1 Общие требования



бет48/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69
Қан айналым жүйесi. Көпшiлiк рептилилер жүрегi амфибилердiкi сияқты үш камералы болады, бiрақ жүрекшелерiнiң аралығындағы перделерi толық жетiледi де қарыншаларының арасындағы пердесi толық болмайды. Крокодилдерде бұл перде толық жетiлмегiндiктен қарыншаны толық екi бөлiкке бөлiп тұрады.
Жүрек қарыншасының әр жерiнен үш артерия кетедi. Оң қарыншадан өкпе қан тамыры шығады да бiраздан соң оң және сол өкпе артериясына бөлiнедi. Қарыншаның сол жақ бөлiмiнен ( iшiнде артериялық қаны бар) аортаның оң жақ шеңберi шығады. Одан ұйқы, бұғана асты артериялары кетедi. Ең соңында қарыншаның ортасынан қолқаның сол жақ шеңберi кетедi. Ол жүрекке қарай иiлiп, қолқаның оң жақ шеңберiмен қосылып, арқа қолқасын құрайды.
Қан тамырының осылай жiктелуi нәтижесiнде өкпе артерияларына тек қана вена қаны құйылады да оң жақтағы қолқа доғасына, сол сияқты күре тамыр және бұғана асты артерияларына – таза артериялық қан келедi. Тек қана сол жақ қолқа шеңберiне, арқа қолқасына аралас қан келедi, бiрақ оттегiне бай қан басым болады. Арқа қолқасы омыртқаның бойымен кетедi де, одан iшкi органдарға, еттерге қан тамыры таралады. Арқа қолқасы жамбас тұсына келгенде үлкен мықын артерияларына бөлiнiп, қанды артқы аяқтарға апарады.
Құйрық бөлiмiндегi вена қандары құйрық венасы жиналады, ол клоаканың маңына келгенде, екi жамбас венасына тарамдалады. Жамбас веналарына артқы аяқтардың веналары жалғасады. Одан кейiн бүйректiң қақпа венасын бөлiп шығарып, олар құрсақ венасымен қосылады. Құрсақ венасы iшкi органдарының көптеген веналарын қосып алып, бауырға енiп, бауырдың қақпа венасын құрайды.
Бүйректен шыққан веналардан артқы қуыс вена құралады. Артқы қуыс вена омыртқаның астыңғы бетiмен басқа қарай көтерiлiп, оң жүрекшеге келiп құяды. Артқы қуыс венасы- бауыр венасына да құйылады.
Бас бөлiмiндегi вена қандары қос яремдық венаға жиналады. Олар қос бұғана асты веналармен қосылып, алдыңғы бiр пар венаны құрап оң жақ жүрекшеге құяды. Сол жақ жүрекшеге өкпе веналарының қаны құйылады.

С урет 45 – Кесiрткенiң қан айналу схемасы:


1-бас венасы; 2-ұйқы артериясы; 3-шықшыт венасы; 4-ұйқы безi құйылысы; 5-қолқаның сол доғасы; 5-қолқаның оң доғасы; 6- өкпе артериясы; 7-өкпе; 8- төменгi қуыс вена; 9-арқа қолқасы; 10- омыртқа аралық артерия; 11-бауыр; 12-iшек артериясы; 13-бауырдың қақпа венасы; 14-тоқ iшек; 15-төменгi қуыс вена; 16-құрсақ венасы; 17-шажырқай артериясы; 18-сыртқы шажырқай артериясы; 19-алып кеткiш бүйрек венасы; 20-сол жамбас венасы; 21-сол жамбас артериясы; 22-бүйрек; 23-артқы аяқ артериясы; 24- артқы аяқ венасы; 25-құйрық артериясы; 26-құйрық венасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет