Жұмыстың жүру реті: lшкi құрылысын сойып көру.Союға алынған аңды ваннаға шалқасынана жатқызамыз. құрсақ бөлiмiндегi терiсiн пинцет арқылы тартып тұрып, абайлап, құрсақ бұлшық етiне тимейтiндеi етiп кесемiз. Дененiң ортасынан терiнi жоғары қарай иегiне дейiн, төмен аналь тесiгiне дейiн кесу керек. Одан соң кесiлген жерiнен терiнi бүйiрiне дейiн оңға және солға қарай қарай ажыратамыз. Сүтқоректiлердiң терiсi оңай сыдырылады, оны скальпельдiң тұтқасы арқылы жүзеге асыруға болады. Аңдарға тән белгiлердiң бiрi - терi астындағы май қабатына назар аударыңыздар. Жыныстық жағынан жетiлген аналықтарының сүт бездерi анық көрiнедi. Бұлшық еттерi ашылған соң, оны пинцетпен тартып тұрып кесемiз. Пайда болған тесiкке қайшының доғал ұшын салып, алға және артқа қарай құрсақ бөлiмiнен кесемiз. Осы кезде диафрагманы немесе кеуде мен құрсақты бөлiп тұратын көк еттi көремiз. Кеуде бөлiмiндегi iшкi органдар көкiрек қуысымен қоршалған. Оларды көру үшiн, дененiң бүйiр жағынан қабырғаларын және иық белдеуiн кесiп көкiрек қуысын ашамыз. Бұл кезде жүректi және өкпенi бүлдiрiп алмау керек.
Құрсақ бөлiмiнiң органдарын үстiнгi жағынан құрсақ бұлшық етi жауып тұрады.Оны оңай кесiп бiр шетке қайырып қоюға болады.
Есеп: 1.Систематикасын тапсыру
2.Ішкі құрылысының суреттерін салу
3.Сүтқоректілердің биологиясын тапсыру
Бақылау сұрақтары. 1. Сүтқоректiлерге тән прогресивтi белгiлер.
2. Тiршiлiк ету ортасына қарай сүтқоректiлердiң жiктелуi.
3. Сүтқоректiлердiң терi жабындысының құрылысы.
4. Сүтқоректiлердiң терiсiндегi бездерi және олардың қызметi.
5. Сүтқоректiлерге тән мүйiздену белгiлерi.
№14 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Cүтқоректілердің қаңқасы.
Мақсаты: Сүтқоректiлердiң қаңқа құрылысымен танысу.
Қажетті құрал- жабдықтар: Жаңадан өлтiрiлген көртышқан, үй қояны немесе теңiз шошқасы.
Сүтқоректілердің қаңқасы.
Кестелер: Сүтқоректілердің бас сүйегі, омыртқа жотасы, иық, жамбас белдеулері