1 Общие требования



бет63/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Тыныс органдары. Жұтқыншақ астына көмекей орналасқан. Көмекей бiрнеше шемiршектерден тұрады. Көмекейдiң төменгi жағында сақина сияқ ты оймақ тәрiздi шемiршек болады. Ал, алдыңғы және бүйiр жағынан тек қана сүтқоректiлерге тән қалқан тәрiздi шемiршек қоршап тұрады. Оймақ тәрiздi шемiршектiң үстiңгi көмекейдiң арқа жағында бiр пар ожау тәрiздi шемiршек болады. Трахеялар мен бронхалар өте жақсы жетiлген бронхалар өкпенiң iшiнде көптеген ұсақ тарамдарға бөлiнедi. Ең ұсақ тарамдарын бронхиолдар деп атайды. Бронхиолдар кiшкене альевеолдар деп аталатын көпiршiктермен аяқталады. Бұл ұяшықтарға қан тамырларының ұшы келедi. Сүтқоректiлердiң тыныс алуына және шығаруына қабырға аралық еттер мен көк еттiң үлкен әсерi бар.

Сурет 61 –Сүтқоректілердің қан айналу жүйесі.
1. сыртқы ұйқы артериясы, 2. ішкі ұйқы артериясы, 3. тіл асты артериясы, 4. қолқа доғасы, 5. өкпе артериясы, 6. сол жақ жүрекше, 7. оң жақ жүрекше, 8. сол жақ қарынша, 9. оң жақ қарынша, 10. арқа қалқаны, 11. ішкі артерия бүйрек артериясы. 13. шажырқай артериясы, 14. яремді вена, 15. бұғана венасы, 16. сол жақ жұпсыз вена, 17. оң жақ жұпсыз вена, 18. артқы жыныс венасы, 18. бауыр венасы , 19. бауырдың қақпа венасы , 20 бауыр, 21. бүйрек, 22. мықын венасы


Қан айналу жүйесi. Сүтқоректiлердiң сол жақ қарыншадан шығарған бiр ғана сол жақ қолқа доғасы болады. Қолқадан кететiн басты артериялық тамырлар түрлiше бағытта тарайды. Қолқадан кететiн қысқы атсыз артерия оң бұғана асты артериясына ашылады, оң және сол ұйқы артерияларына тарамданады. Сол жақ бұғана асты артериясы қолқа доғасынан кетедi. Кейде сол жақ ұйқы артериясы атсыз артериядан шықпай қолқа доғасынан шығады. Арқа қолқасы омыртқа жотасының астыңғы жағында жатады да одан еттерге және iшкi органдарға көптеген қан тамырлары кетедi.
Вена жүйесiндегi ерекшелiктер: 1-бүйректiң қақпа қан айналысы болмайды; 2-сол жақтағы алдыңғы қуыс вена кей түрлерiнде жүрекке өзiнше барып құяды; 3-кардиналдық веналардың дара веналары болады; 4- көптеген түрлерінде оң жақ дара вена өз бетiнше алдыңғы қуыс венаға құйылады, ал сол жақ дара вена қуыс венамен байланысын үзедi де көлденең вена арқылы оң жақ дара венаға барып құйылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет