1. Ойлаудың негізгі формаларына не жатады -ұғым, пікір, категория, идея, концепция, теория
2. Көркемдік рефлексия – ақыл-ой қызметінің ерекше бір түрі ретінде ғылыми-теориялық ойлау
жүйесінен ерекшелігі қандай -Әлемді эстетикалық, образдық-сезімділік түрғыдан тану, адам
болмысына үңілу, тіршілік-түрмыс мәнісін бағалау
3. Шығыста да, Батыста да адамзаттың ұлы ойшыл-бабалары дүниеге келіп, философиялық ой-
пікірді туғызған заманды XX ғ. Неміс философы К.Ясперс «кіндікті уақыт» деп атады. Бұл қай
кезеңді көрсетеді -б.з.д. VI-V ғасырлар
4. Қоғамдық сананың синкретикалық түрі-миф
5. Обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім -
Диалектика
6. Философия тарихында барша болмыс, тіршілік, тек ғана құдыретті Құдайдың үстемдігімен
түсіндірілген кезеңге тән дүниетаным -теоцентризм
7. Герменевтика әдісінің мәні -мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру
8. Көбінесе бұқаралық санаға ықпал ету мақсатында, нақты құндылығы жоқ көзқарастарды,
идеяларды насихаттауда қолданылатын, түрлі фактілерді, ұғымдарды, концепцияларды біріктіру
нәтижесінде шынайы көрінгенмен, үстірт, ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдар жасау әдісі -
Эклектика
9. Агностицизмге тән көзқарас -Адам дүниенің терең мәнін танып біле алмайды, ол мүмкін емес
10. Философияның негізгі функциялары -Методологиялық, дүниетанымдық, аксиологиялық,
сыншылдық, теориялық, тәрбиелік-гуманитарлық, эвристикалық
11. Фәлсафа дегеніміз не - мұсылмандық дүниетанымнан шыққан ойлау мәдениеті
12. Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, Ренессанстық деңгейге көтерген ойшылдар қалай
аталды -Шығыс перипатетиктері
13. Фәлсафаның ортағасырлық ерекше қызметі - Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, ойлаудың ерекше жүйесін жасауы
14. Қазақстанда Ислам философиясының қалыптасуы мен дамуына рухани қызмет етіп әсер еткен
түркі сопылығының өкілі - Қожа Ахмет Ясауи
15. Әль-Кинди философиясының негізі - жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясы
16. Философия мен теологияның ара жігін ажыратып, олардың мәртебесі туралы идеяны көтерген
фәлсафа өкілі - Ибн-Рушд
17. Қазақ елінің 30-шы жылдардағы ұлттық интеллигенцияның қойған өзекті мәселелерін қамтыған
бағдарлама - «Қазақстан-2030» бағдарламасы
18. Қазақстанның Бірінші жаңғыру мерзімі - КСРО құрамынан шыққан кезден бері
19. Қазақстанның екінші жаңғыруына тән мемлекеттік бағдарлама- Қазақстан-2030» бағдарламасы
20. «Мәңгілік ел» идеясының бастау алған мерзімі - VI-VII ғасыр Түркі қағанаты тұсында
21. Қазақстанның үшінші жаңғыруына тән мемлекеттік бағдарлама - «Қазақстан-2050»
бағдарламасы
22. Гносеология - Таным туралы ілім
23. «Бәріне күмәндан!» деген ұранды айтқан адам – Жаңа заман философы - Р.Декарт
24. Афина ойшылдарының арасында шешендігімен танылған, кеменің зәкірін ойлап тапқан, ақиқат
өлшемін жоққа шығарған скептик - Анахарсис Скифский
25. Жаңа Дәуірде алғаш рет категориялардың таным жолындағы аса үлкен рөлін көрсеткен ойшыл -
И.Кант
26. «Егер белгілі бір тұжырымды немесе көзқарасты басшылыққа алып, жақсы, өзімізге пайдалы
нәтижелерге жеткізетін ақиқат түрі - прагматистік ақиқат
27. Таным екі жақтың бірлігінде беріледі. Олар - сезімдік және рационалдық
28. Рационалдық таным түрлері - ұғым, пікір, ой қорытынды
29. Ғылыми білім жасау процесі зерттеудің екі деңгейлерінен тұрады. - эмпирикалық және
теориялық
30. Шығармашылықты зерттейтін білім саласы - эвристика
31. Тікелей шындыққа жету, оның ақиқаттығын анық та айқын көру, ешқандай дәлелдеуді талап етпеу
-интуиция
32. Уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен
қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға
негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы -
ғылым
33. Диалектикалық және метафизикалық; қазіргі заманғы ғылымда оларға талдамалы, түйсікті,
феноменологиялық, герменевтикалық әдістер қосылатын - философиялық әдіс
34. Ғылыми деректер жиналып, салыстырылып, белгілі бір жүйеге келтірілетін таным атауы
35. -Эмпирикалық
36. Ең алғашқы ғылым классификациясын жасаған философ - Аристотель
37. Ғылым классификациясын өсіп тұрған ағашпен теңестірген, бұтақтары: медицина, механика,
мораль; оның діңі – физика, тамыры – метафизика деген ойшыл - Р.Декарт
38. Конт «Тарихи күрделену» анықтамасына негіздей отырып, ғылым салаларын былайша
орналастырады - математика - астрономия - физика - химия - биология – социология
39. Алғашқы технологиялық машина - су диірмені
40. Болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас
- - сциентистік
41. Қазақ хандығын құрып, өз алдымызға ел болғаннан кейінгі аралықтағы тұңғыш ресми ғалым-
Ш.Уәлиханов
42. "Білім - күш" деген анықтама берген батыс ойшылы - Ф.Бэкон
43. Будда бойынша өмір - азап. Сол азаптың негізгі себебі - адамның шексіз құмарлығы
44. Даосизм бойынша өмірде ең маңызды нәрсе - қоғам, мемлекет
45. Конфуций бойынша адамдар екіге бөлінеді. Олар - ізгі адам, ұсақ адам
46. Математика арқылы музыкалық ырғақты зерттеп, содан күні бүгінге дейін кең қолданылатын
"гармония" ұғымын енгіхген антикалық ойшыл - Пифагор
47. Ізгілік (даналық, әділеттілік, тұрақтылық, қанағаттылық т.с.с.) әрқашанда білім, ал залымдық –
надандық» - деген антика ойшылы - Сократ
48. Адамның еркін оған берілген құнды сый деп бағалап, орта ғасырдағы ойшылдарға қарсы шыққан
ойшыл - П.Мирандола
49. Класикалық неміс философиясының соңғы өкілі, өзін материалистпін деп жариялаған ойшыл -
Фейербах
50. Марксизм ұсынған қоғам формациясы - коммунистік
51. Неміс философы Фридрих Ницшенің ұсынған тұлға үлгісі ---Асқан адам
52. Адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік
бағыт --- экзистенциализм
53. «Философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді» деген антик ойшылы ---Платон
54. Эвтаназия дегеніміз не, қалай аталады ---Қоғамның рұқсаты және көмегімен өз қалауы
бойынша дүниемен қоштасу
55. Қазіргі заманда адамның биологиялық өмір сүруінің орташа ұзақтығы ---75-80 жылға дейін
56. Өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай бір құдіретті күштен емес, өнерден іздеген,
ажалмен айқасқан алып рухани тұлға ---Қорқыт
57. Волюнтаризмді өз философиясының универсалды қағидасы деп жариялаған иррационализм өкілі
---А.Шопенгауэр
58. Әрбір оқиғаны және адамның әрбір әрекетін о баста бекітілген деп білетін, қалау еркі мен
кездейсоқтықты жоққа шығаратын дүниетанымдық тұжырымдама ---фатализм
59. Адам мінез-құлқының негізгі критерийі бақытқа ұмтылу (жеке бастың, қоғамдық) деп ұйғаратын
ілім ---эвдемонизм
60. Адам қажеттіліктерінің төменнен жоғары көтерілетін тізбесін жасаған американ ғалымы --- А.Маслоу
61. Өзінің космологиялық ілімінде махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп
білген антикалық ойшыл ---Эмпедокл
62. «Махаббат арқылы «өлмес бұрын өлу» адамды жоғары парасаттылық пен кемелдікке жетелейтін
дүниетанымдық шама ретінде санаған бағыт ---суфизм
63. Құндылықтар әлемін зерттейтін философия саласы ---Аксиология
64. Құндылықтар жүйесіндегі ең жоғары құндылық ---адам және оның өмірі
65. Құндылық ұғымына тұңғыш философиялық анықтама берген ойшылдар ---Рудольф Лотце мен
Герман Коген
66. Адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен
күткен биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі ---Ұят
67. Адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз
қалауын жүзеге асыруын қандай ұғыммен беруге болады ---Еркіндік
68. И.Кант императив деп нені атады ---Адамды белгілі бір іс-әрекетке итеретін тәртіп ережені
69. Этиканың парыз, жалпы қажеттілік туралы ізгілік талаптары білдіретіннің барлығын
қарастыратын бөлімі ---Деонтология
70. Кәсіби этика дегеніміз ---бұл адамның кәсіби қызметінің үдерісінде көрінетін мінез-құлық
қағидалары
71. Әл-Фараби философиясының өзегін құрап тұрған идея ---бақыт идеясы
72. Қанағат дегеніміз не ---ақылға сүйеніп, өзін-өзі тежеу, қол жеткізген табыстарына разы болу
73. Адамның немесе жеке ұлттың , халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз
қалауын жүзеге асыруы ---Еркіндік
74. Еркіндік мәселесін шешуде «күнә мен күнәдан құтылу» жолдары қай кезең философиясына тән ---
Ортағасыр
75. Еркіндікті субъективті рухпен байланыстырған философ ---Гегель
76. Еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты
түсіндірген ---Маркс
77. Еріктілік бар жерде қажеттілік жоқ дейтін волюнтаризмге соқтырған көзқарас ұстанған ойшылдар
---А. Шопенгауер мен Ф. Ницше
78. Демократиялық жүйенің басты принциптеріне не жатады ---адам құқыларының сақталуы, оның бостандығы, шығармашылық еркіндігі
79. Адамның өзінің пікірін, ойларын жария түрде ауызша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана
отырып жазбаша білдіру мүмкіндігінің әдеттегі атауы ---Сөз бостандығы
80. Шығармашылықта міндетті түрде көрініс беретін ---еңбек
81. Абайдың адам философиясындағы концепциясы ---толық адам
82. 20 ғасырдың басында қазақ даласында Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл
ағымның өкілі, халық санасын оятуды мақсат еткен Алаш көшбасшысы ---Әлихан Бөкейханов
83. Көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі
құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы---Өнер
84. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа енгізген неміс философы ---А. Баумгарте
85. А.Баумгартен тұжырымы бойынша эстетика ---әсемдіктің өнерде көрініс табуын зерттейтін
ілім
86. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі ---Космологизм
87. Антикалық эстетиканың адам жаны мен тәнін тазарту, рухы және ағзалық сергектену дегенді
білдіретін категориясы ---катарсис
88. Сұлулықты құдай нұрының, құдай тәртібінің көрінісі деп қарастыру ерекше орын алған дәуір -
ортағасырлық
89. Эстетикалық мазмұн жөнінде жүйелі және нақты теорияны қалыптастырған, «сезімдік толқу –
«мақсатсыз мақсаттылық» деп анықтаған неміс ойшылы ---Кант
90. Өнер мен ғылымды салыстыра келе, өнерді бірінші орынға қойып, өнер құндылығын генийлердің,
аса дарындылардың іс-әрекетімен тығыз байланыстырған ойшыл ---Шеллинг
91. Өнердің институционалды теориясын жеткіліксіз деп санай отырып, оның әлеуметтік
айырмашылығын сипаттау үшін "трансформация" діни терминін қолданған ойшыл ---А.Данто
92. Қазақ халқының өнер философиясындағы ұлттық мәдениеттің ең байырғы, аса құнды
салаларының бірі ---қолөнері, оның ішінде ою өрнек
93. Әлеуметтік философияның қоғамдық маңызы аса түскен, онтологияны, гносеологияны,
философиялық анропологияны, этиканы толықтырып отыратын қосалқы пән ретінде дамыған
кезеңі ---ХІХ-ХХ ғасырлар
94. Қоғамдық өмірдің мәні мен іргелі заңдылықтарын, социум болмысының логикасын, қоғам мен
тұлғаның өзара байланысын, өзара қатынастарын, қоғам мен адам туралы философиялық
принциптер мен логикасын, заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіретін сала ---Әлеуметтік философия
95. Қоғам өзінің кең мағынасында ---адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан
байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы
96. Платон өзінің қоғам жіктеуінде анықтаған игіліктің төрт түрінің төртеуі де (жүректілік,
данышпандық, естілік және әдептілік) дарыған, мемлекетті басқаруға лайық деп санаған топ ---
философтар
97. Демократиялық жағы басым демократия мен олигархияның ұштасқан түрі – «полития» деп атаған
басқару формасын ұсынған грек ойшылы ---Аристотель
98. «Жердегі қала» және «Бақи» шаһар» атты еңбек жазған ортағасырлық ойшыл ---А.Августин
99. Томас Мор өзінің “Утопия” еңбегінде нені суреттеді---жеке меншікті сынға алып, қоғамдық
меншікке негізделген қоғамдық құрылыс
100. Утопиялық коммунизм ағымы өкілдерінің бірі, “Күн қаласы” еңбегінің авторы ---
Кампанелла Томмазо
101. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді ---аграрлық,
индустриалды, ақпараттық
102. Индустриалдық жағынан дамыған қоғамдар постиндустриалдық (post - кейінгі) яғни,
информациялық (ақпараттық) қоғамға көтерілген сатының басталу кезеңі ---XX ғ. 60 жж
103. Тарих философиясы ұғымын енгізген философ ---Вольтер
104. Марксизм ұсынған тарихты зерттеудің негізгі әдісі ---материалистік
105. Гегельдің диалектикалық әдісін материализммен біріктіріп, адамзат тарихын зерттеу әдісі
ретінде ұсынған ойшыл ---Маркс
106. Өркениет туралы К.Ясперс пікірі ---цивилизация «кіндікті... заманда» - б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ.
дүниеге келді
107. «Өркениет дегеніміз, сайып келгенде, дін арқылы берілетін моральдық рухани
құндылықтардың негізінде ұйымдасқан қоғам» деп анықтама берген ойшыл ---Хантингтон
108. Тарихи бірінші болып «мәдени-тарихи типтер» ұғымын енгізіп, соның арқасында тарихты
солылап көрген орыс ғалымы ---Н.Я.Данилевский
109. «Өркениет дегеніміз - қоғамның алып заттық денесінің пайда болып, адамдардың
материалдық-сезімдік өмірлі бағытына көшуі, руханияттың азғындауы» деп анықтама
берген ойшылдар ---О.Шпенглер, Ж.Ж.Руссо
110. «Тарихтың ақыры және соңғы адам» еңбегінің авторы ---Ф.Фукуяма
111. Тарихты зерттеуде орыс ғалымы Н.Я.Данилевскийдің енгізген ұғымы ---мәдени-тарихи
типтер
112. «Өркениет – өндіргіш күштердің дамуы биік дәрежеге көтеріліп, негізгі қоғамдық
қатынастардың заңмен ретке келтірілуі, адам құқтарының Бұлжымай орындалуы, «тұлға
қоғамының» орнауы» деген анықтама берген ойшылдар ---Д.Бэлл, З.Бзежинский
113. Еуропада Ағартушылық дәуір деп аталатын кезең ---ХVIII-ХІХ ғ
114. ХVIII соңғы ширегінде Франциядағы революцияға қарсы қоғамдық реакциямен
байланысты қалыптасқан қозғалыс ---романтикалық
115. Германияда марксизмге қарама-қарсы – жеке меншіктің мәңгілік екендігін, капитализмге
оң баға беріп, ХІХ ғ. 70-ші жылдарынан бастап күшейе бастаған бағыт ---Тарихи-экономикалық
116. Тарих пен әлеуметтануды қарсы қойып, тарих ешқашан ғылым бола алмайды, өйткені
тарих жекемен, бір кезде болған дүниемен байланысты деп түсіндірген ойшыл ---Франсуа жердегі керінісі
155. Платон ұсынған философиялық ілім---Эйдостар (идеялар) әлемі
156. Философия тарихында алғашқы реалистік жүйе жасаған «бірінші ұстаз» атанған ойшыл ---
Аристотель
157. Энтелехия дегеніміз ---мақсатқа алдын ала лайықтылық
158. Көне грек ойшылдары бойынша рақатқа жетудің негізгі жолы ---арете (гр. сөзінен ізгілік,
ішкі салмақтылық)
159. «Адам біржақты болмай, әр нәрсе, іс-әрекет, жүріс-тұрыстың ортаңғы жолын табу керек»
дегенді айтқан ойшыл ---Аристотель
160. Медициналық тәжірибеге сүйене отырып сырқаттанған дененің ерік күші арқылы дауа
табатындығын және керісінше дені сау адамның ерік күші арқылы дерт табатындығын ескерткен
ойшыл ---Ибн Сина
161. Шәкәрім Құдайбердіұлының жан мәселесін терең зерделенген шығармасы ---Үш анық
162. Сана мен ойлауға лайық анықтама:---Сана – әлеуметтік адами құбылыс, ал ми – ойлау
құралы
163. Материя қозғалысының биологиялық формасынан әлеуметтік ұйымдасуға көшу---
Антропосоциогенез
164. Австриялық дәрігер, психолог, философ - Зигмунд Фрейд ұсынған жүйке ауруларын
емдеудің әдісі ---психоанализ
165. Сана құрылымы-ның өзегін құрайтын бөліктерін көрсетіңіз ---түйсік, қабылдау, түсінік,
ұғым, ойлау
166. Адам санасын «таза тақтаға » теңестірген жаңа заман философы ---Дж. Локк
167. Материалистер үшін адам санасын тасымалдаушы құбылыс ---ми
168. Алғашқы бастама материя ма, әлде идея ма деген сұрақтарға жауап беру негізінде
қалыптасқан бағыттар ---Материализм және идеализм
169. Э.Гуссерль төмендегі ұғымдардың бірін сананың мағынаға ұмтылуы, затқа мағына беру
және сананың бір қасиеті ретінде талдайды, ол ---интенционалдық
170. Төмендегі психикалық үрдістер, өзінде саналылықтың көрінісін көрсетеді, ол---ақыл-ой
171. Адам психикасын «Ол», «Мен», «Жоғарғы Мен» деп аталған үш қабаттан тұратын тұтастық
түрінде түсіндірген ойшыл ---З.Фрейд
172. Философияның мақсаты ---Адамды күнделікті түсініктерден дүние жайлы, ақиқат білімдерге бастап, ең жоғарғы құндылықтарға жету жолын көрсету
173. Дүниеге философиялық көзқарас дегеніміз ---Дүние жайлы және ондағы адамның орны
туралы бір тұтас көзқарас
174. Философия дегеніміз –---табиғат, адамзат қоғамы мен танымының ең жалпы
заңдылықтары туралы білімдер
175. Орта ғасыр батысеуропалық философияның б.з. ІІ-VIII ғасыр кезеңіне тән атау---
Патристика
176. Жаңа заман философиясындағы қай ағым барлық өзгерістерді механика заңдарымен
дәлелдеп, дүниені қатып қалған құбылыс деп қарастырады ---Метафизикалық материализм
177. XX ғасырда философияның көрнекті өкілдері адам мәселесін қай тұрғыда қарастырды---
экзистенциализм
178. Әл-Фараби қай еңбегінде бақытқа, оған бастайтын жолға аса назар аударады --- Бақытқа
жол сілтеу
179. Гелиоцентрлік теорияны жасаған ---Коперник
180. Даосизмнің негізін қалаған ---Лао-цзы
181. Г.Лейбниц бойынша барлық заттарға күш беретін және оларды қозғайтын рухани күш
дегеніміз ---Монада
182. Ертедегі грек философиясының негізгі мәселесі ---дүниенің алғашқы бастамасы, оның
пайда болуы
183. Аристотельдің пікірінше, ақылды жанның қабілеті ---ойлауға, пайымдауға деген аса
қабілеттілігі
184. Бәрі ағынды, бәрі өзгереді, бір өзенге екі рет суға түсу мүмкін емес” деген сөздер кімдікі---
Гераклиттікі
185. Ислам діні мыналардың қайсысына тиым салады ---пұтқа табынушылыққа
186. Декарт философиясының негізгі танымдық принципі ---барлығына күмәндану
187. Бэкон табиғатты танып білудің басты кедергісі деп есептеді ---адамдар санасындағы жалған елестерді
188. Қайта өрлеу дәуірінде мемлекет және құқық философиясымен кім айналысты ---Макиавелли
189. Мен ойлаймын, олай болса, мен бармын ” деген ---Р. Декарт
190. “ Бастапқыда түйсікте болмаған нәрсе, кейіннен ақыл –ойда болмайды” деген Дж. Локк
пікірінің гносеологикалық принципі ---Сенсуализм
191. ХVІІІ ғасырдағы ағартушылық философиясының негізгі идеясын атап көрсет:---адамзат
прогресі мен ғылымды дәріптеу
192. Төменде келтірілген категориялардың қайсысы сапа мен санның диалектикалық
байланысын бейнелейді ---өлшем
193. Эмпиризмнің негізгі қағидасы ---адамның барлық білімі тәжірибеге негізделді
194. Ойлаудың индукциялық әдісінің негізін салушы ---Ф.Бэкон
195. Шығармашылық ойлау мәні ---Жаңалық жасау қабілеттілігі
196. Шәкәрім ар-ұжданды үш анықтың біріне жатқызса, Абай былай атады ---нұрлы жүрек
197. И.Канттың таным теориясының сипатты белгісі ---агностицизм
198. ХVІІІғ. Француз материалистерінің қайсысы “ Адам –машина” деген кітаптың авторы---
Ламетри
199. Феноменологияның негізін салушы кім ---Гуссерль
200. Қазақстандағы сопылық философиясының мәнін уағыздаушы және таратушы---Яссауи
201. Философияда әйгілі “Жеті ғұламасының” қатарына енген скиф ойшылы кім---Анахарсис
202. Арақашықтықта оның объектілерін, олардың құрлысы, олардың элементтері мен
бөліктерінен көрінетін материяның өмір сүру формасы- бұл ---Кеңістік
203. Сана дегеніміз ---мақсатқа сай бейнелеу,адам миының сөйлеумен байланысты
қызметі
204. Даму туралы философиялық ілім:--- Диалектика
205. Сезімдік танымның негізгі формалары---түйсік, қабылдау, түсінік
206. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдарын зерттейтін ғылым ---Логика
207. Төменде аталған диалектика баламаларының неғұрлым жалпы мүлдем қарама-қайрсы
жағын бөліп көрсетіңіз ---Метафизика
208. Табиғатты тану тарихын О.Конт қандай үш сатыға бөлді ---Теологиялық,
метафизикалық, позитивтік
209. Орта ғасырлық философияның мінездемесін көрсет ---Теоцентристік
210. Адамзаттың интернет жүйесіне байланысты жаңа дәуіріне көшуі ---Ақпараттық қоғам
211. С.Кьеркегор адамның экзистенциясының қандай үш тәсілін көрсетті---Эстетикалық,
этикалық, діни
212. Географиялық детерменизм дегеніміз не ---Географиялық орта қоғамдық дамудың
ерекшелігіне, мәдениеттің дамуында , қоғамның құрылымына және т.б себепші болады
213. Екі бастама – субстанцияны мойындайтын философиялық ілім ---Дуализм
214. «Гилозоизм» дегеніміз не ---Қоршаған табиғаттың жаны бар деп түсінік, оны
рухтандыру
215. Онтология бұл ---Болмыс туралы
216. К.Поппер ұсынған әрбір ғылыми білімді жоққа шығарудың мүмкіндігін мойындайтын
принцип ---фальсификация принципін
217. Витгенштейн өзінің “ Философиялық зерттеулер” атты негізгі шығармасында
философияны қалай түсіндіреді ---тілдегі сөйлемдердің мағынасын айқындауға бағытталған
белсенділік ретінде
218. Орта ғасыр мұсылмандық Шығыс философиясының қай ағымы адам өмірінің мұратын
оның жанының құдаймен бірігіп, дүниеден безуді көздеді ---Суфизм
219. Жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай өту тәсілі ---Индукция
220. Махизмнің өкілдері ---Э.Мах пен Р.Авенариус
221. Бір ғана бастама- субстанцияны мойындайтын философиялық ілім ---Монизм
222. Қазақтардың көшпелі өмір салтының сипаттық белгілері ---Табиғатпен үндестік, шаруашылықтың практикалық сипаты, өмірлік жоғары құндылықтар
