Оқудың практикалық әдістері - оқушының іс-әрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тәжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық және тәжірибелік әдістері бірігеді.
Жаттығулар – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу әрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мәрте қайталаумен орындау.
Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық және оқу-еңбектік болып ажыралады.
Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мәдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.
Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту және олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.
Оқу-еңбектік жаттығулар ерекше әдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нәтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек іс-әрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады.
Оқушылардың өзіндік әрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие.
Оқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мәні – оқушы орындап жатқан әрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.
Лабораториялық жұмыстар әдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тәжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл әдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік және дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады. Лабаратоиялық әдістің тәсілдері:
- лабараториялық сабақтың тақырыбы мен міндеттерін анықтау;
- сабақты өткізу тәртібін түсіндіру;
- сабақ нәтижесін жинақтап өорыту; сабақ нәтижесін талдау.
Лабараториялық жұмыстардың түрлері: бақылау, тәжірибе, эксперименттік есептер шығару, өлшеу жұмыстары т.б.
Практикалық жұмыстар. Бұл әдіс оқушылардың түрлі сі- әрекеттерінде қолданылады. Ол мектептің шеберханасында, оқу – тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында, оқу- өндірістік комбтнаттарда өткізіледі. Практикалық сабақтарда ЭЕМ, компьютер арқылы түрлі тапсырмаларды орындайды.
Графикалық жұмыстар - оқушылардың графикалық бейнелеу техникасымен сызу, сурет сабақтарында танысады. Оған кесте құру, диаграмма құру, сызбалар, сурет, графикалық карталар жасау т.б. жатады.