Қолды хирургиялық дезинфекциялау (антисептик қолдану) Мақсаты: медицина қызметкерлерінің қолдарының айықтыруын қамтамасыз ету. Көрсеткіштері: - стерилді стол жаю қажеттілігі, хирургиялық ота мен манипуляцияға қатысу. Қарсы көрсеткіштер: қолмен денеде іріңді жарақаттардың болмауы. Жабдықталуы: сұйық сабын, антисептик, бір рет қолданылатын сүлгі, Б тобын медициналық қалдығын салатын кәдеге жарату қорабы Міндетті шарт: антисептика ережелері қатаң сақталу үшін Ем-шараға дайындық: қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу; шынтаққа дейін халат жеңін қайыру; Ем-шараны орындау: 2 минут көлемінде шынтаққа дейін қол саусақтарының арасын сабынды сумен жуу, саусақ араларының сабынды көбік кеткенше тазарту қолды бір ретік сүлгімен құрғату кепкен теріге 5 – 6мл тері антисептигімен суреттегі қимылдар бойынша өңдеу жүргізу, 2,5 мин ішінде , қол кепкенше өңдеуді екі рет қайталау . қол жуу ұзақтығы 5минут. кепкен қолға стерилді қолғап кию қолғап әр науқастан кейін алмастырылады.
19-сұрақ 19.Обаға қарсы костюмнің 4 типті костюмі және оларды қолдануға арналған көрсеткіштер? Обаға қарсы костюмнің төртінші типі тұрады: пижама, медициналық халат, бас киім немесе дәкеден жасалған бас орамал, шұлық, тәпішке (туфли). Мақсаты: обаға қарсы костюмнің төртінші типі колданылады: 1. Тырысқақпен ауыратын науқасы бар ауруханада, провизорлы ауруханада жұмыс кезінде; науқасты дәретке отырғызғанда резеңке қолғап, бөліндіні өңдегенде маска киеді; 2. Тырысқаққа күмәнданған науқастан лабораториялық зерттеуге материал алғанда (қосымша резеңке қолғап киіледі.
20-сұрақ 20.Бір рет қолданылатын қолғапты қолдану? Бір рет қолданылатын қолғаптар – карантиндік шаралар кезінде жеке қорғаныс құралдарының (ЖҚҚ) ажырамас бөлігі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулыда қолғапты қолдану ережелеріне ерекше назар аударды. Медицина қызметкерлері: пациентпен кез келген тікелей байланысқа дейін және кейін; ықтимал жұқтырған материалға жанасудан кейін; ЖҚҚ-ны, қолғапты қоса алғанда, киер алдында және шешкеннен кейін қол гигиенасын сақтауы керек. ЖҚҚ кигізер алдында қолды сабынмен жуу және оларды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу ққажет.
21-сұрақ 21.Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу 1.Осы Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылды: Антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық үдерістің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, сілемейлі қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы ықтимал қауіпті микрооргнизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;
Антисептиктер – антисептика жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар;
Антибиотиктер – микроорганизмдердің өсуін бәсеңдететін, шығу тегі табиғи немесе жартылай синтетикалық дәрілік препараттар;
Ауруханаішілік инфекция (бұдан әрі – АІИ) – пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтерді алуымен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік немесе грибоктен пайда болатын кез келген инфекциялық ауру немесе қызметкердің медициналық ұйымда жұмыс істеуі салдарынан пайда болатын инфекциялық ауру;
Дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою бойынша шаралар кешені;
Дезинфекциялық құралдар – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар;