1 Общие требования



бет18/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Нерв системасы. Миы едәуір үлкен болады. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Нервтік заттар алдыңғы ми жарты шарларының түбінде ғана болып қоймай, оның бүйірінде және үстіңгі ми қабатында да болады.Сүйекті балықтардық құрылысы қаншама күрделі десек те олардың миының үстіңгі жағы эпидермиспен қапталғанын байқаймыз. Шеміршекті балықтардың миының үлкендігі,оның нерв клеткаларынан құралатын сүр түсті қапшықпен капталуынан болады. Миынан 11 жұп нерв тар айтындығы және олардың бөлімдерінің қалыптасу тәртібі жоғары дәрежеде дамыған омыртқалылардікі сияқты. Сүйекті балықтардың миынан 10 нерв тарайды, ал дөңгелек ауыздыларда ми бөлімдері жақсы жетілмеген, әрі орналасуы да қарапайым болады.

Сурет 17 – Акуланың бас миы:
1-алдыңғы миы; 2-иіс доғасы; 3-аралық ми; 4-эпифиз; 5-ортаңғы ми; 6-мишық; 7-сопақша ми; 8-ромба тәрізді шұңқыр; Рим цифрменен бас нервтері белгіленген.

Аралық миының үстінгі жағына эпифиз орналасқан. Аралық мидың төменгі жағында көрініп түрған екі дөңесі бар. Олардың аралығына воронка орналасқан. Воронканың арт жағына гипофиз бекиді. Ортаңғы миы жақсы жетілген, мишығы үлкен болады. Шеміршекті балықтардың алдыңғы миы екі қарыншаққа жіктелмеген. Бұл белгісі шеміршекті балықтардың төменгі сатыдағы омыртқалылар екендігін дәлелдейді.


Сезім органдары. Шеміршекті балыктардың тұйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Көзінің өзіндік ерекшелігін аңғару қиын емес. Өйткені, көзінің қасаң қабығы (роговица) жалпақ, ал хрусталигі шар тәрізді. Жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды. Бұлардың бір-аз ғана түрлерінде көз — алмасын төменгі ішкі жиегінен жоғары қарай тартып, көзін ашып және жабатын ымдау жарғағы болады.Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады. Бүйір сызығы айқын байқалады.
Зәр шығару органының қызметін — мезонефрос деп аталатын алғашкы бүйрек аткарады. Бүйректерден шыкқан зәр заты қос вольфов қаналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады.Бұлардың көпшілігінде аналық жыныс бездері жұп болады.
Жұп жұмыртқа жолдары аналық бездерімен жалғаспай-ақ дене қуысындағы соларға жақынырақ маңайға ашылады. Жыныс жолдарының жоғарғы бөліміне қауыз бездері орналасқан. Ұрғашыларының зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады.

Сурет 18 – Акуланың жұмыртқасы

Бір пар аталық безі бүйрек каналдарымен және оның алдыңғы бөлімі мен байланысқан. Бұл каналшалар бүйрек заттарынан өтіп, вольфов каналына барып құйылады. Вольфов каналшалары еркек балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқарады. Вольфов каналшалары клоакаға ашылатын зәр-жыныс куысына келіп кұйылады. Бүйректердің арткы бөлімдері зәр шығару органының қызметін атқарады да, ал алдыңғы бөлімі аталық жыныс бездерінің қосалқысы (сағағы) болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет