Денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялау құралдарына қажеттілігін есептеу осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Дезинфекциялау және стерильдеу режимдерін сақтауды қанағаттанарлық түрде бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады: Ағымдық дезинфекциялаудан кейін 50 минуттан кешіктірмей алынған бактериологиялық шайындылардың 5 пайызынан (бұдан әрі – %) аспайтын бақылау объектілерінен патогенді емес микрофлораны себу;
Дезқұралдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген дезинфекциялау ерітінділерінің шоғырлануын сақтау;
Әр түрінің қойылған сынамаларының кемінде 5 %-ын дезинфекциялау заттарының қалдық санына сәйкес келмейтін қанағаттанғысыз экспресс-сынамаларды анықтау;
Тестілік бактериологиялық бағалаудың камералық дезинфекциялау режиміне сәйкес келуі;
Синтетикалық жуу заттарының сілтілік компоненттерінің және майлы дәрі-дәрмектер қалдықтарының қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;
Стерильденбеген материалдың болмауы, стерильдеу режимінің сәйкес келуі (микроорганизмдердің вегетативтік және споралық түрлерін толық жою).
Ошақтардағы ағымдық дезинфекциялаудың сапасын бағалау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары зертханалық әдістерді ошақтардың кемінде 5 %-ында қолдана отырып, бір ошақтан кемінде 10 бактериологиялық шайынды алу, дезинфекциялау құралының (құрғақ препарат) 1 сынамасын, жұмыс ерітіндісінің 1 сынамасын алу арқылы жүзеге асырады.
Егер патогенді емес микрофлораның болуына оң нәтижелі шайындылардың саны алынған шайындылар санының 3 %-нан аспайтынды, дезинфекциялау препаратының қалдық санының болуына теріс экспресс-сынамалар саны 5 %-дан аспайтынды және дезинфекциялау ерітінділерінің қанағаттанғысыз талдауының саны 5 %-дан аспайтынды құрайтын болса, дезинфекциялау сапасы қанағаттанарлық болып есептеледі.
Қорытынды дезинфекциялау жүргізгеннен кейін патогенді микрофлораны сепкен кезде, соңғысы қанағаттанғысыз болып есептеледі және дезинфекция сапасын кейіннен бағалау арқылы қайта жүргізіледі.
Қорытынды дезинфекциялау бойынша жұмысты ұйымдастыру сапасын бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады: Қорытынды дезинфекциялауға жататын ошақтар санының ішінде инфекциялық ошақтарды өңдеумен қамту – кемінде 95 %;
(науқасты емдеуге жатқызу немесе ұйымдастырылған ұжымнан оқшаулау сәтінен бастап бір тәулік ішінде инфекциялық ошақтарда қорытынды дезинфекциялауды орындау) қорытынды дезинфекциялауды уақтылы жүргізу – кемінде 95 %;
Камералық дезинфекциялау жүргізуге жататын ошақтар санының ішінде камералық дезинфекциялау – кемінде 95 %;
Ошақтарды қорытынды дезинфекциялау сапасын бақылаумен қамту:
Көзбен тексерген кезде – жүргізілген дезинфекцияның жалпы санының кемінде 10 %-ы. зертханалық әдістерді қолдана отырып – дезинфекция аяқталғаннан кейін 1 сағаттан 3 сағатқа дейінгі кезеңде пәтер ошақтарының кемінде 10 %-ы. Денсаулық сақтау ұйымдарында дезинфекциялау сапасын бағалау үшін мыналар жүргізіледі: Стационарларда бір төсекке 0,3 шайынды есебімен, бірақ 30 шайындыдан аз емес, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бір келуге 0,2 шайынды есебімен заттардан және жабдықтан шайынды алу арқылы дезинфекциялаудың сапасын бактериологиялық бағалау;
Бастапқы дезинфектанттардың, дезпрепараттардың жұмыс ерітінділерінің әр түрінің сынамаларының кемінде 2 сынамасын зерттеу. Сынамаларды алу кезінде сынаманың алынған күні, дезинфекциялау ерітіндісінің дайындалған күні, оның шоғырлануы, қолданылу мақсаты белгіленеді;
Камераның типі мен көлеміне байланысты дезинфекциялау камераларының жұмысының тиімділігін бақылау камераның үш жазықтығында 5-10 бактериялық (химиялық) тест салу арқылы жүргізіледі. Стерильдеу сапасын бағалау үшін стерильдеу жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен ауа ортасының стерильдігіне бақылау жүргізіледі.