1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері


Рефлекстің анықтамасы. Рефлекторлық доға, оның компоненттері



бет4/55
Дата09.11.2022
өлшемі218,56 Kb.
#48878
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
1. Îðòàëû? íåðâ æ?éåñ³ ??ðûëûìûíû? æàëïû æîñïàðû, ??ðûëûìû, á?ë³

3. Рефлекстің анықтамасы. Рефлекторлық доға, оның компоненттері.
(Уникальность - 87%)
Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметтерінің бірі ол – рефлекс.Рефлекс сөзі латын тілінен аударғанда reflecsus – тойтарыс беру деген мағынаны береді.Сонымен рефлекс деп отқанымыз ол – ішкі немесее сыртқы орта тітіркендіргіштеріне қайтаратын жауапБұл мағынада рефлексті ең алғаш Рене Декарт 1664 жылы қолданған болатын.Кейіннен бұл атау,рефлекс туралы теориялар кең орын алып,қарқынды түрде дамыды.
Рефлекстік түрлеріне тоқталып өтсем :

  1. Қабылдағыштардың орнына байланысты экстероцептивтік (тері,ауыз,көздің сілемейлі қабығы – сырттан келген тітіркендіргіштердің әсерлерін қабылдайды), интероцептивтік (ішкі ағзаларда,тіндерде,қантамырларда – ішкі тітркендіргіштердің әсерлерін қабылдайды), проприоцептивтік (сіңірде,буын қаптарында орналасқан) болып 3 ке бөлінеді;

  2. ОЖЖ түріне қарай 2 ге бөлінеді – сомалық(денелік) және вегетативті;

  3. И.П.Павлов бойынша рефлексті екі үлкен опқа бөледі : шартты(жүре пайда болатын) және шартсыз(туа пайда болатын);

  4. Рефлекстер жүретін мидың бөлімдеріне қарай ол 5 ке бөлінеді,олар : жұлын,сопақша ми, ортаңғы ми(немесе мезенцефальді),алдыңғы ми(немесе қыртыстық) және аралық ми(диенцефальді);

  5. Рефлекстік доғаның орталық бөлігіне қатысатын нейрондардың сан мөлшеріне байланысты 2 ге бөлінеді : 2,3(момсинаптикалық) және көп(полисинаптикалық) нейронды рефлекс;

  6. Қимыл іс – әрекеттерге қатысты былай бөлінеді : жұтыну,кірпік қағу,қимыл,жөтелу,сілекей бөлу және т.с.с.

  7. Рефлекстік доғаның орталығында туындайтын үрдістерге қатысты – қоздырушы,тежеуші рефлекстер болып 2 ге бөлінеді.

  8. Биологиялық тұрғыдағы маңызына байланысты – қорғаныштық,жыныстық т.б. болып бөлінеді.

Рефлекстің морфологиялық негізі ретінде – рефлекстік доғаны аламыз.Мұндағы рефлекстік доға деп отқанымыз ол – келіп түскен қозуды рецепторлардың жүйке орталықтарына,кейін эффекторларға,яғни шеткі ағзаларға жеткізетін өте күрделі процесті жол.Рефлекстік доға негізінен 5 бөлімнен тұрады,атап шықсам :



  1. Қабылдағыш құрылымдар – олар рецепторлар(қозуды қабылдайды);

  2. Афференттік жүйке – олар рецептор қабылдаған қозуды орталыққа алып келеді;

  3. Орталық – ол аралық нейрондардан құралған;

  4. Эфференттік жүйке – олар қозуды ары қарай орталықтан эффекторларға жеткізеді;

  5. Ең соңғысы ол тітіркенуге жауап беретін құрылым – эффектор(шеткі ағазалар).

Рефлекстің тек осы рефлекстік доғаның 5 бөліміде түгел жұмыс істегенде ғана қызметі жүреді.Яғни рефлекстік доғаның бүтіндігі бұзылса,онда рефлекс істен шығып,жоғалады.
Рефлекстік доға өзі екі түрге бөлінеді : қарапайым және күрделі,жеке – жеке тоқталып өтсем :
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет