1 Оқыту әдісі, тәсілі, құралдары туралы түсінік


Оқыту әдістерін шәкірттердің танымдық әрекеттеріне орай топтастыруда төмендегідей әдістер көрсетіледі



бет4/5
Дата15.12.2022
өлшемі103,5 Kb.
#57438
1   2   3   4   5
Оқыту әдістерін шәкірттердің танымдық әрекеттеріне орай топтастыруда төмендегідей әдістер көрсетіледі: түсіндірме көрнекілік, репродуктивті, проблемді оқыту әдісі, эвристикалық зерттеу әдісі. Төменде олардың сипаттамасы берілген:
Түсіндірме – көрнекілік әдістің мәні – оқытушы әрқилы құрал-жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді және есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда әсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну әдісі әрдайым тиімді бола бермейді.
Репродуктивті әдісте оқытушы ақпаратты дайын күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік талап етілмейді.
Қайта жасау әдісінің, ақпараттық іштей түйсіну әдісіндегідей басты тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл әдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы көп қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл әдіс те оқушылардың ой белсенділігін көтеруде өзінің тиімсіздігімен байқалады.
Проблемді оқу әдісі - оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-әрекетке өту құралы ретінде танылады. Бұл әдістің мәні – оқытушы мәселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді. Оқушылар дайын білімдерді, қорытындыларды тек қана түсініп, есте қалдырумен шектеліп қалмай, дәлелдер қисынына, ой пайымдау тәсіліне бақылау қояды. Мұндай әдісті қолдану барысында оқушылар таным процесінің тікелей қатысушысы болмағанымен, мұғалімнің ой топшылауларына зер сала отырып, өздеріде проблема шешуге үйреніп барады.
Танымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны – бұл эвристикалық әдісі. Бұл әдіске байланысты оқушылар күрделі оқу проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады.
Оқытушы мұндайда оқушының ізденіс әрекетіндегі әр қадамына назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді.
Оқытудың зерттеу әдісі – оқушының білім игерудегі шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл әдісті қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың мән-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген білім, ептілік және дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру.
Бұл әдістің бір кемшілігі – көп уақыт жұмсауды талап етеді.
Жоғарыда аталған дәстүрлі әдістерінің бәрі оқушының таңдау, есте қалдыру, мұғалімнің айтқанын қайталау әрекеттерін дамытуға бағытталып, шын мәніндегі шығармашыл еңбек, белсенді таным мүмкіндіктерін өрбітуде тиімсіздік танытады. Бұл кемшілікті белсенді және жедел әдістермен толықтыруға болады. Оқытудың белсенді әдістері – оқушы іс-әрекетіне өнімділік, шығармашыл- жасампаздық және ізденісті - зерттеу сипатын беретін әдістер тобы. Оқу танымдық процесте шәкірт белсенділігін көтеруге дидактикалық ойындар, нақты ситуатцияларды талдау, іскерлік ойындар, проблемді мәселелерді шешу, алгоритм бойынша оқу, ақыл шабуылы (“мазговая атака”), жеке ұғымдармен жұмыс істеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет