1 Общие требования



бет21/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Жұмыстың орындалу реті:
1.Тікенекті акуланың таблицасын пайдаланып, сыртқы пішіні және құрылысымен танысыңыздар. Альбомдарыңызға тікенекті акуланың сыртқы құрылыстарының суреттерін салыңыздар.
2.Тікенекті акуланы ішкі органдар жүйесінің құрылысы, қызметі мен танысыңыздар.Альбомдарыңызға ішкі органдар жүйесінің суреттерін салыңыздар
Есеп:
1.Систематикасын тапсыру
2.Суреттерін салу
3.Шеміршекті балықтардың ерекшеліктерін, экологиясын тапсыру
Бақылау сұрқтары:
1.К.Ж.Т. балықтардың негізгі ерекшеліктері?
2.Шеміршекті балықтардың негізгі ерекшеліктері?
3.Акуланың сыртқы құрылысы?
4.Ас қорыту жүйесінің құрылсы?
5.Тыныс алу жүйесінің құрылысы?
6.Қан айналу жүйесі?
7.Нерв жүйесі?
8.Сезім мүшелері?
9.Зәр шығару жүйесі?
4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Шеміршекті балықтардың қаңқасы .
Мақсаты: Акуланың қаңқасын түсіндіру.
Қажетті құрал- жабдықтар: Акуланың бас қаңқасы, иық, жамбас белдеулері, омыртқа жотасының қаңқаларының таблицалары. Эпидоскоп.
Қысқаша теориялық мағлұматтар:
Систематикалық орны
Тип: Хордалылар-Chordata
Тип тармағы: Бас сүйектілер немесе омыртқалылар- Craniata немесе Vertebrata.
К.Ж.Т.: Балықтар- Pisces.
Класс: Шеміршекті балықтар-Chondrichthyes.
Класс тармағы: Тақта желбезектілер-Elasmobranchii.
Отряд: Акулалар- Selachoidei.
Өкілі: Тікенекті акула- Sgualus acаntias.
Көкірегі мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанаттары болады. Еркектерінің құрсағындағы қос қанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады, олар шағылыс органдарының қызметін атқарады.
Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады. Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омыртқаларын дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. Омыртқа денесі алдынғы, артқы жағынан да ойыстанады және қа тар жатқан омыртқалардың денесінің арасында пайда болған қуысында хорда сақталады (амфицельдік омыртқалар). Сонымен, қатар хорда әрбір омыртқа денесінің ортасындағы жіңішке тесіктің ішінде де сақталған.

Сурет 19 – Акуланың дене (А) және құйрық (Б) омыртқаларының құрылысы:
1 – омыртқа денесі; 2 – хорда қалдығы; 3 – жоғарғы доғалары; 4 – жоғарғы сүйекті өсінді; 5 – арқа-ми каналы; 6 – төменгі доғалары; 7 – төменгі сүйекті өсінді.

Омыртқаларға бекінген қабырғалар дене қуысын үстіңгі және бүйір жағынан қоршап тұрады.



Сурет 20 – Акуланың бас сүйегі:
1 — мұрын капсуласы; 2 — тұмсық өсіндісі (рострум); 3 — көз ұясы; 4 — шүйде капсуласы; 5 – таңдай шаршы шеміршегі; 6 — меккелев шеміршегі (төменгі жақ); 7 — ерін шеміршектері; 8 — гиомандибуляре; 9 — гиоид. 10 — желбезек доғалары.

Бас сүйегі — ми сауытынан, сезім органдарының капсуласынан және рострумнан құралған. Ми сауытының төбесі шеміршекпен қапталған. Демек, осы шеміршек ми сауытын тұтасынан жауып тұрмағандыктан оның алдыңғы жағы жарғақпен қапталған. Оны алдыңғы фонтанель деп атайды. Бірінші ауыз омыртқаның бас сүйегімен кірігуі салдарынан бас сүйегінің желке бөлімі пайда болады.


Бас сүйегінің алдыңғы бөлімінен тараған ұш шыбық тәрізді шеміршектерден рострум құралады. Желбезек, тіл асты және жақ доғаларынан висцералъдық скелеттің негізі құрылады. Аяқ скелеттері екі бөлімнен тұрады. Бірінші — аяқтарға тіреу болатын белдеу, екінші — бос төменгі бөлімінің скелеттері. Алдыңғы аяқтардың яғни көкірек қанаттарының белдеуі қалың ет қабатында жатады және ол қанаттарына тірек болады. Бұл белдеу бір ғана шеміршек доғасынан тұрады. Қанаттары бір жақ ұшымен белдеу бөліміне бекісе, ал екінші ұшы денесінің сыртында болады. Белдеу доғасының дөңес беті құрсақ жағына қарай бағытталған, демек, белдеу қаңқасы ет қабатына берік орналасқан. Бұл доғаның әрбір жартысының (оң, сол) орта жерінде дөңесі бар. Кеуде қанаттарының ішкі ұштары осыған келіп бекиді. Көрсетілген дөңестің үстіңгі бөлімін — жауырын, астыңғысын — каракоид деп атайды.
Алдыңғы қос қанатының скелеті үш бөлімнен тұрады, Қанатының түбінде үш шеміршек болады. Оның иық белдеуіне бекитін бөлімін — базалилар деп атайды. Базалилардың екінші ұшына шыбық тәрізді шеміршек радиалиялар бірнеше қатар болып орналасады. Радиалияларға ұзын және жіңішке, серпілімді тері тектес бір-біріне бірігіп жатқан жіпшелер тіркеседі.

Сурет 21 – Акуланың белдеулері мен жұп қанаттарының қаңқасы (аталығы) І иық белдеуі және жұп кеуде жүзу қанаттарының құрылысы:
1 — каракоид; 2— жауырын; 3,4, 5 — базалии; 6 — радиалии; 7-сәулелі шеміршектер, ІІ — жамбас белдеуі мен құрсақ жүзу қанатының құрылысы: 1 — жамбас; 2, 3,4 — базалии; 5 — радиалии; 6 — сәулелі шеміршектер

Артқы аяқ яғни құрсақ қанаттарының белдеуі клоаканың алдыңғы жағында денесіне көлденең орналасқан дара шеміршектен тұрады. Құрсақ қанатының скелетінде бір немесе екі базалиялар ғана болады. Олардың сыртқы жиектеріне радиалиялар орналасады.Дара қанаттардың скелеті радиалиялардан және серпілімді жіпшелерден құралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет