Ас қорыту жүйесi. Құстардың тiсi болмайды. Тiстiң қызметiн қоректерiн қармап ұстауға көмектесетiн, сырты мүйiздi затпен қапталған қатты тұмсық атқарады. Құстардың ауыз қуысының түп жағында тiлi бекидi. Оның формасы алуан түрлi болып келедi. Мысалы, жыртқыш құстардың тiлi-еттi, жалпақ, тоқылдақтардың тiлi өте ұзын, жiңiшке болады. Сiлекей бездерi түрлi құстарда түрлiше дамыған.
Сурет 52 – Көгершіннің ас қорыту жүйесі
Көгершiннiң өңешiнде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын (қуыс) жемсау болады. Көгершiндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының iшкi қабатынан “сүт” деп аталатын майлы бөртпе тәрiздi зат шығарады, онымен балапандарын қоректендiредi.
Өңеш, қабырғасы жұқа бездi қарынға барып жалғасады. Бездi қарынның iшiнде қоректiк заттарды қорытатын ас қорыту шырыны болады. Бұл ас қорыту шырынын қарын бездерi жасап шығарады. Бездi қарыннан қоректiк заттар, қабырғасы қалың еттi қарынға барып түседi. Бұл қарынның iшкi бетi мүйiздi қабыршақпен қапталған. Еттi қарында қоректiк iрi заттар үгiледi. lрi қоректiк заттарды үгуге, бiрiншiден еттi қарынның қабыршағы себепшi болса, екiншiден құстың жұтқан ұсақ тастарынынң да әсерi тиедi. Құстардың ащы iшегi едәуiр ұзын болады. Он екi елi iшектiң иiнiнде ұйқы безi орналасқан. Тоқ iшек пен тiк iшектiң аралығы жiктелмеген, оларды бiр-бiрiнен ажырату қиын.Бауыры үлкен және екi бөлiмнен құралады. Өт көпшiлiк құстарда болады, көгершiндерде өт болмайды
Тыныс жүйесi: Құстардың өкпесi амфибилердiң және кейбiр рептилердiң өкпесi сияқты қуыс қапшық емес, тығыз көпiршiктi дене тәрiздi болып, көкiрек қуысының арқа жақ қабырғасына бекидi. Тыныс жолы танау тесiгiнен басталады. Көмекей саңлауы кеңiрдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлiмiн көмекей деп атайды. Көмекей бiр оймақ тәрiздi және екi ожау тәрiздi шемiршектен тұрады. Жоғарғы көмекейдiң дыбыс шығаруға қатысы жоқ. Дыбыс шығару қызметiн төменгi көмекей атқарады.
Қан айналу жүйесi. Жүрегi төрт бөлiмнен тұрады. Оның жоғарғы екеуi жүрекше, төменгi екеуi қарынша. Өкпеде тотыққан қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге, одан сол қарыншаға құйылады. Сол қарыншадан жалғыз оң жақ қолқа шығып, өз тарапынан екi атсыз артерияға тарамдалады. Ал қолқаның негiзгi бөлiмi оң жақтағы бронхыны айналып, дененiң арқа бөлiмiне қарай созылып барып, одан iшкi ағзалардағы артерияларға тарамдалады да омыртқа жотасының астыңғы жағын қуалап отырып, арқа қолқасына айналады. Сегiз көз тұсына барғанда арқа қолқасынан сан және шат қос артериялары тарамдалып шығады да, қолқаның өзi кiшкене құйрық артериясына айналады және ол құйрықтың ұшына барып бiтедi. Диаметрi қолқадан кеңiрек болып келетiн, өте үлкен атсыз артериялар, бас бөлiмiне қан апарушы-ұйқы артериясына (күре тамыр) алдыңғы аяқтарына (қанатына) баратын бұғана асты артериясына және өте үлкен кеуде еттерiне баратын көкiрек артериясына тарайды. Жүректiң оң жақ қарыншасынан бiр ғана сабақпен басталатын қолқа келешекте екi өкпе артериясына тарамдалады.
Құйрық венасы екi бүйрек қақпа веналарына жiктеледi. Бiрақ бүйрек қақпа жүйесiнiң капилярына қанның барлығы тұтас енбейдi.
Құстарда артерия және вена қан тамырларының өз алдына жiктелуiнiң нәтижесiнде барлық органдары артерия қанымен қамтамасыз етiлiп отырады. Осы жағдайға сәйкес және қан ағысының жылдамдығына, ал онымен бiрге зат алмасуының жеделдiгiне байланысты құстардың денесiнiң температурасы жоғары болады(420С)
Сурет 53 – Көгершiннiң қан айналу жүйесі:
1-шықшыт венасы; 2-күре тамыр; 3-бұғана асты венасы; 4-иық венасы; 5-өкпе веналары; 6-иық артериясы; 7-iшкi органдарға қан әкелгiш артерия; 8-құрсақ қолқасы; 9-бүйрек артериясы; 10-шонданай артериясы; 11-бүйрек артериясы; 12-мықын артериясы; 13-мықын венасы; 14-ортаңғы құйыршық артериясы; 15-құйрық венасы; 16-пуденда венасы; 17-құйыршық-шажырқай венасы; 18-төменгi қуыс венасы; 19-шарбы венасы; 20-қақпа венасы; 21-бауырдың қақпа системасы; 22-оң жақ венасы; 23-сол жақ венасы; 24-төменгi қуыс вена; 25—өкпе артериясы; 26-кеңiрдек венасы; 27-көкiрек венасы; 28-жоғарғы қуыс вена; 29-бұғана асты артерия.
Достарыңызбен бөлісу: |