Зәр шығару органдары. Сүтқоректiлердiң де бүйрегi мықын бүйрегi деп аталады. Дене бүйрегi тек эмбриональдық даму кезiнде болады. Сүтқоректiлердiң метонефрикалық бүйрегi бұршақ пiшiндi дене. Көпшiлiгiнiң бүйрегiнiң бетi тегiс, күйiс қайыратындардың және мысықтардың бүйректерiнiң сырты бұдыр болады.
Бүйректi жарып қарасақ-сыртқы қыртыс қабатын, iшкi ми тәрiздi жұмсақ жолақты қабаттан тұратынын байқауға болады. Сыртқы қыртыс қабатында iшiнде қан тамырының түйiнi бар, иiрiмдi каналдар болады. Қан тамыры бар түйiндерде сүзу процесi жүзеге асып, бүйрек каналшаларында қан плазмасы сүзiлiп- алғашқы несеп пайда болады.
Бүйректiң iшкi ми тәрiздi қабатында тiкелей несеп жинаушы каналдар жатады, бұл каналдар топтанып және одан әрi қарай созылып келiп бүйрек түбегiнiң iшiндегi емiзiкшелердiң ұштарына ашылады. Бүйрек түбегiнен несеп түтiгi шығып, ол қуыққа келiп ашылады. Қуықтан несеп арнаулы несеп каналы арқылы сыртқа шығады.
Зәр шығару қызметiн аздап та болса терi безi атқарады, ол арқылы тұздың, мочевинаның ерiтiндiсi бөлiнедi.
Сурет 62 – Сүтқоректілердің зәр шығару және жыныс бездері.
1-тұқым, 2. тұқым бүрі, 3. тұқым жолдары 4. тұқым көпіршігі 5. престальды без қуық, 6. қуық түтігі 7. бүйрек қапшығы 8. шап түтігі тұқым, 9. безі фаллопиев түтігі,
10. жатыр 11. қынап.
Көбею органдары.Сүтқоректiлердiң аталық жыныс бездерiнiң пiшiнi сопақша болады. Көптеген сүтқоректiлердiң аталық жыныс безi алғаш дене қуы сында боады да, есейген кезде төмен түсiп, шап бөлiмiнде сыртқа шығып тұратын ен қалтасының iшiне орналасады. Ен қалтасы дене қуысы мен шаптағы арнаулы екi шап каналы арқылы қатысады. Аталық жыныс безiнде тұрқы бойына беттесе орналасқан ен сағағы болады. Ен сағағы аталық жыныс безiнiң өнiмiн сыртқа шығаратын көптеген иректелген каналдардан тұрады. Ен сағағынан, вольфов каналының гомологы-қос тұқым жолы шығады. Ол шағылыс мүшесiнiң түп жағынан келiп несеп шығаратын, немесе тұқым шығаратын каналмен жалғасады.
Шағылыс мүшесiнiң түп жағында бiр пар без болады. Бұны предстальдiк без деп атайды. Бұл бездiң жолы да тұқым-несеп каналының ұшына ашылады. Шағылыс мүшесiнiң төменгi жағына тұқым –несеп каналы орналасады.
Жұп аналық жыныс безi дене қуысының арқа жағында құрсақ қуысының шарбысына бекiп тұрады. Бiр пар жұмыртқа жолының алдыңғы ұшы, аналық жыныс бездерiнiң маңынан келiп ашылады. Жұмыртқа жолы ары қарай кеңейiп жатынға айналады. Жатын қынапқа ашылады. Қынап қысқа жыныс-несеп каналына айналады.