223. Заттың процестің сыртқы, байқалатын сипаттарын бейнелейтін категория ---құбылыс
224. А.Шопенгауер мен Ф.Ницшенің айтуынша барлық құндылықтардың арасында бастапқы
орынды алатын ---ерік, жігер
225. Постмодернизмнің танымдық ұстанымы принципті түрде мынадай сипат алады---
Антижүйелік сипат
226. Эмпириялық таным сүйенетін тәсілдер ---байқау, бейнелеп түсіндіру, эксперимент
227. «Ноосфера» мағынасы ---Ақыл-ойдың үстемдік ету сферасы
228. Егерде Л.Н.Гумилевтің теориясының мазмұнын қысқаша қарастырсақ, онда этнос
дегеніміз ---ландшафтағы халық
229. Белгілі апориялардың - «Дихотомия», «Ахиллес тасбақаға жете алмайды», «Жебе» авторы
кім ---Зенон Элейлік
230. Джон Дьюи түсінігіндегі философияның қызметі ---адамдардың тұрмыс қалпын
жақсартуға жәрдемдесетін өмірлік пайдалы тәжірибені ұйымдастыру
231. Дүниетанымның алғашқы тұрпайы типі---мифология
232. Дүниетанымның мүлтіксіз сенуді талап ететін типі ---Дін
233. Дүниетанымның ғылыми-теориялық түрі---философия
234. Философияның негізгі мәселесі---Ойлаудың болмысқа, руханилықтың материалдыққа
қатынасы
235. Философияның негізгі функциялары---Методологиялық, дүниетанымдық,
аксиологиялық, практикалық
236. Дүниенің негізінде алғашқы субстанция ретінде материя жатыр деп көрсететін бағыт---
материализм
237. Дүниенің негізінде субстанция ретінде рухани болмыс жатыр деп көрсететін бағыт---
идеализм
238. Объективті шындықтың болуын жоққа шығаратын философиялық бағытты атаңыз---
Субъективті идеализм
239. Жайнизм философиясындағы «үш маржан» ---дұрыс сенім, дұрыс таным, дұрыс мінез құлық
240. Конфуций іліміндегі алтын ереже (жэнь) қалай аталады---Өзіңе тілемейтінді басқаға
жасама
241. Қатаң заңды ұстануды ұсынған Қытай философиясындағы мектеп---Легизм
242. Даосизмдегі У-вэй принципі ---Әрекет жасамау
243. Суды дүниенің алғашқы бастамасы ретінде қарастырған философ---Фалес
244. Ауаны тіршіліктің алғашқы бастамасы ретінде қарастырған философ---Анаксимен
245. Протагор бойынша, адам анықтамасы---Барлық заттың өлшемі
246. Сократтың ақиқатты тану әдісі ---Майевтика
247. Философиядағы идеалистік бағыттың негізін қалаған көрнекті ежелгі грек философы---
Платон
248. Жеті дана деп аталған ойшылдар қай мектептің негізгі өкілдері болып табылады---Милет
249. Аристотель бойынша, адам ---Қоғамдық жануар
250. Антика философиясында бірінші болып ғылымдар классификациясын жасаған,
пайымдауды жүйелендірген ойшыл ---Аристотель
251. Құдайға сенуге қатысты айтқан тұжырымы ---Білу үшін сенемін
252. Ф. Аквинскийдің Құдайға сенуге қатысты тұжырымы---Неге сенемін, соны танимын
253. Құдай барлығын жоқтан жаратты деген мағынаны білдіретін батыстық ұғым ---
креационизм
254. Інжілді /Библияны/ қатаң нормативтік мәтін, абсолютті ақиқат ретінде қарастыратын
мектеп ---схоластика
255. Аристотель философиясын жүйелеуші, араб мәдени ойына бейімдеуші ---Әл-Фараби
256. Шынайы тек жеке заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар олардың аттары деген
тұжырымды қолдайтын ортағасыр ілімі ---номинализм
257. Жалпы ұғымдар – универсалийлер ғана шынайы өмір сүреді және барлығының бастамасы
деген пікір тән ортағасыр ілім ---реализм
258. Бағдат халифатында Х ғасырдың екінші жартысында Басра қаласында қалыптасқан діни-
философиялық бірлестік ---Таза ағайындар
259. Араб-мұсылман философиясында рационализмге сүйенетін бағыт---Шығыс перипатетизмі
260. Әлем философиясындағы екінші ұстаз ---Әл-Фараби
261. Әл-Фараби философиясы бойынша қоғамдық құрылымның идеалы---Қайырымды қала
262. «Қос ақиқат» ілімінің авторы ---Ибн Рушд
263. «Медицина канондары» еңбегінің авторы ---Ибн Сина
264. Құдай мен табиғаттың тепе-теңдігін көрсететін ілім ---пантеизм
265. Николай Коперник пен Джордано Бруно ойларының дұрыстығын іс жүзінде дәлелдеген,
телескоп жасаған, ғылыми зерттеу әдісін тұжырымдаған ғалым ---Галилео Галилей
266. Рационализм бағытының негізін қалаушы ---Р.Декарт
267. Адам – адамға қасқыр» тезисінің авторы ---Т.Гоббс
268. Ф.Бэкон философиясындағы бөтен пікірлерге негізделген адасушылық, фанатизм қалай
аталды ---Театр елесі
269. Ф.Бэкон бойынша танымның ең тиімді, дұрыс жолы ---Ара жолы
270. Жаңа заманғы ағылшын философы Т.Гоббстың ұсынған теориясы---қоғамдық келісім
271. И.Кант бойынша априорлы форма ---Тәжірибеге дейінгі білім
272. И.Кант философиясындағы моральдық заңдарды көрсететін ---Категориялық императив
273. Билікке деген ерік проблемасын көтерген ойшыл ---Ф.Ницше
274. Ф. Ницшенің құдай туралы пікірі ---Құдай өлді
275. Батысшылдар ағымының негізін қалаған орыс ойшылы ---П.Я.Чаадаев
276. Орыс космизмінің негізін салған ---К.Э. Циолковский
277. «Ғылымға ешқандай философияның қажеті жоқ» деген лозунгты ұстанған ХХ ғасырдағы
философия бағыты ---Позитивизм
278. Прагматизм бағытының негізін қалаушы ---Ч. Пирс
279. Структурализм бағытының негізін салған ойшылдар: ---Пропп, Леви-Стросс
280. Адамның мүддесін биік ұстап, оны қорғау жолын іздеген бағыт---индивидуализм
281. Диалектиканың негізгі заңдарын жасаған неміс ойшылы ---Г. Гегель
282. «Үш әлем» (физикалық, ментальдық, білім) теориясын ұсынған постпозитивизм өкілі--- К.Поппер
283. Экзистенциализмнің басты категориялары ---жалғыздық, жаттанушылық, үрей,
жауапкершілік, ажал
284. Экзистенциализмді дүниеге келтірген- ---қауіп-қатерлі жағдайлар
285. Позитивизмнің ең соңғы жаңа нұсқасы ---Постпозитивизм
286. «Сарайларда лашықтарға қарағанда басқаша ойлайды» деген пікірді жатқызуға болатын
методологиялық қағида ---әлеуметтік детерменизм
287. Диктатураға қарама-қарсы саяси құрылыс ---демократия
288. Иррационализмнің негізін қалаушы ---Артур Шопенгауэр
289. Экзистенциалды философияның басты сұрағы – таңдау мәселесін қарастырған философ ---
Жан-Поль Сартр
290. «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегін жазған ---М.Қашқари
291. «Хакім ата» және «Ақыр заман» еңбектерін жазған ---А.Иүгінеки
292. К.Юнг бойынша адам психикасында қайталанатын рәміздік жүйе деген ---Архетиптер
293. Бір өлшемді «Адам» шығармасының авторы ---Г.Маркузе
294. Шәкәрім бойынша жан құштарлығының сұранысы, оның даму негізі ---ар-ождан
295. Шекаралық жағдай ұғымы маңызды рөл атқарады мына теорияда--экзистенциализм
теория-сында
296. Қазақстан үшін Еуропа мен Азияны біріктіретін жақын идея ---Еуразиялық идея
297. «Жаһандану» түсінігінің жер шары кеңістігінде кең өріс алған кезі ---ХХ ғ. аяғы мен ХХІ
ғ. басы
298. Жаһанданудың негізгі мағынасы ---халықаралық бірігу
299. Қазақ тарихында «Мәңгі Ел» ұстанымының дүниеге келген уақыты ---Ежелгі түркі
қоғамында
300. “Дертсіз адам – адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда” – деп
жырлаған ойшыл ---Қожа-Ахмет Яссауи
301. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясын «Мәңгілік Ел»
ретінде жариялаған кезі ---2014 жылдың басында