1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері


Электроэнцефалография, туындаған потенциалдар, олардың шығу тегі



бет21/55
Дата09.11.2022
өлшемі218,56 Kb.
#48878
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Байланысты:
1. Îðòàëû? íåðâ æ?éåñ³ ??ðûëûìûíû? æàëïû æîñïàðû, ??ðûëûìû, á?ë³

15.Электроэнцефалография, туындаған потенциалдар, олардың шығу тегі.
(Уникальность - 100.00%)
Электроэнцефалография(ЭЭГ) дегеніміз – адам организмінің миында және жүйке жүйесінде болатын биоэлектрлік қозғалыстарды және өзгерістерді мониторға жазып алу әдісі. ЭЭГ жазбалары медицина саласында яғни, диагностикалық емдерде, анестизиологияда және мидың жұмысының дұрыстығын анықтау үшін қолданылады. Ми мен жүйке жүйесінде болатын биоэлектрлік қозғалыстарды жазып алатын қисық сызық – Электроэнцефалограмма деп аталады.Ал, осы қисық сызықты тіркеуге арналған құрылғы электроэнцефалограф деп аталады.
Электроэнцефалография – организм миының биотоктарын белгілі бір мониторға тіркеу әдісі. Негізінен ми жасушаларында жүйке жүйесінің қозуы кезінде ми бөлімдері, яғни бізде бірнеше ми бөлімдерін ажыратамыз, міні сол бөлімдердің арасында потенциалдар айырымының зақымдануы көрініс табады. Сол зақымданудың әсерінен потенциалдар айырымы тым аз болады, бірақ осы электроэнфалографтың көмегімен күшейтетіде, оны тіркеп алады. Жаңа айтып кеткендей мидың биотоктарының белсенділігі қағаз бетіне немесе мониторға яғни, экранға тіркеледі.
Сонымен қатар, электроэнцефалограмма әдістері бірқатар толқындарды анықтауға өз мүмкіндігін береді. Бұл толқындар өзіндік тербеліс жиілігімен, қоршаған орта жағдайларымен, сыртқы пішінімен және амплитудасымен ажыратылады. Яғни, электроэнцефалограмма әдістері 4 толқынды анықтауға көмек береді. Олар:
1.Альфа толқындар(тербеліс жиілігі:8-12с, амплитуда:70-80, мидың желкелік бөлігінде көбірек тіркеледі).
2.Бета толқындар(тербеліс жиілігі:16-30с, амплитуда:10-30,мидың алдыңғы жарты шарында көбірек тіркеледі).
3.Тега толқындар(тербеліс жиілігі:4-7,5с).
4.Дельта толқындар(тербеліс жиілігі:8-13с).
Электроэнцефалограммада баяу толқындар да кездеседі.Көбінесе емшектегі балаларда анықталады. Ал, жаңа туған нәрестелерде дельта толқындар кездессе, кейде альфа толқындарда кездесіп қалуы мүмкін. Бала өскеннен кейін бұл толқындар өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл жағдай бала түрлі ауруларға ұшырағанда кездеседі. Мысалы, бала эпилепсиямен ауыратын болса, онда балада жаңа пик деп аталатын толқын пайда болады.Ал, альфа толқын жоғалып, төменамплитудалық тербеліске айналады.
Электроэнцефалограяның шығу тарихы Д.Реймонның еңбектерімен тікелей байланысты, ол ми мен жүйке жүйесінің және бұлшықеттің электрлік қасиеттері бар екенін дәлелдеді. Алғаш Британ медициналық отырысында баяндамасын оқыған ағылшын дәрігері Р.Кэтон болатын. Ол өз еңбегінде маймылдардың миларында белгілі бір токтың әсерінен болатын әртүрлі өзгерістер болатындығын баяндады.Ал, бұл теория тәжірибе жүзінде дәледеген орыс физиологы Данилевский болды.
Алғашқы болып иттің миынан электроэнцефалограмманы жазып алып оны қағаз бетіне түсірген ғалым В.В. Правдин-Неминский болды. Бұл тәжірибесін 1913 жылы жүзеге асырды. Және де өз тәжірибесінде гальванометрді қолданған ғалым, ғылымға электроцереброграмма атты терминдің ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет