1 Общие требования



бет36/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
Тері жабындысы. Барлық қос мекенділердің терісін және оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немесе мүйізді қабыршақтары жоқ-жалаңаш болды. Эпидермисінде бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы факторлардың зиянды әсерінен сақтап тұрады. Бұдан басқа көптеген түрлерінің терісінде улы бездері болады. Оның қызметі қос мекенділерді жыртқыштардан қорғайды. Эпидермис қабаты толығынан бездерден тұрады, тек қана кейбір құрбақаның, эпидермисінің сыртқы бетін де аздап та болса мүйіздену байқалады.
Ет системасы. Балықтардың ет системасымен салыстырғанда қос мекенділердің ет системасының негізінен екі айырмашылығы бар. Ол айырмашылықтар қос мекенділердің бес саусақты аяқтарының көмегімен жер бетінде қозғалуына байланысты келіп шыққан. Біріншіден — алдыңғы, артқы аяқтарында күрделі және күшті еттер дамиды. Екіншіден — өте күрделі қозғалысына байланысты дене еттері бірсыпыра жіктелген. Ал балықтардың, еттеріндегі сегменттелу амфибилерде сақталмаған. Ет сегменттерінің метамерлі орналасуын құйрықсыздардың кеуде бөлімінің біраз жерінен көруге болады.Құйрықтылар мен аяқсыздарда ет системасындағы метамерлі орналасу айқын байқалады.
Ac қорыту органдары. Ауыз қуысы кеңейіп келіп жұтқыншақ қуысына жалғасады. Жұтқыншақ қуысы арт жағынан тарылып өңешке айналады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына хоандар, евстахиев түтіктері, көмекей саңылауы және осы қуысқа сілекей бездерінің жолдары да ашылады. Сілекей бездерінің шырыны қоректік заттарға химиялық әсер етпей, тамақ заттарын суландырып ішке қарай жылжуын оңайлатады. Ауыз-жұтқыншақ қуысының түп жағына тіл орналасқан. Тілінің формасы түрліше болады. Кейбір құйрықты қос мекенділерде ол қозғалмайтын болып бекіген. Екінші бір түрінде тілі саңырауқұлақ пішіндес болып, жіңішке сабақшанын, ұшына орналасқан. Бақалардың тілі аузының түбіне, алдыңғы ұшымен бекіген, ал оның бос ұшы жайшылықта ауыздың ішіне қарай иіліп жатады. Барлық қос мекенділердің тілінің үстіңгі бетінен, желім сияқты шырын шығып тұрады. Осы шырынның жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстап қорек етеді. Біраз ғана амфибилердің тілі болмайды.

Сурет 30 – Аналық бақаның ішкі органдарының орналасу реті:
1 — өңеш; 2 — қарын; 3, з', з" — бауыр; 4 ұйқы безі; 5 — ащы ішек; 6 — тоқ (тік) ішек; 7 — клоака; 8 — жүрек қарыншасы; 9 — сол жүрекше; 10 — оң жүрекше; 11 — оң ұйқы доғасы (артерия); 12 — аорта түбірі (сол); 13 — өкпе-тері доғасы (оң); 14 — артқы (төменгі) жартылай вена; 15 — құрсақ венасы; 16— өкпе; 17 —сол бүйрек 18 — оң жұмыртқа; 19 — сол жақ жұмыртқа жолы; 20 — жұмыртқа жолының аузы (воронка); 21 — қуық; 22 — өт; 23 — көк бауыр; 24 — алдыңғы жартылай вена (оң).

Тістері ұсақ біркелкі конус тәрізді, олардың ұштары ептеп артқа қарай иіліп тұрады. Тістері жақ аралык, үстіңгі жақ сүйектеріне, өре сүйегіне, ал кейбір түрлерінде төменгі жақ сүйегіне де орналасады. Кейбір түрлерінде, мысалы құрбақаларда жақ сүйектерінде тістері болмайды.


Қос мекенділердің ауыз-жұтқыншақ қуысындағы қоректік заттарының өңешке қарай жылжуына көз алмасы да көмектеседі. Өйткені көз алмасын ауыз-жұтқыншақ куысынан жұқа шырынды перде ғана бөліп тұрады және ол арнаулы ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде қоректік заттарды ауыз жұтқыншақтың ішіне қарай итереді.

Сурет 31 – Бақаның ашылған ауыз қуысы:
1 – тістері; 2 – тілі; 3 - өресүйегі өресүйекті тістерімен; 4 – хоаны; 5 – жұқа көз алмасы; 6 – евстахиев түтігінің саңылауы; 7 – жұтқыншақ.

Қ ысқа өңеш нашар бөлінген қарынмен жалғасады. Нағыз ішектері балықтардың ішектерінен ұзынырақ болады. Он екі елі ішектің иініне ұйқы безі (pan creus) жабысып жатады. Бауыры үлкен, оның өті болады. Өт түтігі он екі елі ішекке ашылады. Өт түтігіне, ұйқы безінің жолы да келіп ашылады. Ішектің екінші бөлімі аш ішектен айқын ажыратылмаған — тоқ ішек. Керісінше, үшінші бөлімі — тік ішек айқын ажыратылған, ол клоакаға ашылады.


Сурет 32 – Бақаның ас қорыту жолы.


1 - өңеш; 2 – қарын; 3 – он екі елі ішек; 4 – ащы ішек; 5 – тік ішек; 6 – клоака; 7 – тік ішектің клоакаға түсетін жері; 8 – қуық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет