жұмыстарының ара қатынасы: ЖОО – да өзіндік жұмыстың жалпы
қолданылатын екі түрі бар:
1.Дәстүрлі(аудиториядан тыс)
2.Аудиториялық,яғни студенттің оқытушымен бірге өзіндік жұмыс.
Оқу үдерісіне ақпараттық технологияның енуі студенттің өзіндік
жұмысының болашақтағы бағытын анықтауымен байланысты және ол
студенттің өзіндік жұмысының көлемін көбейтеді.
Семинар сабақтарын оқыту әдістері: сабақта студенттер кіші топтарға
бөлініп, әрқайсысы бір даярлайды. Топ мүшесінің біреуі сұрақ бойынша
жауап береді, топтар өзара сұрақтар қойып, тақырыпты ашуға тырысады.
Келесі түрі алғашқы үш сұрақ кіші топтар әдісімен сұралады.
Өздік жұмыс түрлері: «Тарихтын қайнар көздері және деректерімен жұмыс
тәсілдері», «Тарих пәнінен оқушылардың өзбетінше орындайтын
жұмыстары» тақырыптары бойынша конспект жазады. Конспект дәптерде
жазбаша түрде орындалуы керек
Пәнді
игеруге
қойылатын
білімділік,
дағдылық
талаптары
мамандығының біліктілігі бойынша: Тарихты оқыту әдістемесі пәнін
тарих мамандығына оқыту студенттің табиғат жайлы түсінігін, білуіне
білімдік негізін қалыптастыра отырып оқыту. Тарихты оқыту әдістемесі оқу
барысында студенттердің өздігінен білім алудағы қызығушылық пен
қажеттілікке тәрбиелеу;
-шешім
қабылдаудағы
танымдық
мүмкіндіктердің
инициативаның
шығармашылық ойлаудың дамуы;
-өзіндік жұмыс кезіндегі белгілі бір мақсат пен тапсырмаларды шешу және
ой қорыта білуге үйрету:
-студенттердің оқу материалдарын таңдау және анализ қабілетін дамыту
дағдысын қалыптастыру.
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша глоссарий
1.
Дидактика – педагогикалың бір саласы, оқыту үрдісіндегі негізгі
теориялық ұйымдасуын, заңдылықтарын, принциптерін әдістерін
зерттейді.
2.
Оқыту әдістемесі – оқушыларға білім беру, танымын арттыру және
дамыту, дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-
амалдары мен құралдарының жиынтығы.
3.
Оқытудың түсіндірмелі көрнекілік әдісі – оқшылардың білім алуын
ұйымдастыру. Әдістің басты бағыты оқушының ақпаратты оқу
құралдарын хабарлау арқылы игеруін ұйымдастыру және жақсы
қабылдауын қамтамасыз ету. Мұндағы оқушының іс әрекеті берілген
ақпаратты қабылдауға, оймен және есте сақтауға негізделген.
4.
Репродуктивті әдістің басты бағыты — алған білімді қолдану мен
пайдалнуды білу және дағдыны қалыптастыру. Оқушының әрекеті
әртүрлі тапсырмаларды шешуде олардың белгілі бір жаттығуларды
орындау амалдарына ие болуға, практикалық іс әрекетке алгоритіиге
сүйенуіне тура келеді.
5.
Проблемалық әдіс – меңгеретін оқу материалдарына әр түрлі
мәселелер мен әдістер және олардың шешімдерін ашып көрсету.
Оқушының әрекеті дайын ғылыми нәтижені ойлау мен еске сақтаумен,
қабылдаумен қатар шектелмейді, сондай дәлелдеудің логикасын
бақылау, оқушының ойлау әрекетіндегі қозғалысты бақылауға да
бағытталады.
6.
Ішінара іздену әдісінің негізгі бағыты – оқушының үнемі дайындық
үстіндегі мәселені өзіндік қою және мәселені шешуі. Оқушының
әрекеті проблеманы қою және шешу жолын табуды меңгеру барысында
оқушы белсенді қатысады.
7.
Зерттеушілік әдіс – ғылыми таным әдістерімен қамтамасыз ету,
оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту және шығармашылық
әрекетті ойдағыдай қамтамасыз ету, епті пайдалынатын білімнің
тұрақталуын үйрету. Оқушының әрекеті олардың өз бетімен мәселе
қойып, оны шешу тәсілін табумен аяқталады.
8.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс
орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін
қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін
жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық
туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді
түсінуге ықпал етеді.
9.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың
зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-
қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу
материалын түсінуге үлес қосады.
10.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі
құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту
құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ,
нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
11.
Эвристикалық әдіс – арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы
білімді өзінің танымдық іс-әрекеті дамыту.
12.
Бинарлық әдіс - бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың
тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі,
оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы,
мәтінді оқуы.
13.
Түсіндіру әдісі – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі
құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау.
14.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста
кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу
материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының
мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа
қарағанда көбірек қолданылады.
15.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу
материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды
қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі
түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін
Сократ әдісі деп атайды.
16.
Пікірталас – танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды
қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде
талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының
негіздерін түсінуге жағдай жасау.
17.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі.
Бастауыш
сыныптарда
кітаппен
жұмыс
сабақта
мұғалім
басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс
істеуге өздері үйренеді.
18.
Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау
19.
Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау
20.
Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап
(жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі
21.
Аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа
баяндау
22.
Рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу
23.
Справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет
24.
Формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы
25.
Тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды
ретке келтіру
26.
Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа
материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік
әдебиеттер және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып,
сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге
мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен қаруланады.
Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері
меңгеріледі.
27.
Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі
біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру.
28.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар –
атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер
көрсетіледі.
29.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау
арқылы
немесе
техникалық
құралдардан,
кино-фильмдерден,
диафильмдерден көрсетіледі.
30.
Түсіндермелі-иллюстративтік әдіс бастауыш мектептерде кең
тараған. Ол арқылы білім "дайын" күйінде беріледі. Мұғалім
материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде
қалдырады. Бұл әдісті шектен тыс қолдануға болмайды.
31.
Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін
және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен
білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады.
32.
Алгоритм - оқушыға зат не құбылысты толық білуге көмектесетін
бағыт беретін іс-әрекеттердің жүйесі.
33.
Мәселелік жағдаятты тудырудағы мақсат - оқуды қиындату арқылы
оқу материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету.
34.
Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды,
заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу
материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды
дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда
қолданған дұрыс.
35.
Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды,
ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе
жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады.
36.
Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір
қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар
түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі
дедукциямен бірге қолданылады.
37.
Импрессивтік әдістер. Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім)
әдісі арқылы балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның
авторы туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі идеясын
айтады.
38.
Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі
арқылы жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап,
өздерін танытады. Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық
қойылымдарда түрлі рөлдерде ойнауы, сценарий жазулары, режиссер,
ұйымдастырушы болулары, қарапайым шығарманы сахнаға лайықтап
қоюы.
39.
Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет.
40.
Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді
қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып
көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге
асырылады
Дәріс сабақтары
Кіріспе.Тарихты оқыту әдістемесі курсы пәні мен мақсаты. 1 сағат.
Дәріс мақсаты: Кіріспе дәріс сбағында тарихты оқыту әдістемесінің
педагогикалық ғылым мен гуманитарлық білім жүйесіндегі орны туралы
білім беру
Жоспар:
1.
Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы.
2.
Тарихты оқыту әдістемесінің педагогикалық ғылым мен гуманитарлық
білім жүйесіндегі орны
.
2.
Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім берудің
қазіргі құрылымы. 2 сағат.
1.
Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім беру мазмұны.
2.
Тарих пәні бойынша оқу жоспары.
3.
Тарих пәні бойынша оқытуды ізгілендіру
4.
12 жылдық білім беруге көшу, тарихтан білім беру мазмұны.
Оқу жоспары дегеніміз – пәндер бірізді жүйелі құрылып, оны оқыту мерзімі, әр пәннің
сағат саны көрсетілетін нормативті құжат.
Оқу жоспары :
оқу жылының, тоқсандардың демалыс күндернің мерзімін,
оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін,
әрбір оқу жылы бойынша оқу тәртібін және ретін,
әр пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін
көрсететін мемлекеттік құжат.
Оған сәйкестендіріліп:
-типті оқу жоспары,
- оның негізінде оқу жұмыс жоспарлары жасалады.
Оқу жоспары – білім стандартының ең басты межесі, ол білім беруде,
білім мазмұнының төменгі шегін ( min )
оқуға бөлінген уақыттың төменгі шегін
оқушы жүктемесінің жоғарғы шегін ( max ) анықтап береді.
Барлық пәндер мазмұнына ұлттық мәдениет пен педагогика тәжірибелерін енгізуді,
Білімді ізгілендіруді,
әр пән бойынша оқытудың әдістемелік жүйесін жаңартуды,
әр пән немесе курс бойынша оқу-әдістемелік кешендер жасауды көздейді.
Оқу жоспары екі бөлімнен тұрады : инвариантты, вариативті. Инвариантты оқу
жүктемесінде міндетті оқитын білім мазмұнының бөлігі шоғырланған, яғни негізгі
міндетті оқитын оқу пәндері мен оған бөлінген сағат сандары көрсетіледі. Вариативті оқу
жүктемесінде оқу орнының мүмкіндіктері, оқушылардың қараулары бойынша таңдау
сабақтары қарастырылады.
Базистік оқу жоспары негізінде білім беру мекемелерінде оқу жұмыс жоспарлары
жасалады. Онда ағымдағы жағдайлар, әр топтардың ерекшеліктерін ескере отырып
жасалады. Оны оқу ісінің меңгерушісі, бөлім меңгерушілері жасайды. Ол әр мамандыққа
ондағы топтарға негізделіп жасалады. Онда, оқылатын пәндер тізімі, сағат саны, оқу
мерзімі, оқу апталары, теориялық, практикалық сағаттар, курстық, бақылау жұмыстары,
оларға бөлінген сағат көлемі, бақылау түрлері, оларға бөлінген сағат мөлшері іс-тәжірибе
көлемі, уақыты, каникул уақыты көрсетіліп, қарастырылады. Оқу жоспары негізінде білім
мекемелерінің ішкі оқу-тәрбие жоспарлары жасалары.
12 жылдық білім беруге көшу, тарихтан білім беру мазмұны.
Тарихи білім беру қазіргі қазақ қоғамын демократияландыру басымдылық маңызға ие
болады, өйткені тарих ғылымы бүгінгі күннің ақиқатымен тығыз байланысты.
Мемлекеттік тэуелсіздіктің қалыптасуы кезеңінде қазақ қоғамын демократияландыруды
тереңдету меен ілгерлік өзгерістер тарихи білім мазмүнын, оқу материалын іріктеудің
негізгі принциптерін өзгертуді талап етеді. Тарих білім мазмүлын өзгертудің негізгі
бағыттары мыналар:
тарих процесті оқып - үйренуге формациялық жэне өркениеттік
түрғыдан қүрауды оңтайлы үштастыратын тарихты оқып - үйренудің
негізгі эдіснамалық түжырымдамасын жасау;
Қазақстан тарихын жэне дүниежүзік тарихан қатар жүретін
пропедевтикалық курстарды енгізу;
мәдениет, дэстүрлер, этногенез, қоғамының рухани өмірінің тарихы
бойынша тарауларды кеңейту;
мектептік курстарға дүниежүзілік тарихи дамудың жэне отан
тарихының жалпы процестерін сипаттайтын тараулар енгізу;
Шығыс елдері тарихи бойынша тарауларды кеңейту;
Қазіргі кезең мектепте тарихты оқытуға көзқарасты өзгертумен сипатталады. Бұл
өзгерістердің басты бағыттары мыналар болып табылады:
-
Отандық тарихты оқытудың басымдылық рөлі;
-
Отандық тарихты әлемдік даму контекстінде оқыту;
-
ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру;
-
тарихи білімнің тұлғалық бағдары, догматикалық нышандардан бас тарту;
-
мектептік тарихи білімінің нәтижеге бағдарлануы, оқушының дайын білімді енжар
алушыдан білімдік процестің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік
модельді қалыптастыруға бағытталады;
-
мектепте тарихты оқытуға біртұтас көзқарас қалыптастыру, бұл тарихты оқып
үйренуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қаруды ұштастыруға
негізделген тиісті;
-
формациялық тұрғыдан қарау тарихи даму кезеңдерінің сабақтастығы мен ішкі
байланыстарын бейнелейді, әлеуметтік – экономикалық процестерді логикасын
түсінуге мүмкіндік береді.
-
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тарих пәнінің білімдік, танымдық және тәрбиелік
рөлін күшейту.
-
Отандық білім жүйесін әлемдікбілім кеңестігіне енгізу ауқымында оқушылардың
гуманитарлық дайындығының деңгейін көтеру.
Тарих білім мазмұнын анықтауға қойылатын талаптар мектептік тарих курсына бөлінген
оқу уақытының жалпы көлемін, оқушылардың жас шамасы және психололгиялық
ерекшеліктерін ескере отырып анықталады.
Білім берудің іс -әрекеттік сипаты тарихты оқытудың әдістерін ұйымдастыру
формаларын қайта құруды талап етеді. Қайта құрудың мәні оқушылардың өзіндік
жұмысының басымдық рөлін күшейту. Оқушылардың өзіндік жұмысы: ұжымдық
жұмыстар, брэйнсторинг, рөлдік ойын, дебаттар, жобаларды қорғау, сөздік пинг –
понгтар, жазбаша жұмыстар (эссе, шығарма, рефераттар және т.б.) дайындай түрінде іске
асырылады. .
5 – 10 сыныптарда тарихты оқытудың мазмұны мен мақсаты – міндеттері төмендегі
шешуші біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған:
Саяси және әлеуметтік - оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешен қабылдай
білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына
белсенді түрде бейімделу қабілеті;
толеранттылық - басқа ұлттардың салт – дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау,
тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылық;
Когнитивтілік - өз білімін үнемі жетілдіруге дағдылану, шешімін іздеу, түсінігін білдірі,
нақты өмірдегі оқиғалардың себеп – салдарын өздігінен тану;
дүниетанымдық - әлем туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру, қоғамдағы әлеуметтік
орын дұрыс таба білу, отаншылық, қазақ халқының тарихы мен салт – дәстүрін, адамның
құқықтары мен демократиялық принциптерін құрметтеу.
Тарих білім берудің құрылымы.
5 сынып.
Қазақстан тарихы (элементарлық курс)
Жалпы тарих (элементарлық курс)
6 сынып
Ежелгі Қазақстан тарихы
Ежелгі дүние тарихы
7 сынып
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V – ХVғғ.)
Орта ғасырлар тарихы (V – ХV ғғ.)
8 сынып
Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (ХVІғ. – 1918ж)
Жаңа заман тарихы (ХVІғ.- 1918ж)
9 сынып
Қазіргі заман Қазақстан тарихы (1918ж. – 1990ж.)
10 сынып
Қазақстан Республикасының тарихы (1991ж.–бүгінгі күнге дейін)
Қазіргі заман тарихы (1991ж – бүгінгі күнге дейін)
Қатар жүретін пропедевтикалық курстар отандық және дүниежүзілік тарих бойынша
қарапайым түсініктер қалыптастыру міндетін орындауы тиіс. Бұл курстарда кейбір жаңа
ұғымдар мен терминдер, тарихи уақытты өлшеу негіздері, Қазақстан мен шетелдер
тарихының жекелеген тарихи оқиғалары мен құбылыстары оқытылады.
«Қазақстанның ежелгі тарихы» курсында – Қазақстан территориясындағы алғашқы
мемлекеттік жүйеге ерекше назар аудару арқылы қазақ жеріндегі тарихи процестердің
адамзат өркениетімен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде дамығандығына, біздің
жерімізде мемлекеттік институт жүйесінің ерте заманда – ақ пайда болғанына көңіл
бөлінеді.
Міне осындай маңызды мәселелерді оқушыларға тереңірек түсіндіру оқушылардың
алғашқы адамдар мен өмір тіршілігі, дүниетанымы мен әрекеті жөнінде нақты білім алуға
септігін тигізбек.
Орта ғасырлар тарихының, жаңа тарих және қазіргі заман тарихының
хронологиялық шектерінің өзгертілуі адамзат тарихы дамуының өркениеттік
тұжырымдамасын меңгеру нәтижесінде жеткен тарих ғылымының жаңа жетістіктеріне
негізделген.
Орта ғасырлар тарихи курсында V ғасырдан ХV ғасырлардың аяғына дейінгі дәстүрлі
қоғамның дамуы, гүлденуі және дағдарысқа ұшырауы оқытылады. «Қазақстанның орта
ғасырлар тарихы» V – ХV ғасырларда қамтиды. Еуразия кеңестігінде батыс пен шығысты
ұштастыратын аймақты мекендегі байырғы түркілер әр түрлі өркениет жетістігін бойына
сіңіре алды. Сондықтан орта ғасырлар тарихы Қазақстан аумағында бірін- бірі алмастыра
отырып, өмір сүрген көптеген мемлекеттер тарихын оқытады. .
Жаңа тарих ХVІ ғасырдан 1918 жылға дейінгі уақытты қамтиды, бұл кезеңде
дәстүрлі қоғамнан индустриалдық өркениетке өту іске асады. Әлемдік тарихи ой мен
ғалымда жаңа заман «қазіргі», яғни, индустриалдық қоғамның қалыптасу дәуірі ретінде
қарастырылады.
Қазіргі заман тарихы – бұл посиндустриалдық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
және одан ақпараттық қоғамға өту дәуірі.
1918 жылы – бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған жылы, жаңа дәуірден қазіргі
заманға өту аралығы ретінде алынған.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында ақпараттық қоғамға өту процесі басталды. Бұл Кеңес
Одағының ыдырауымен, Шығыс Еуропада социалистік режімнің жойылуы мен, Жаңа
тәуелсіз мемлекеттердің, және әлемдік дамудың жаңа құбылыстары мен процестерінің
пайда болуымен байланысты.
1918 жылдан бастап қазақ халқының ұлт – азаттық күресі саяси партия басқарған, арнаулы
бағдарламасы бар саяси қозғалысқа айналды.
«Қазақстан Республикасының тарихы» курсында Қазақстан тәуелсіз мемлекет
болып жарияланғаннан қазіргі кезеңге дейінгі оқиғалар қамтылады.
6-10 сыныптардағы тарих курстарының мазмұны оқу уақытының көлеміне,
отандық тарихты дәуірлеудің жаңа жүйесіне сәйкес анықталады.
Тарихи білім мазмұнын анықтаудағы вариативтілік 11-12 сыныптарда қолданған
дұрыс, өйткені онда сыныптардың оқу процесінде тарихтың алуан түрлі қырларын
ашатын, тарихты оқып-үйренудің әр түрлі әдіснамалық тұжырымдарын, тарихи процесс
пен тарихи танымның теориялық мәселелерін түсіндіретін бейіндік және факультативті
курстар басым орын алады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1.
Қазақстан тарихын оқытудың білімділік міндеті қандай?
2.
Қазақстан тарихын оқытудың тәрбиелік міндеті қандай?
3.
Қазақстан тарихын оқытудың дамытушылық міндеті қандай?
4.
Қазақстан тарихы мектепте нешінші сыныптан бастап оқытылады?
5.
Нормативтік құжаттарды атаңыздар?
6.
Білім беру мазмұны дегеніміз не?
7.
Тарих сабағы бойынша жоспар қалай жасалынады?
8.
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі педагогикалық пән ретіндегі орны қандай?.
9.
Тарихты оқыту әдісетеміс пәнінің обьектісі, міндеттері мен негізгі факторларын
атаңыздар?
10.
Тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі қандай?
11.
Әдістемелікзерттеу жұмыстарының деректері мен әдістерінің ерекшеліктерін
атаңыздар?
Әдебиеттер тізімі:
1.
Тұрлығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары А.,84.
2.
Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері А.,90.Вагин А.А.
Методика обучения истории. М.,1972.
3.
Методика преподавания истории в средней школе. М.,1986.
сатылап дамуымен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |