1 Оқыту әдісі, тәсілі, құралдары туралы түсінік


Оқыту әдістеріне сипаттама



бет2/5
Дата15.12.2022
өлшемі103,5 Kb.
#57438
1   2   3   4   5
2 Оқыту әдістеріне сипаттама
Тәжірибеде негізгі үш білім көздеріне қарай - сөз, көрнекілік, іс-әрекет (практика) деп әдістерді топтастыру кең тараған: сөздік әдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі әдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) және іс - әрекеттік әдістер (білім және ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).
Кесте № Әдістерді білім көздеріне қарай жіктеу:

 Сөздік әдістер

Көрнекілік әдістер

Іс – тәжірибелік әдістер

Әңгімелесу

Демонстрация

Зертханалық әдіс

Әңгіме

Иллюстрация

Графикалық жұмыстар

Түсіндіру

Бақылау

Жаттығу

Сұқбат

және т.б.

және т.б.

Дәрісбаян



Дискуссия



Кітаппен жұмыс



Оқу әдістері жүйесінде басты орын сөздік әдістерге беріледі.
Әңгіме – оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баяндау формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу әдісі. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін іске асыруға бағытталады: жаңа білімді хабарлау, бекіту мақсатында әңгіме, өткенді жаңамен байланыстыру, қайталау, қорытындылау, тексеруде қолданылатын әңгіме.
Әңгімелесу – мұғалім мен оқукшының арасында жаңа білімді хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылыған сұрақ – жауап әдісі. Әңгімелесуде баяндау, талқылау, қорытынды жасау әдістері қолданылады. Сұрақ – жауапты ұйымдастыруда мұғалім сұрақтарды дәл, жинақы, оқушының ойын айтуға, дамытуға бағытталған болуы керек.
Түсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мәнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дәлелдеп, оқушы санасына енгізу әдісі. Түсіндіру әдісінің мақсаты: заииардың елеулі белгілерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқалау. Оқу материалын түсіндіруде әрқашанда пайымдау, дәләдеу, ойм қорыту көп болады. Түсіндіру әдісі – оқушының алдына жаңа мәселені айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығады.
Сұхбат – оқудың диалогтық әдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.
Дәрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дәрісбаянның басқа сөздік әдістерден өзгешелігі – қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мәнін ашу жүйелікке негізделеді.
Дәрісбаян ғылыми-көпшілік және академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дәрісбаяндары қолданылады.
Қазіргі кезеңде дәрісбаян әдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тәсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.
Оқу сөз-жарысы (дискуссия) әдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми –теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз –жарысының басты қызметі – шәкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.
Сөз жарыс жәрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді.
Кітаппен (оқулықпен) жұмыс – кітап оқу сөздік әдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.
Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:
- конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;
- тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;
- реферат құрастыру – тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;
- мәтін жоспарын жасау мәтінді бөлімдерге келтіріп, әрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;
- сілтемелер беру (цитирование)- мәтіннен өзгертілместен бөліп алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: әдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын, баспа орыны мен атын, жария жылын, бетін дәл келтіру;
- түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның мәнді тараптарын жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба);
- пікір беру (рецензирование)- оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазба баян.
- анықтама (справка) түзу –ізденіс нәтижесінде жинақталған ақпарат бойынша мәлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық дерек, сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық және т.б.
- формальды –қисынды модель жасау - оқылғанды сөз-сүлбе (схема) күйінде жеткізу;
- тақырыптық тезаурус құрастыру - тақырып, бөлім не түгелдей пән бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық тізімін жасау;
- идеялар матрицасын жасау - біртекті заттар, құбылыстар жөнінде келтірілген түрлі авторлар еңбектеріндегі салыстырмалы сипаттамаларда кесте формасына келтіру;
- пиктографиялық жазба –сөзсіз бейнелеу.
Білім көзіне орай топтастырудың және бір реті - бұл көрнекілік әдістер. Көрнекі әдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тәуелді. Бұлардың бәрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік және практикалық әдістермен бірге пайдаланылады.
Демонстарция әдісі тәжірибелерді, приборларды, препараттарды, табиғи объектілерді, кинофильмді пайдалану үшін оны алдын-ала қарап, қандай мәселелерді фрагменттерді бөліп, оқушыларға түсіндіру керектігігін анықтау қажет. Сабақ соңында фильм бойынша қорытынды әңгіме жасалады. Демонгстрация әдісі, әсіресе, физика, химия, биология сабақтарында түрлі приборларды, табиғи объектілепді қолдану барысында қолданылады.
Иллюстрация - әдісін иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, сызбалар, модельдер т.б.) көрсетуге қолданады. Сабақта иллюстаривті материалдарды көп қолдану оқушының назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкелуі мүмкін. Сондықтан көрнекі құралдарды қолдануда дидактикалық қолдансынан және таным процесінде олардың ролін алдын-ала жақсылап ойласытырып алған жөн.
Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалім тапсырмасы бойынша өз бетімен бақылау жұмысын жасау түрі. Бақылау жұмысы химия, биология пәндерінен, мектептің оқу тәжірибелік учаскелерінде еңбек, ботаника пәндерінен берілген тапсырмалар бойынша жүргізіледі. Бақылау мәліметтерінен оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нәтижесі сабақта талқыланады. Түрлері: демеонстрациялы бақылау, экскурсиялы бақылау, лаборториялық, техникалық, оқөушылардың өздігінен дербес бақылауы.
Бақылауды өткізудің әдістемелік талаптары:
1.Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп немесе әр түрлі қасиетерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зертеуге бағыт беруі тиіс. Ол сондай-ақ ойлау әректімен тығыз байланысты болуы керек.
2. Мұғалім бақылауда оқушыларға анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сипатындағы ойлау процестерін қолдануға басшылық жасауы тиіс.
3. Мұғалім бақылауды ұйымдастыру үшін алдымен бақылау мақсатын, бақылау затының көлемін немесе мөлшерін анықтап, жоспарын жасап беруі тиіс.
Бақылау әдісі оқушының байқағыштығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет