы шеміршекті күйінде қалады. Алғашқы ми сауытында мына төмендегі хондральды сүйектер дамыған. 1.Бас сүйегінің тек қана шүйде бөлімінде екі бүйір қарақұс сүйектері (exoccipitale), балықтардағы негізгі және жоғарғы шүйде бөліктерінің орнына жүретін жері шеміршек түрінде қалады. 2. Еcтy капсуласының маңайында бір кішкене құлақ сүйегі (prootim) қалыптасады да капсуланың көпшілік бөлімі шеміршек түрінде қалады. 3. Құйрықсыздардың көз ұясының алдыңғы бөлімінде иіс сына сүйек (sphenethmoideum) дамиды. Құйрықтыларда бұл сүйек екеу. Иіс капсуласы шеміршекті сипатын сақтайды.

Сурет 38 – Бақаның бас сүйегінің құрылысы:
І — үстінен қарағандағы; ІІ — астынан қарағандағы көрінісі: 1 — бүйірлік шүйде; 2 —маңдай-төбе; 3 — мұрын; 4 — жақаралық; 5 — құлақ алды; 6 — қабыршақты; 7 — парасфеноид (сол жақ бөлігі); 8 — өре сүйегі; 9—таңдай; 10 — қанат тәрізі; 11 — иіс сына тәрізі; 12 — жоғарғы жақ; 13— шаршы жақ; 14 — көз нервісінің шығатын тесігі; 15 — үшкіл нерві шығатын тесік.

Баста жамылғы сүйектер аз кездеседі. Басты үстіңгі жағынан төбе (pari etale) және маңдай (frontale) сүйектері қоршап жатады. Бұл сүйектер құйрық сыздарда жымдасып төбе-маңдай (prontopariolale) сүйектерін құрайды. Бұл ардың алдыңғы жағында мұрын (nasalc) сүйектері орналасады, олар аяқсыздарда жақ алды (praemaxillare) сүйектерімен бірігіп кетеді. Бас сүйегінің артқы екі бүйір жағына орналасқан бұдыр бетті қақ (squamosum) сүйектері болады. Бұлар әсіресе аяқсыздарда жақсы дамыған. Бас сүйегінің түп жағы екі сүйектен тұрады. Ол үлкен парасфеноид (parasphenoideum) деп аталатын сүйек және оның алдыңғы жағында жататын өре (vomer) сүйектен құралады.


Бас сүйегінің түп жағын құрауға висцеральдық сүйектер де қатысады. Бұл сүйектерге таңдай (palatinum) сүйегі мен қанат тәрізді (pterygoideum) сүйектер жатады. Таңдай сүйегі өре сүйекке, ал қанат тәрізді сүйектер бұдыр бетті қақ сүйектеріне келіп жалғасады.
Амфибилердің бас сүйегі — аутостикалық, анығырақ айтқанда, таңдай шаршы шеміршегі ми сауытымен жымдасып қосылып кеткен. Таңдай және қанат тәрізді сүйектер таңдай шаршы шеміршегінің астыңғы бетінде дамиды.
Сүйекті балықтардікі сияқты, жоғарғы жақ сүйектерінің қызметін жақ алды, немесе жақ аралық сүйектері мен жоғарғы жақ (maxillare) сүйектерінен құралған, сүйек доғасы атқарады. Төменгі жақ сүйектерінің қызметін мен меккел шеміршегі атқарады, оның сыртын тіс (dontale) және бұрыш (angula re) сүйектері қаптап тұрады.
Ми сауытының аутостикалық болуына байланысты тіл асты доғасы, жақ аппаратының ми сауытына бекінуіне қатыспайды.
Тіл асты доғасының үстіңгі элементі — гиомандибуляре кішкене үзеңгі (stapes) сүйекке айналған, ол балықтардікі сияқты өзінің жоғарғы ұшымен есі ту капсуласына тіреледі. Ортаңғы құлақтың қуысы пайда болуына байланысты, үзеңгі сүйек сол қуыстың ішінде қалып, есіту сүйекшесінің қызметін атқарады.
Тіл асты доғасының элементтері мен желбезек доғасының төменгі бөлімдері тіл асты пластинкасына және оның мүйізшелеріне айналады. Бұл пластинка төменгі жақтың тарамдарының аралығына орналасқан.
Сөйтіп, амфибилердің бас сүйектерін, сүйекті балықтардың көпшілігінің бас сүйектерімен салыстырғанда, төмендегідей айырмашылықтарды байқауға болады:1. Хондральдық және тері бетіндік сүйектердің нашар дамуы; 2. Оның аутостикалық түрде құрылуы; 3. Тіл асты және желбезек доғаларының өзгере келіп, оның бір бөлімі есіту сүйегіне және екінші бөлімі тіл асты аппаратына айналуы; 4. Желбезек қақпақшасының редукцияға ұшырауының нәтижесінде бас сүйегі, әсіресе оның висцериальдық бөлімі айтарлықтай өзгерген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет