1. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар



бет2/35
Дата31.08.2023
өлшемі108,25 Kb.
#105720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
8-сұрақ
8.Зарарсыздандырудың химиялық әдісі
Медициналық мекемелерінде химиялық әдісте зарарсыздандыру толығымен салып қою кеңінен қолданылады.Зарарсыздандыру кезінде сүртуге пайдаланбайтындар: сайдекс, формалин, глута-рал, бианол, дезоксон-1. Бұлар адамның ағзасына токсикалық кері әсерін беретін болғандықтан қолданылмайды..Химиялық зарарсыздандыру әдісіне жататындар:
Шашырату, шашып себу (орошение), шаңдату (распыление);
Сүрту (протирание);
Салып қою (полное погружение).
Химиялық зарарсыздандыру әдістері. Газды зарарсыздандыру (формалин буы, этилен Оксиді). Ол бір реттік медициналық құралдарды, басқа әдістермен зарарсыздандыруға Болмайтын ірі жабдықты (өкпенің жасанды желдеткіш құралдары, жасанды қан айналымы Және т.б.), басқа әдістермен зарарсыздандыруға болмайтын дәрілерді, бактериалды Зарарсыздандыру үшін қолданылады. Сүзгілер. Әдіс стерильді затты газсыздандыруды қажет Етеді. Химиялық заттардың ерітінділеріне батыру (960 этил спирті, сутегі асқын тотығы).Олнегізінен термиялық және басқа әдістермен зарарсыздандыруғаболмайтын медициналық Құралдарды зарарсыздандыруүшін қолданылады.Қолданылуы шектеулі.Химиялық Зарарсыздандыру, сондайақ механикалық зарарсыздандыру термобилді дәрілік заттардан Тұратын ерітінділермен қамтамасыз ету үшін қолданылады. 

9-сұрақ
9.Ағымды тазалау кезіндегі әрекеттер тізбегі


Мақсаты: инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Емшара бөлмесін жуып-жинау күніне 2-3 рет өткізіледі.
Емшараны орындау:
1.Жұмыс алдында кіші мед қызметкер еденді дезерітіндімен жуады.
2.Екінші рет таза сумен жуады.
3.Осыдан кейін мейірбике жуу-жинауға қажетті ерітінділерді дайындайды.
4.Ол ерітінділерді таңбаланған мыны ыдыстарға бөліп қояды (шкафтың, сейфтың үстерін, терезенің алдын т. Б)
-манипуляциялық үстеуді өңдеуге арналған;
-кушетканы өңдеуге арналған;
-резеңке бұрауды, жастықшаны өңдеуге арналған;
-№1, №2 ыдыстар мед бұйымдарды өңдеуге арналған;
-қан алуға арналған үстелді өңдеу үшін;
-пинцет қайшыларды өңдеуге арналған 3-6 % сутегі асқын тотығы ерітіндісі;
5.Мейіргер зат үстін өңдеуге арналған ерітінді бар ыдыстағы ерітіндімен шкафты және оның үстін, сейфтың үстін, терезе алдын, кушетканы сүртеді.
6.Ең соңында манипуляциялық үстелді сүртеді.
7.Қолын ағынды сумен сабындап жуады, шаяды.
8.Бактерецидтік шамды қосады.
9.Терезені ашып, ауа алмастырады.
10.Мейіргер жұмысқа арналған халатын киеді.
10-сұрақ
10. -ДЕЗ құралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандарға қойылатын талаптар
1 )зарарсыздандыру химиялық құралдарын сақтау ережелерін орындау
2)Зарар құрамы қаптамасының сыртына анық , бағытты белгісі , әзірленген күні мен жарамдылылық мерзімі көрсетілуі керек
3)зарар ерітінділерді әзірлеу кезінде жеке бас тазалығы ережелерін сақтау (халат , орамал ,қорғаныс көзілдірігі ,резеңке қолғап ,аяқ киім )
4)зара теріге тамшы кетсе оны тез сумен жуу керек . Егер ерітінді көзге тиіп кетсе көзді 2 % сода ерітіндісімен жуу
5)жылына бір рет өщ мекемесінде тғст тапсыру керек
6)5 жылда бір рет білімін артырып отыру керек

11-сұрақ
11.Емшара бөлмесін ағымды жуып-жинау
Емшара бөлмесі – зарарсыздандыру ережелері орындалуы қажет емдік емшараларды жүргізуге арналған арнайы бөлме. Емдеу бөлмесінде қан алуға венепункция, инъекциялар,трансфузиялар,кейбір медициналық манипуляциялар, сонымен қатар қан тобын және резус-факторды анықтау жүргізіледі. Емшара бөлмесі стационарларда да (аурухана, клиника, госпиталь),амбулаторияларда да (емхана, медициналық-санитарлық бөлік) болады. Емшара бөлмесіне ауданы 15 м»-дан кем емес, жақсы жарқырайтын және желдетілетін жарық бөлмені береді. Емдеу бөлмесінің қабырғасы мен едені механикалық жинауға ыңғайлы болуы қажет. Әрбір емдеу бөлмесінде оның көлеміне тәуелсіз, суық су мен ыстық суды араластыратын араластығышпен жабдықталған қолжуғыш болуы тиіс. Қолжуғышты есікке жақын орналастырады. Қолжуғыштың қасына пайдаланылған құралдарды сулауға арналған шылапшын және антисептик ерітіндісіне салынған қолғаптарымен бірге әйнек құты қойылады. Емшара бөлмесінде күн сайын екі рет дымқыл жинау жүргізіледі – жұмыс басталар алдында және жұмыс күнінің аяғында, ал қажет болған жағдайда – ағымдағы жинау жүргізіледі. Аптасына бір рет еденді, қабырғаларды, жабдықтарды жуу арқылы жалпы тазалық жүргізіледі. Емшара бөлмесінің мейірбикесінің жұмыс күні қарап шығудан және емдеу бөлмесін ылғалды жинаудан басталады. Емшара бөлмесінің мейірбикесі кезекші мейірбике түнгі кезекте бөлмені пайдаланғанын немесе пайдаланбағанын тексереді. Қолданылған және ластанған таңғыш материалды ол лас материалдарға арналған ыдысқа тасды, ал пайдаланылған медициналық құралдарды, шпирцтарды, тамызғыштарды жуады. Одан кейін бөлмені ылғалды жинауын жасайды. Осыдан соң емдеу бөлмесінің мейірбикесі халат киеді, бас киім астына шаштарын мұқият жасырады және қолын тазалайды. Құралдарды қайнатуға қояды, зарарсыздандырылған материалдар және құрал жабдықтарға арналған бикстерді қояды. Мұнан кейін осы күні қан алу, венаішілік инъекция жасау, дәрі тамызғыш қою қажет науқастар тізімін қарайды және олардың кезегін белгілейді. Алғашқыда биохимиялық зерттеулер үшін науқастардан қан алу, егер қажет болса қан тобын, резус-факторды және т.б. анықтау қажет. Осыдан соң мейірбике дәрігермен белгіленген көктамыр ішілік құюларды жүргізеді және дайындық жасайды (көктамырішілік құюларға арналған жүйені қажетті дәрілік препараттармен толтырады және оны штативке бекітеді), тек осыдан кейін ғана науқастарға қояды. Ең бірінші халі ауыр науқасқа көмек көрсетіледі. Қажет жағдайда емшараны жүргізетін мейірбике торакоцентезаны және парецентазаны жүргізу үшін медициналық құрал- жабдықтарды дайындайды, берілген медициналық манипуляцияны жүргізу кезінде дәрігерге ассистент болады да, науқастың жағдайын бақылап отырады. Жұмыс күнінің соңында емшара бөлмесіне ылғалды жинастыру жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін емшараны басқаратын мейірбике емшара бөлмесін кілтке жабады да, бактерицидті шамдарды қосып кетеді.Емшара бөлмесінде келесі медициналық құжаттама жүргізіледі: топтарды тіркеудің бақылау журналы және резус-факторлар; қан және плазма құюды тіркеу журналы; биохимиялық зерттеулерге қан алу есебінің журналы; көктамырішілік тамшылық енгізулерді тіркеу журналы; Вассерман реакциясына қан алуды тіркеу журналы; көктамырішілік құюларға қолданылатын жүйелер мен шприцтерді тіркеу журналы; анафилактикалық шок алғашқы көмек және емшара бөлмесін санитарлы өңдеу кезінде қолданылатын препараттардың есеп дәптері;өткір улану барысында қолданылатын уытқыш заттардың кестесі; самара бөлмесін қорытынды жинастыру есебінің журналы. Емшараны басқару үшін тағайындалатын медициналық мейірбикені тәжірибесі мол мейірбикелердің ішінен таңдап алады, яғни ол медициналық манипуляцияның техникасын толығымен меңгеруі қажет, жеке гигиена ережелерін сақтауы тиіс және де емшара бөлмесінің санитарлы-гигиеналық жағдайын белгілі бір деңгейде қолдауы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет