Қысқаша теориялық мағлұматтар:
Систематикалық орны:
Тип Хордалылар – Chordat
Тип тармағы Омыртқалылар – Vertebrata
Класс үстi: құрылық омыртқалылары- Tetrapoda
Класс: Сүтқоректiлер – Mammalia
Сыртқы пiшiнi. Сүтқоректiлердiң денесi басқа, мойынға, денеге, құйрық қа және екi жұп аяқтарға жiктелген. Басында сыртқы құлақтары бар, ол тек сүтқоректiлерде ғана кездеседi. Сыртқы құлақ қалқаны дыбысты жақсы қабылдауға көмектеседi.
Көздерi жақсы жетiлген. Көзiн жоғарғы және төменгi кiрпiктерi бар қабақ қоршаған. Тұмсықтары жалаңаш, шырышты және қозғалмалы болып келген, екi танау тесiгi бар.
Сүтқоректiлердiң мойны анық көрiнедi. Аяқтары бес саусақты. Кей бiреуiнiң аяқтары бестен артық (көртышқан) болса, кейбiреуiнiңкi кем (жылқы) болады.
Сүтқоректiлердiң денесi түкпен жабылған. Басында, аузының және көзiнiң айналасында ұзын түктерi- өсiндiлерi болады. Олар сезiм қызметiн ат қарады.Сүтқоректiлердiң көпшiлiгiнiң сыртқы құрылысына қарап, аңның жы нысын анықтауға болады. Ересек аталықтың аталық ұрығы денесiнiң сыр тында, артқы жағына қарай орналасқан. Ал ересек аналықтың, әсiресе емiзетiн не жүктi болса сүт бездерi анық көрiнедi.
Сыртқы жабыны: Сүт қоректiлердiң түрлi ортада тiршiлiк етуiне байла нысты терi жамылғысының құрылысы басқа омыртқалылармен салыстырғанда анағұрлым күрделi болады. Омыртқалылардың терi жамылғысы сыртқы эпидермистен, оның астындағы қабаты-кутистен немесе нағыз терiден тұрады.
Сурет 59 – 1-уақытысымен түлеп тұратын,сыртқы мүйiздi эпидермс қабаты; 2-май жасушалары бар эпидермстiң терең қабаты(мальпигиев қабаты); 3-негiзгi терi(кутис); 4-шаш; 5-тер безi; 6-оның ағу жолы; 7-тұзды без; 8-шаш бұлшықетi; 9-терiнiң жалғастырушы талшықтары; 10-қан тамыры; 11-шаш түбiндегi емiзiкше.
Эпидермис өз тарапынан екi қабаттан тұрады. Бiрiншi – төменгi қабаты – мальпигиев немесе өсу қабаты деп атайды. Ол қабаттың клеткалары цилиндр немесе кубик тәрiздi болады. Бұл қабаттың үстi жалпақтау келген клеткалардан тұрады. Олар бiртiндеп iшкi қуысына кератогиалиннiң толуына байланысты мүйiзденген өлi клеткаларға айналады. Бұл қабаттың үстiңгi клеткалары бiртiндеп қайызғақ түрiнде немесе кесек қабат түрiнде түлеп түсiп отырады. Сүт қоректiлердiң - түгi, тырнақтары, тұяқтары, мүйiздерi (бұғыдан бас қаларында), қабыршақтары және түрлi терi бездерi осы эпидермис қабатынан пайда болады.
Сүтқоректiлерде терiнiң кутис қабаты өте жақсы жетiлген. Кутис талшықты дәнекер тканьдерiнен қалыптасады. Кутистiң астыңғы қабатының iшкi бетi жұмсақ талшықты тканьдерден тұрады, оған май жиналады.
Сурет 60 –Ұрғашы кроликтiң iшкi оргндарының орналасуы:
1-қалқан безi; 2-өңеш; 3-қарын; 4-бауыр; 5-ұйқы безi 51-ұйқы безiнiң жолы; 6-бүйен; 7-оның құрт тәрiздi өсiндiсi; 8-артқы тесiк; 9-жүректiң сол қарыншасы; 10-жүректiң оң қарыншасы; 11-сол жүрекше; 12-оң жүрекше; 17-тоқ iшек; 18-артқы қуыс вена; 19-қолқа; 20-сол өкпе; 21-бүйрек; 22-бүйрек үстi безi; 23-несеп жолы; 24-қуық; 25-жұмыртқа жолы; 26-жұмыртқа жолы; 27-талақ; 28-кеңiрдек; 30-өт жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |