1. Оқу процесінде пәннің мақсаты. Пәннің мақсат-міндеттері және оның оқу процесіндегі орны


Дәріс тақырыбы: . Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата31.01.2017
өлшемі1,32 Mb.
#3071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 
Дәріс тақырыбы: . Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық 
әдістерді қолдану. .2 сағат. 
Жоспар: 
1. Тарихты оқытудағы ойын сабақтың жоғарғы танымдық потенциалы/ 
іскерлік ойындар, тарихи шайқастар, театрлік қойылымдар мен байқаулар/.  
2. Сайыс-сабақтар, саяхат-сабақтар, өлкетанулық ойындар.  
3. Оқыту процесінде ойын сабақты жүзеге асыру технологиясы. 
4.Педагогтың іскерлік алгоритмі, оқушылардың іскерлік алгоритмі. 
5.Тарихты оқытуда ойын сабақ өткізу- мектеп оқушыларының білімін көтеру 
әдісі.  
Оќыту  єдістері  дидактиканыњ  негізгі  ќ±рамды  бір  бµлігі,  себебі  оќытуу  ‰рдісі  оныњ 
маќсаты, мазм±ны, єдістері, ±йымдастыру формаларыныњ бірлігі болып табылады. 
Єдіс /грекше *методос*-жол / аќиќатќа, шындыќќа, маќсатќа жету жолдары. Оќыту єдісі- 
оќытушы мен оќушыныњ ж±мыс істеу єдісі, бірлесе жасайтын єрекеті, білім алу жолдары, 
ол арќылы білім, іскерлік, даѓды ќалыптасып, оќушылардыњ д‰ниетанымы мен ќабілеті 
артады, таным процесі жетіледі. 
М±ѓалім  оќыту  єдістерініњ  кµмегімен  оќушыларѓа  білім  беріп,  олардыњ  тєжірибелік 
єрекетін  ±йымдастыруда  µзініњ  іс-єрекетін  оќушылардыњ  таным  єрекетіне  басшылыќ 
етумен байланыстырады. 

Оќыту  єдістері  дегеніміз-  оќытудыњ  маќсатына  жету  жолы,  белгілі  жолмен  тєртіпке 
салынѓан іс- єрекет;  
Ойын  -  бала  әрекетін  дамытудың  негізгі  құралы.  Ойын  баланың  мінез-қүлқын 
қалыптастырып,  ой-өрісін  өсіріп,  ортаға  бейімдеп,  өзін  еркін  сезуге  үйретеді.  Ойын  - 
балалардың  бір-біріне  деген  қайырымдылық,  мейірімділік,  жанашырлық,  достық, 
жолдастық  сезімдерін  төрбиелейді.  Балаларды  коршаған  ортамен  таныстыру,  тілін 
дамыту,  табиғатпен  таныстыру,  бейнелеу  өнері  пәндері  оларда  табиғатқа  деген 
сүйіспеншілік,  үлкендердің  еңбегіне  қызығу  мен  сыйластық  сияқты  адамгершілік 
сипатын қалыптастырады. 
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының 
бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша 
симметриялы  орналастырып,  оларды  көлемі  (кең,  тар),  биіктігі  (биік,  аласа)  бойынша 
салыстырады.  Ойын  барысында  шығармашылық  танытып,  жаңа  мазмұн  ойластырып, 
белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына 
баға  береді.  Дидактикалық  ойын  барысында  есту,  көру,  сезіну,  қабылдау  сияқты 
үрдістері  дамып,  балалар  музыкалық  ойыншықтар  мен  әр  түрлі  саздық  аспаптардың 
дыбыс  шығару  ерекшелігін  ажыратуға,  заттарды  пішініне,  түсіне,  көлеміне  қарай 
іріктеуге,  әр  түрлі  қимылдарды  орындауға  үйренеді.  Тарих  сабақтарында  интерактивті 
оқыту әдістерін қолданудың маңызы. 
Казіргі алға дамып бара жатқан XXI ғасырдағы қоғам үрдістері бүгінгі  ұрпаққа қат-қабат міндеттер 
койды.  Солардың  бірі  білім  саласында  оқушыларға  осы  заманғы  сай  білім  жүйесі,  білім 
әдістерімен  сабақ  беру.  Яғни  бұл  орта  мектептерде  тарих  пәнінен  сабақ  беруде  интерактивті 
оқыту тәсілдерін қолдануды тиімділігі болып табылады. Оқытудың ойындық формасын тарих 
сабақтарында  қолданып  оқыту  оқушыларды  сол  өтіліп  жатқан  материалдағы  заман  кезеніне 
теренірек үңілуге, сол кез лебін сезінуге, белсенді лидерлік етуге итермелейді. 
Оқытудың  ойындық  формасына  кіретін  әдістерге  -  рөлдік  ойындар,  кон-курстар,  жарыстар, 
тренингтер, интеллектуалдық шолулар, брейнринг т.б. іс-шаралар өз кезегінде оқушылардың осы 
пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз. Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи 
шынжыр», «Саяхат», «Жас деректанушы», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Проблемалық полемика», 
«Тесттік конкурс», «Тарихи сахналық қойылымдар», т.б. 
Бұл аталған әдіс-тәсілдердің мәні: 
Әдістемелік мәні - тарих пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру. 
Тәрбиелік мәні - оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын кұрметтеуге үгіттейді. 
Теориялық  сипаты  -  оқушылардың  өзін-өзі  ұстау  ерекшеліктері,  сөйлеу  стильдерін 
қалыпастыруға көмектеседі. 
Еңді  әрбір  сыныпта  өтілетін  тақырыптарда  қолданылатын  интерактивті  әдістерге  тоқталып 
өтсек: 
«Тарихи шынжыр» ойын тізбегі. Бұл тәсіл кез-келген сыныпта тарих пәніңде қолдануға қолайлы. 
Оның мазмұны бойынша белгілі бір тарихи деректі, яғни белгілі бір мәлімет беретін сөйлемді үш 
немесе  төрт  оқушы  кезектесіп,  біреуі  әуелі  басын,  екіншісі  орта  тұсын,  үшіншісі  аяқ  жағын 
айтып,  тұтас  бір  ойынды  тізбекті  құрайды.  Нәтижесінде:  нақты  бір  тарихи  дерек  кұрылады. 
Тиімділігі - оқушыларды тапқырлықпен дәл, нақты логикалық ойлауға үйретеді. 
«Жас деректанушы» тағылымдық ойыны. Өтіліп жаткан тарихи дәуір бойынша сол кезеңдегі саяси 
оқиғаларды  жазушы  жылнамашылар  атыан  кез-келген  тарих  пәнін  сүйетін  оқушы  мәлімет 
жазып,  оларды  өз  көзкарасы  шеңбері  нде  жеткізеді,  өзінше  сипат  береді.  Деректанушы  болп 
отырған оқушы нақты фактілерге айкын сипаттама беруге үйренеді. 
«Проблемалық  полемика»  ой  талкысы.  Оның  мәні  өтілетін  материалдағы  болып  кеткен  тарихи 
оқиға, түрлі реформалардың, саяси тұлғалардың жеке басы, іс-әрекеттеріне он (+) және теріс (-) 
дәрежедегі бағалар беруі оқушыларға кез-келген мағлұматгарды объективті түрде баға беруге 
үйретеді. 
Тестік конкурс. Оқушылардың әрбір өтілген такырып бойынша ой елегінен өткізіп жинақтап 
жүрген  материалдарды  тест  сұрағы  формасында  көрсету.  Осы  бойынша  әрбір  оқушы  өзінің 
қасындағы әріптесімен тест сұрақтарын жасырып қою арқылы бірінің білмеген мәліметін екіншісі 
толықтырып, оқушылардың ақпарат алмасымдық дәрежесі жоғарылады. 

«XXI  ғасыр  көшбасшысы»  интеллектуалдық  шоуды  ұйымдастыру  тәсілі  көбінесе  өтілген 
материалдарға  шолу  жасау,  қорытынды  сабақтарға,  жинақтау  сабақтарына  пайдалануға  өте 
ыңғайлы.  Өтілген  сабақ  тақырыптарын  жинақтау  кезінде  оқушылардың  арасынан  тілек 
білдіруші  немесе  ең  білімді  деген  оқушылар  шығып,  әркайсысы  жеке-жеке  жалпы  шоудың 
турлары бойынша сайыска түсіп, ең көп сауаттылық, жігерлілік, біліми белсенділігін танытьш 
жеңіске жеткен дарынды окушы жеңімпаз болып танылады. Бұл сайыстын тигізер тиімділігі - 
оқушыларды лидерлік касиеттерге тәрбиелеу әрі танымды-лық кабілетін арттыру.  
Тарихи  сахналык  койылымдар.  Әсіресе  Казақстан  тарихы  пәні  сабақтарында  жинақтау  сабақ 
ретінде бұл тәсілді қолдану оқушылардың сол болып жатқан оқиғалар тізбегіне, реформалар 
кезеңіне тереңірек енуіне, мүмкіндігінше кебірек сезінуіне ықпал етеді. Жекелеген оқушыларды 
белгілі  бір  сценарий  желісі  бойынша  дайындалған  рөлдерге  оқушыларды  орнымен  қойып 
ойнату, балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыгггастыру, бейнелік ойлау шеңберін, 
шешендік сейлеу стильдерін қалыптастыруға көп септігін тигізеді. 
           Сыныптан  тыс  мектептен  тыс  өлке  тану  туристік   жұмыстың  формалары  мен  
методтары    алуан    түрлі    болады.  Бұл:  экскурсиялар,    жорықтар,    саяхаттар,    үйірмелер,  
клутар,    қоғамдар,    туристік    лагерьлер    музейлер,    бұрыштар    мен    көрмелер,    слеттер. 
Мектеп    өлке    тануының      негізгі,    неғұрлым      көп      тараған      және      пәрменді  
формаларына:  табиғатқа,    өндіріске,    есте    қаларлық    тарихи    орындарға,    оқу    және  
программадан  тыс  экскурсиялар  ұйымдастыру,  туған  өлке  бойынша  жорықтар,  алыс  
және    жақын    қашықтықтарға    жасалатын    жорықтар    жатады.    Экскурсияларда    мектеп  
оқушыларын  өндіріс   негіздерімен,  құрал – жабдықтарымен,  технологиялық  процеспен,  
жаңа  техникамен,  еңбектің  ұйымдастырылуымен,  ғилыми – техникалық  жетістіктермен  
таныстыру, өндіріс  озаттарымен   кездесулер   өткізу   көзделеді.  
           Кез  келген  экскурсия  мен  саяхатқа  алдын  ала  байсалды  дайындық  жүргізеді. 
Ол  ең  алдымен  өлке  тану  әдебиеттерімен,  анықтамалықтармен  танысу,   эскурсияға,  
саяхатқа  қатысушылар  арасында   міндеттер   мен   тапсырмаларды   бөлу,  орындалатын  
жұмыстың    көлемін      жоспарлау,    өлке    тану    жұмысына    керекті    құрал  –  жабдытарды   
дайындау.    Ғылымның      жеке    салаларынан    емес,  зертттелетін    обьект  (  қала,    аудан, 
кәсіпорындар т.с.с) туралы  тұтас  ұғым  беруге  көмектесетін  комплексті  экскурсиялар  
неғұрлым  тиімді  болып  табылады.  Мысалы:  кәсіпорнының  жұмысымен  танысқанда,  
оқушылар    оның    тарихымен    танысады,    өндіріс    технологиясының,    өндірістік  
байланыстар  мен  шоғырланудың   схемаларына  жасайды,  еңбек  жағдайларымен  және  
еңбек    өнімділігімен,  экономикалық    көрсеткіштерімен    танысады,    осы    кәсіпорынның   
еліміздің,  облыстық,  ауданның  халық  шаруашылығы  жүйесіндегі  ролін  анықтайды.  
            Комплексті    экскурсияның    жоспары    мен    оған    байланысты      оқушыларымен  
берілетін    тапсырмалар    оқу    программаларына    сәйкес    және    оқушылардың    жасын  
ескере    отырып,    түрлі    пәндердің    мұғалімдерінің      белсене      қатысуымен    жасалады. 
Сыныптан  тыс  өлке  тану  жұмысының  аса  қызықты  түрі – туған  өлкені  жан – жақты  
білуді    сауықтыру    спорттық    мақсаттарымен    тығыз    ұштастыратын    туристік    жорық  
болып    табылады.  Саяхатты    ойдағыдай    өткізу    үшін    баратын    ауданды    алдын    ала  
зерттеп  білу  және  егжей – тегжейлі  маршрут  жасау  қажет.  Саяхатқа  қатысушылардың  
барлығы    туризм    техникасын    және    кеңістікті    бағдарлау    бойынша      білімдерді   
меңгерулері  керек,  алдын  ала  жорықтың  сметасы  мен  жоспары  жасалады,  қажетті  
туристік  жабдықтар  әзірленеді.  
Өзіндік бақылау сұрақтары:  
1. Тарихты оқытудағы ойын сабақтың жоғарғы танымдық потенциалы қандай?  
2. Сайыс-сабақтар, саяхат-сабақтар, өлкетанулық ойындар дегеніміз не?  
3. Оқыту процесінде ойын сабақты жүзеге асыру технологиясының авторлары кімдер?. 
 
Дәріс №5. Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану.2сағат. 
Жоспар: 
1. Тарихты көрнекілік құралдармен оқытудың функциясы мен мәні. 

2. Тарих сабақтарында оқу картинасымен жұмыс істеу тәсілдері. 
3. Пәндік көрнекілік және оның танымдық, эстетикалық, шартты-
графикалық, қолданбалы құндылықтары. 4.Картамен жұмыс. Тарихи карта-  
оқушылардың тарихи процестер байланыстарын ұғынудағы қажет әрі 
маңызды көрнекілік құрал. 
1.  Көрнекілік  оқыту  әдісінің  мағынасы.  Көрнекі  құралдарды  таңдаудағы  ғылыми-
әдістемелік жол және тарих сабақтарында олармен жұмыс істеу тәсілі. 
2. Жұмыс істеу тәсілдері: 
а/  бейнелеу  көрнекілік  құралымен.  Тарихты  оқытуда  техникалық  құралдарды  пайда-
лану.  Оқытудың  техникалық  құралдары  (ОТҚ)  білім  берудің  конспектілігін,  бейнелігін, 
әсерлігін күшейтіп, оқушылардың шығармашылық қиялы мен ойлауын ынталандырады. 
Оқытудың  техникалық  құралдарының  арасынан  тарих  сабағында  экрандық  құралдар 
(диафильм,  дианозитив,  кодонозитив)  оқу  кинофильмдері,  телебағдарламалар, 
компьютерлік бағдарламаларды қолдануға болады. 
Мектеп  оқулықтарының  бағдарламасына  сай  дайындалған  диафильм,  дианозитивтерді 
қазіргі  кезде  мектептерде  өте  сирек  қолдануда.  Олардың  көпшілігі  жаңа  бағдарламаның 
мазмұнына  сай  келмегенімен,  оларды  саралап  пайдалану  тарих  сабағының  тиімділігін 
арттыруға көп септігін тигізеді. 
Мектеп  практикасында  көп  қолданылатын  ОТҚ  түрінің  бірі  —  кодоскол.  Ол  экранға 
немесе  сынып  тақтасына  мөлдір  пленкаға  салынған  сурет,  сызба,  диаграмма,  жазба 
мәтінді  көрсетуге  арналады.  Оны  қолданудың  бірқатар  артықшылықтары  бар.  Оған 
қажетті  сызбаларды  мүғалім  немесе  оқушы  оңай  әзірлей  алады,  оларды  бірізділікпен 
пайдаланыптақырып мазмұнына икемді сипат беруге болады, әрі кодоскопты пайдалану 
үшін бөлмені қараңғылаудың қажеті жоқ. 
Тарихты  оқытуда  кинофильм,  оқу  фильмдері  мен  телебағдарламаларды  қолданудың 
ұқсастықтары көп. Оларда оқушыларға сөз бен бейне түрінде  ұсынылады. Қысқа мерзімде 
оқушылар  аса  мол  акпаратпен  таныса  алады.  Фильмдер  арқылы  оқушылар  алыс 
күндердегі драмалық оқиғалардың ортасында болып, тарихи тұлғалардың, кейіпкерлердің 
жанды  дауысын  естиді.  Жалпы  тарих  сабағының  тиімділігін  арттыруда  бұл  оқу  түрінің 
болашағы зор. 
Компьютерлік багдарламалар тарихи оқиғаларды имитациялауға үлкен мүмкіндік береді. Өткен 
кезең  туралы  қомақты  да  жарқын  түсінік  бере  отырып,  компьютерлік  бағдарламалар 
оқулығының  тарихи  оқиғаға  араласып,  оған  ықпал  жасай  алуы  арқылы  қызығушылығын 
арттырады. Сол сияқты компьютер мүмкіндігін пайдаланып, тарихи процестерді ілгерлетуге  
болады. Тарихты оқытуда компьютерді қолдану алдағы уақытта кең өріс алады, бұл баланың 
жан-  жақты  білім  алуына    көмектеседі.Бұл  рейтинг  жүйесін  әр  мұғалім  өз  пәнінің 
ерекшеліктеріне  қарай  бейімдеп  жасауға  болады.  Керіп  отырсыздар,  мұғалім  окушыға 
күнделікті  сабақтыңтапсырмасына  қарағанда  күрелі,  ез  бетінше  жұмыс  жүргізуге  ба-ғыт-
бағдар  беріп  отыр.  Оқушы  бұл  тапсырмаларды  орындағанда  оқулық  материалын  толық 
біліп  қана  крймай,  өзінің  бойындағы  барлық  қабілетін  аша  отырып,  ойланып  жұмысын 
жүргізуі қажет. 
Бала  бойындағы  дарындылықты  ашуда  әрбір  ұстаз  өз  сабағында  жаңашыл  әдіс-тәсілдерге 
сүйеніп,  сабак  жүргізсе  өскелең  жастың  өмірге  нақты  көзқарасын  қалыптастыра  алады. 
Қалыптан  тыс  сабақтарды  оқушылармен  жүйелі  өткізу  олардың  сол  пәнге  деген 
қызығушылығын арттырады. 
Қазақстан  Республикасының  орта  білім  дамыту  тұжырымдамасыңда  көрсетілгендей, 
бүгінгі  білім  міндетін  тек  негізгі  үш  мақсат  шеше  алады:  олар  -  дүниетанымдылык, 
шығармашылық, терең білімділік. 
«Инновация», жаңа технология ұғымдары бүгіңде педагогика саласыңда жиі қолданыскатүсіп 
отыр.  Ол  дегеніміз,  білім  саласына  үнемі  ізденіс  және  білім  мазмұнын  емір  талабына  сай 
жақсарту, оқытудың әдіс-тәсілдерін жасау деген сөз. 
          б/  шартты-графикалық.  Тарих  сабағында  тірек  схемаларын  пайдаланудың  тиімділігі  9 
сыныпта «Абылай хан» тақырыбы бойынша «Қазақ тарихындағы маңызды оқиғалардың жылын 
көрсетіңіз» деген тапсырма беріледі сабақ суретті тірек схема арқылы түсіндірілді. 

Абылайдын шығу тегі туралы шежіре интернеттен алынған материал арқылы түсіндіріледі. 
8  сыныпта  «Қазақ  хандығының  құрылуы»  тақырыбын  өткенде  оқушылар  топқа  бөлінеді. 
Оларға мынандай тапсырмалар беріледі. 
1.
 
 Картамен жұмыс жүргізу (топпен жұмыс); 
2.
 
Тест сұрақтары арқылы білімді тексеру; 
3.Тірек схема арқылы Казақ хандығының мемлекеттік кұрылысын анықтау; 
4 Хронологиялық тапсырма; 
5. Сөзжұмбақ арқылы қорытындылау, бекіту. 
6. Пікір сайыс, проблемалык сұрақтарға жауап беру. 
Осылайша  өз  сабақтарымда  тірек  кестелерін  пайдалану  аркылы  уақьпты  үнемдеу  мәселесі, 
бөлінген уақыт ішінде біраз мәселелердін басын ашып, мазм ұнын түсінуге мүмкіндік жасауға 
болады. 
Оқулықтағы  тұтас  тарауды  қамтитын  көлемді  дүниенің  басты  мәселелерін  бір  кестеге 
шоғырландыру  окушы  ойын  жинактауга,  кенейтуге,  жаттаңдылық  сиякты  жаман  әдеттен 
сактандыруға, салыстырмалылыкка үйретуге, тарихи кұбылыстарға талдау жасай білуге тағы 
баска үлкен кемек берері сөзсіз «Көп білген кеменгер емес, білімін пайдалана білген кеменгер» 
демекші, адам үнемі біле түсуге ұмтылып, білімін молайту қажет. 
Жаңа  технологияларды,  оның  ішінде  электронды  оқулықтарды  пайдалану,  оқу  шыларды 
ақпаратпен  жұмыс  істей  білуін  калыптастыру,  оқу  жүйесінің  сапасын  арттырады.  Жаңа 
технологиядағы  басты  мақсат  -  өздігінен  дамуға  ұмтылатын  жеке  тұлғаны  калыптастыру, 
оқушыны мұғалім дайындап әкелген жана материалды жай кабылдаушыдан оны іздеп табушыға 
айналдыру.  Сабақты  үнемі  түрлендіріп,  схемалар,  сауалнама  сұрақтар,  жаңа  технологияны 
пайдалану ар-қылы өткізу үлкен нәтиже береді. 
Оқу  пәнінің  мазмұнын  көрнекілік  түрінде  құрылымдау  оқушылардын  кабылдауын 
оңайлатады.  Егер  оқушы  сызбаны  өздері  жасаса,  жана  мағлұматты  меңгеру  дәрежесі  жоғары 
болады. Соңдықтан, оқушылар шығармашылығын дамыту мақсатында тірек схемаларды өздері 
орындап келуге тапсырма беремін. 
       Сабақ  құрылымын  жиі  өзгертіп  отыру  олардын  ойлау  кабілетіне,  өз  ойын  қорыта  айтуға, 
тарихи  деректермен  жұмыс  істеуіне  козғау  салады.  Пәнге  деген  кызығушылығын  туғызады. 
Пән бойынша жақсы нәтиже көрсеткішіне жеткізеді.      
в/ сынып ерекшелігі бойынша жұмыс ерекшелігі. Деректік материалдар оқушылардың 
жас  ерекшеліктеріне  қарай  тәжірибелік  және  теориялық  деңгейде  оқытылады.  Тарихи 
материалды тәжірибелік тұрғыдан игеру оқушыларға тарихи құбылысты "дайын күйінде" 
ұсынуға  негізделеді.  Бұндай  таным  нысанның  сыртқы  белгілерін  қабылдап,  үғымдардың 
қалыптасуын  қамтамасыз  етеді.  Содан  соң  барып  теориялық  таным  басталады.  Деректі 
танудан теориялық қорытыңдыға өту процесі онша күрделі емес. Ал бір теориядан екінші 
теорияға  өту  процесі  барынша  күрделі  сипат  алады,  ол  теориялық  деңгейдегі  таным  деп 
аталады.  Бұл  білім  тарихи  оқиғалар  мен  құбылыстарды  түсіну  және  түсіндіруде 
қолданылады. 
Сабақ  мақсатын  айқындау.  Төжірибелі  мұғалім  оқу  курсымсн  алдын  ала  танысқанда 
немесе  тақырыптық  жоспар  түзгенде  тақырыптарды  немесе  бөлімдерді  оқып-үйренудің 
келешек  мақсатын  айқындайды.  Ал  жас  мұғалім  әдетте  жалпы  мақсаттарға  емес,  нақты 
сабаққа дайындық кезеңінде нақты мақсаттарға көңіл бөлгені орынды. 
Бекіту сұрақтары:  
1. Көрнекілік оқыту әдісін қалай түсінесің?  
2.Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жолы туралы небілдіңіз?  
3.Көрнекі құралдармен тарих сабақтарында жұмыс істеу тәсілдерінатап беріңіз? 
Әдебиет: 
1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990 
2.С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы 
әдістемелік журнал.15-18 б. 
3.Ковжасарова  М.Р.,  Нурмухаметов  Н.Н.  Аульбекова  Г.Д.Технологизация  учебного 
процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224 с. 
 

Дәріс тақырыбы: 3. Тарихты оқытуда компьютерлік техниканы 
пайдалану.2 сағат. 
Жоспар: 
1.
 
Оқушылардың тарихи білім алуындағы компьютердің рөлі.  
2.
 
Оқытудың 
серпінділігі 
нақтылығы 
және 
эмоционалдығы,  
шығармашылық  ойлау  қабілетін  реттеу  үшін  үшін  техникалық 
құралдары пайдалану. 
3.
 
Тарих бойынша компьютерлік бағдарламалар құрастыру. 
 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  еліміздің  білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеттері  атап  көрсетілген.  Соның  бірі-білім  беру  жүйесін 
ақпараттандыру,  оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу,  бүкіләлемдік  коммуникация 
желісіне шығу. 
 
Білім  беруді  тез  қарқынмен  компьютерлендіру  қажеттілігі  мына  факторлармен 
түсіндіріледі. 
1.
 
Оқушыны  қазіргі  қоғам  сұранысына  сай  өзінің  өмірлік  іс-әрекетінде  дербес 
компьютердің  құралдарын  қажетті  деңгейде  пайдалана  алатындай  жан-жақты 
дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу. 
2.
 
Жаппай  компьютерлік  сауаттылық  мәселелерін  шешу,  яғни,  оқушыларға 
информатика  мен  коммуникациялық  техниканың  құралдарын  пайдалану 
дағдысын қалыптастыру. 
3.
 
Оқушының шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін дамыту. 
4.
 
Оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейін  жетілдіру,  тиімділігі  мен  сапасын 
жоғарылату  мақсатында  компьютерді  жекелеген  пәндерде  оқыту  құралы 
ретінде пайдалану.   
Білім беру үрдісін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты. Ал  білім беруде 
компьютерді  және  оның  құралдарын  пайдалана  бастаған  кезде  оқытудың  жаңа 
ақпараттандыру  технологиялары  ұғымы  пайда  болды.  Анықтамалық  сөздік  бойынша: 
ЖАТ  –  компьютер    құралдарымен  оқытуда  оны  пайдалану  әдістері  туралы  білімдер, 
жиыны  ғалым  Н.Макарова  бұл  терминді  қысқаша  компьютер  негізіндегі  технология  деп 
тұжырымдайды.  В.Извозчиковтың  анықтауынша,  білім  берудегі  жаңа  ақпараттық  
технология  - оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең   алдымен, компьютерді оқу-
тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы. 
Сондықтан  білім  беруді  ақпараттандыру  және  оқытуды  компьютерлендіру  ұғымдарын 
бір-бірінен  ажырата  білу  керек,  соңғысы  компьютерді  тек  оқытуда  пайдалану  аумағын 
қамтиды.  Бұл  жағдайда  компьютердің  мүмкіндіктері  өте  кең:  электронды  оқулықтардың 
көмегімен  жаңа  білім,  жаттықтыру  тапсырмаларын  беру,  оқушылардың  білімін  тексеру, 
тест  алу,  әр  түрлі  ойындар  т.б.  оқыту  үрдесінде  компьютер  оқыту  нысаны  және  құралы 
болуы  мүмкін,  яғни  оқытуда  компьютердің  екі  бағыты  болады.  Біріншісі  бойынша 
компьютердің  мүмкіндіктерін  сезініп  және  оны  әр  түрлі  жағдайларда  пайдалана  білуге 
қажетті  білім,  дағды  іскерліктермен  қаруландырса,  екіншісі,  компьютер  оқытудың, 
тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып есептеледі. 
Қазіргі  кезде  сабаққа  дайындалу  барысында  мұғалім  сабақ  мазмұны  оқушылар  үшін 
танымалдығы  жағынан  қызықты  әрі  жаңаша  өтуі  үшін  өзінің  бағалы  уақытын  қажетті 
материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс мәселелік – бағдарлы оқу 
бағдарламалары  пакетінің  болуы  мұғалімге  «мұғалім  –  оқушы»  жүйесінде  ақпаратты 
беруді,  өңдеуді  және  қайталауды  жаңаша  ұйымдастыруына  мүмкіндік  береді.  Бірақ, 
мұның  барлығы  жүзеге  асуы  үшін  мұғалім  компьютерлік  оқыту  технологиясы  бойынша 
білім  мен  іскерліктерді  игеруі  қажет.  Бұл  дайындық  дифференциалды  түрде  болуы  тиіс, 
себебі,  әрбір  пән  мұғалімдері  үшін  компьютерді  оқыту  үрдісінде  пайдалану  әр  түрлі 
сипатқа ие. 
Ұлттық  білім  берудегі  ақпараттандыру  кеңістігін  қалыптастыру  факторларының  бірі-
тарихи  білім  беру  саласына  ақпараттық  және  телекомуникациялық  технологияларды 

енгізуді  кеңейту.  Қазіргі  заман  талабына  сай  жаңа  ақпараттық  технологияларды  тарих 
сабағында  қолданудың  басты  мақсаты  –  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығуын, 
белсенділігін арттыру арқылы интеллектуалдық қасиеттері, экономикалық құбылыстарды 
сезіну,  оларды  тануы,  тарихи  теорияның  түсініктерін  игеруі  және  осыларды  күнделікті 
өмірде  бағдар  ұстана  білуге  үйрету.  Осы  мақсатты  негізге  ала  отырып,  арнайы 
компьютерлік бағдарламалар арқылы тарих сабағын жандандырып өткізуге болады. 
Жасыратыны  жоқ,  бүгін  таңда  компьютер  оқытудың  маңызды  бір  бөлшегіне  айналып 
келеді.  Қазіргі  кезде  жекелеген  пәндер  үшін  педагогикалық-психологиялық  талапқа  сай 
ана тілінде электрондық оқулықтарды жасау қажеттігі туды. Бұл оқулықтарды теориялық 
материал,  жаттықтыру  тапсырмалары,  тексеру  тестері  т.б.  болуы  тиіс.  Бұл  сөз  жоқ, 
оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай 
туғызады 
Компьютерді  пайдаланып  оқуды  ұйымдастыруда  дидактикалық  ұстанымдардың 
басшылыққа  алынатыны  түсінікті.  Оқытудың  компьютерлік  технологиясының 
дидактикалық  категорияларының  өзіндік  ерекшеліктері    бар,    тіпті  кейбір  дәстүрлі  
ұстанымдардың  аумағы  кеңейіп,  осы  технология  кезінде  ғана  шын  мәнінде  іске  асуға 
мүмкіндік алады. 
Ендеше  біз  осы  дидактикалық  ұстанымдар  және  оларды  компьютерді  оқыту  құралы 
ретінде пайдаланғандығы сипатына тоқтала кетейік. 
1.Жүйелілік және бірізділік ұстанымы. 
Пәнді  оқытудағы  жүйелілік  дегеніміз  –  пәнді  өзінің  құрлымы  мен  ішкі  логикасы  сай 
белгілі бір тәртіппен оқыту және оның негізгі ұғымдары мен қағидаларын біртіндеп игеру 
деген сөз. Бірізділіктің сипаты оқыту үрдісінде мынаған саяды: қарапайымнан күрделіге; 
түсініктен ұғымға; белгіліден белгісізге; білімнен  іскерлікке. 
Мұғалім  оқу  материалын  бірізді  жүйемен  әрбір  соңғы  ғылыми  қағиданы  кейінгі 
сабақтарда  өрістетіп,  екі  материал  мен  жаңа  материалдарды  сабақтастырып  отырса, 
оқушылар  білімді  әрі  саналы,  әрі  баянды  меңгереді.  Егер  оқу  үрдісіндегі  жүйелілік  пен 
бірізділік бұзылса, онда оқушылардың білім алуы екі талай.  
Мұғалім оқу материалдарының ішінен өзекті мәселелерді іріктеп, оқушылардың санасына 
сіңіре  білуі  керек.  Оқушылардың  алған  білімін  жүйелеу  үшін  тараулар  бойынша  оқу 
материалын  қайталап  отыру  қажет.  Білімді  жүйелі  меңгеру    үшін  оқушылар  пәннің 
логикалық құрылымын түсінуі керек. 
Пәншілік  жүйелілік  пен  бірізділікті  қамтамасыз  етумен  қатар  пәнаралық  жүйелілік 
кеңейтуге,  белсенділігін  арттыруға  ықпал  етеді.  Мұны  пәншілік  және  пәнаралық 
байланыста  немесе  білім  мазмұнындағы  керектіру  мәселесін  шешу  арқылы  жүзеге 
асыруға болады. Бұл жағдайда компьютердің әмбебап мүмкіндігі, яғни өз  жанына орасан 
зор мәліметтер базасын сақтай білуі,  оны шапшаң, қажетті  формада пайдалануға жағдай 
жасау сияқты мол мүмкіндіктері бар. 
Жүйелілік  ұстанымы  тек  мазмұнға  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқу  үрдісінің  жүру 
барысында да қатысты. 
2.Көрнекілік  ұстанымы  немесе  нақты  мен  абстрактының  арасындағы  бос    кеңістікті 
толтыру. 
Кез    келген  нәрсені  қабылдау  бақылауға,  ал  бақылау  ойлауға  әкеледі.  Демек,  нысанды 
бақылауда  оқушылар  өз  тану  жолында  нақты  мен  абстракцияны  бірдей  қабылдайды. 
Мәселен,  тарих  пәнінде  карталар,  диаграмма,  плакаттарды  мазмұнды  көрнекті  түрде 
берсек  те,  шынайы  шындықты  жалпылама  түрде  шартты  белгілердің  көмегімен 
сипаттайтынымыз белгілі. 
Оқытудың дәстүрлі технологиясында көрнекіліктің табиғи, кескіндік және символдық деп 
аталатын үш түрі бар.  
Ал  көрнекіліктің  әр  түрінің  өзіне  тән  атқаратын  міндеттері  болады.  Сондықтан  оқу 
үрдісінде көрнекілікті пайдаланғанда бірқатар әдістемелік талаптарды орындаған жөн. 
Көрнекі  сабақ  мақсатына  сай  іріктелуі  тиіс,  оларды  пайдаланған  оқушылардың  дұрыс 
қабылдауын қамтамасыз ету үшін құралдың неғұрлым маңызды жақтарына назар аударған 
жөн,  яғни  сабақта  көрнекі  құралдар  шамадан  тыс  көп  болмағаны,  яғни  мақсатқа  жетуге 

қажеттілерін  ғана  пайдаланған  маңызды.  Егер  сабақ  кезінде  бірнеше  көрнекі  құрал 
көрестімді қажет болса, олардың бәрін бір мезгілде емес, әрқайсысын қажетінше кезегімен 
пайдаланған орынды. 
Сабақ  кезінде    мұғалімнің  өзіеің    баяндауы  мен  көрнекілікті    үйлестіруі  елеулі  рол 
атқарады.  Дидактикалық  үйлестірудің      екі  тәсілі  бар.  Біріншісінде    көрнекті  құрал 
мұғалім түсіндіруінен бұрын көрсетілді. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың іс-әрекетін, 
байқағаштығын  бақылай  отырып,  керегенше  мағлұмат  алуына  жетекшілік  етеді. 
Екіншісінде  көрнекі құралды көрсетуден бұрын мұғалім оқу материалын түсіндіреді. 
  Бұл  екі  тәсілдің  біріншісі  тиімді,  себебі  ол  қажетті  білімді  меңгерумен  бірге 
оқушылардың байқағыштың қабілеттерінің өрістеуіне көмектеседі. 
Көрнекіліктің басты мақсаты-бақылау  арқылы ой түю, оқуға, компьютерді пайдаланғанда 
түрлі-түсті пеңдегі кесте, диаграммалармен қоса қозғалыстағы денелерді  сипаттауға, тіпті 
оның  ағымын  математикалық    моделдеу  арқылы  дәл  әрі  көрнекі  сипаттауға,  болады. 
Ендеше    компьютерді    пайдалану  арқылы  көрнекілік  ұстанымын  соғұрлым  кеңейтуге  
болады.  Мысалы,  көзге  көрінбейтін  үрдістердің  ағымын  компьютерде  дәл  сипаттауға 
мүмкіндік  бар.  Мұндай  көрнекілікті  компьютердегі  сипатталған  мультипликацияға 
интерактивті    режим  арқасында  оқушы  әр  уақыт    әсер  туғызып,  оның  болып  жатқан 
үрдіске тигізетін әсерін бақылай алады, бұдан өтіп жатқан үрдіс жөнінде ас  түйеді. 
 3. Түсініктілік пен ғылымының ұстанымдары. 
 Түсініктілік ұстанымына  мыналар кіреді:  
-білім беруді баланың ақыл-ойы қалыптасып бітпей ерте жастан бастау керек; 
-білім беруді қарапайымнан күрделіге қарай дамыту керек
-белгіліден белгісізге қарай жүретін оқыту тиімді болмақ т.б. 
Педагогикалық  ережелер  сақталмаған  сабақтарда  оңай  материалдың  өзі  қиындап  кетуі 
мүмкін,  ал  керісінше  дұрыс  ұйымдастырылмаған  сабақ  үрдісінде  күрделінің    өзі 
жеңілдейді. 
  Оқу материалының түсініктілігі оның күрделігіне, оқушылардың даму ерекшеліктері мен 
дайындық деңгейіне, білімді сапалы меңгеруге көмектесетін оқу әдістері мен құралдардың 
орынды шарттары қолданылуына байланысты. 
 Ғылымилық ұстанымның басты шарттары төмендегідей: 
-білімнің мазмұны ғылымның қазіргі  деңгейіне сай болуы; 
-ғылыми танымның жалпы әдістері жайында оқушыларда дұрыс түсініктер қалыптастыру
-таным үрдісінің маңызды заңдылықтарын оқушыларға көрсету; 
  Бұл шарттар өзара тығыз байланысты.  
    Жалпы  білім    беретін  орта  және  кәсіптік  мектеп  реформасының    негізгі  бағыттарына 
сәйкес  орта  білім  беруді  қайта  құрудың  негізгі  шарттарының  бірі  –  оқытуды  
компьютердіру. 
   Қазіргі кезде білім беруді компьютерлендірудің үш негізгі  бағытын көрсетуге болады. 
1.
 
Жалпы  компьютерлік  сауатттылықты  қамтамассыз  ету,  мұнда  компьютер  оқыту 
нысаны болып табылады. 
2.
 
Компьютердің  оқыту  тиімділігін  оқытудың  құралы  ретінде  пайдалану,  яғни 
компьютер мектептегі  басқа пәндерді оқыту құралы болып саналады. 
3.
 
Компьютерді іс-қимыл міндеттерін  шешу құралы ретінді пайдалану. 
Осыған сәйкес  оқытуды компьютермендірудің   міндеттері қандай және олқалай жүзеге 
аспақ деген сұраққа өзінен-өзі туындайды. 
Оқытудың компьютерлендірудің негізгі міндеттері төмендегідей. 
ғылым    негіздерін  терең    меңгеруді    қамтамасыз  ету  және    келешектегі  тәжірбиелік  
іскерлікке даярлау мақсатында барлық жастардың компьютерлік сауаттылығын көтеру. 
Жаңа  ақпараттың  технологияларды,  есептегіш  техниканы  мектептегі  барлық  пәндерге 
және сыныптан тыс жұмыстарда кеңінен   пайдалану  негізінде білім беру мен тәрбиелеу  
жүйесінің тиімділігін арттыру. 
    Қазіргі кезде өте жиі қолданылып жүрген  «оқытудың жаңа  ақпараттық технологиясы» 
терминіне  төмендегіне түсінік беріледі.  «Есептеуіш  техникасы мен байланыс құралдары 
базасында»  ұйымдастырылған  ақпараттық  қамсыздандыру  арқылы  жеткізіледі  және  ол 

информатика  курсының  негізгі  әдістері  мен  құралына  айналды»,  мұндағы  жаңа 
ақпараттық  технологияның  құралы  ретінде  компьютермен  қатар  теледидар,  ғарыштық 
байланыс, телефон желісі және т.б. қарастырды. 
 
  
 
Электронды  оқулықтың  автоматтандырылған  оқу  үрдісі  ашық 
дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық   ақпаратын   
тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр 
түрлі  қосымшалар,  анықтамалық  материалдар,  бақылау  тапсырмалары,  ұсынылатын  
әдебиеттер тізімі және тақырыптың ресурстарға сілтемелер  беріледі. 
    Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады: 
шұғыл кері байланысты  қамтамасыз етеді. 
Дәстүрлі оқулықта көп іздеуді  қажет ететін тиісті ақпаратты  тез табуға көмектеседі; 
гипермәтінді   түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында  уақытты  анағұрлым 
үндемеуге  мүмкіндік береді; 
қысқа  мәтіндермен  қатар    көрсетеді      әңгімелейді,  жабалайды,  т.с.с.      (мультимедиа-
технологияның   мүмкіндігі мен  артықшылығы тура осы жерде  көрінеді); 
әрбір  студентке  дербестік  тұрғыдан      қатынас  жасауға    мүмкіндік    беріп,  олардың  өз 
бетінше  білім  алуын қамтамасыз  етеді
белгілі  бір  бөлім  бойынша  білімді тексеруге мүмкіндік туады; 
 
Өзіндік бақылау сұрақтары: 
1. Технологияның ерекшелігі қандай? 
2. Тарих сабағы бойынша қандай электрондық оқулықтар авторларын білесіздер? 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет