1 Общие требования



бет20/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

2-отряд. Скаттар.
Бұлардың денесі арқасынан құрсағына қарай қысылып барып бітеді де, қанаттары өте жалпақ болып көкірек қанаттары бас бөлімімен жалғасып кетеді. Осының нәтижесінде желбезек саңылаулары мен танау тесіктері, басының құрсақ жағына орналасқан. Құйрық және арқа қанаттары кішкене болады. Скаттар — жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар. Акулалар мен скаттардың аралық формасы болып саналатын шеміршекті балықтардың барлығын жоғарыда келтіргенбіз, мысалы, ара түмсықтылар. Олардың ұзындығы 4—5 м болады. Олар Жерорта теңізінде, Атлантика және Үнді мүхиттарында, кездеседі. Көбінесе су түбіңдегі топырақтарды тұмсықтарымен қазып сондағы омыртқасыздармен, сол сияқты балықтармен де қоректенеді.
Кәдімгі скаттардың (rajidae) жалпақ денесі сүйірленіп барып бітеді. Құйрығы ұзын, жіңішке және кұйрық қанаттары айқын байқалмайды. Бізде Қара тенізде және Мурманск тұсында кездеседі. Бұлардың өкілдері, мысалы түкті скат (raja clavata) пен сәулелі скаттар (r.radiata) болып есептеледі.
Шанышқы құйрықты скатар (Trigonidae) тұқымдасының қанаттары дөңгелектеу болып, тұмсығымен жалғасып кеткен. Ұзын құйрығының үстіңгі жағында шанышқы сияқты органы болады. Жауынан қорғанғанда осы құйрығымен ұрып сақтанады. Бізде Азов және Қара теңіздерде кездеседі.
Электрлі скаттар (Torpedinidae) тұкымдасының денесі дөңгелектеу келеді, рострумы болмайды.Терісі жылтыр, біртегіс болады. Көкірек қанаттары мен басының арасында орналасқан электр қуатын шығаратын органдары болады. Бұлар электр қуатының күшімен өздерінен үлкен жануарларды жарақаттандыра алады. Олар негізінде оңтүстік теңіздерінде, солтүстікте Жерорта теңізіне дейін мекендейді.
Скаттар су түбіндегі омыртқасыздармен және ұсақ балықтармен қоректенеді. Ұрықтанған жұмыртқа салу арқылы, ал біраз түрі тірі туу арқылы көбейеді. Скаттардың етін тамаққа пайдаланады. Оларды арнайы ауламайды, бірақ су түбінде тіршілік ететін балықтарды аулағанда ауға олармен бірге ілінеді. Бауырында «Д» вигаминіне бай май болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет