1. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар



бет14/35
Дата31.08.2023
өлшемі108,25 Kb.
#105720
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Шұғыл көмек

34-сұрақ
34. Қолды тиімді өңдеуді қамтамасыз ету шаралары
Қолды тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
1.тырнақты алу, тырнақта лактың болмауы, жасанды тырнақтың болмауы, қолда зергерлік əшекейлер мен сағаттың болмауы.

  1. Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының берілуінің жəне таралуының негізгі факторы медицина персоналының манипуляцияларды орындауы немесе аурухана ортасындағы əртүрлі объектілермен (аппараттар, аспаптар беті, науқастарды күту заттары, санитариялық-техникалық жабдық, əбзелдер, киім, медициналық мақсаттағы бұйымдар, таңу материалы, медициналық қалдықтар жəне т.б.) жанасуы кезінде ластанатын қолы болып табылады.

  2. Микроорганизмдердің қол арқылы ықтимал берілу жолдарын тоқтату жəне ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу қаупін азайту үшін қол нақты немесе əлеуетті ластануы мүмкін барлық жағдайларда медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеу қажет.

35-сұрақ
35 .Ағымдағы дизинфекция типі бойынша үй-жайларды жинауды жүргізу
Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларын жөндеуге, күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ағымдағы ылғалды дезинфекция жасалатын, ылғалды жұмыс режимі бар денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларында (операциялық, таңып-байлау, босандыру, операция алды, наркоз беретін, емшара, манипуляциялық, егу кабинеттері, микобактериялары көптеген дәрілерге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған стационардың үй-жайлары, қақырық жинау бөлмесі, сондай-ақ ванна, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, клизма жасайтын, лас киім-кешекті сақтауға және сұрыптауға арналған үй-жайлар, хирургиялық бейіндегі үй-жайлар) ішкі әрлеу үшін ылғалға төзімді материал пайдаланылады.
Инфекциялық және туберкулезге қарсы бөлімшелерде аспалы төбелер қолданылмайды.
Ана мен баланы қорғау ұйымдарында, хирургиялық және инфекциялық стационарларда әрбір бөлімшеге кіреберісте қолды өңдеу үшін антисептик бар шынтақ дозаторлары орнатылады.
Денсаулық сақтау объектілерінің жиһазы, жабдығы, кіші механизация құралдары және жинау мүкәммалы жуу құралдарына және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан қолданылады.
Үй-жайларды ылғалды жинау (еденді, жиһазды, жабдықты, терезе алдын, есіктерді) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, тәулігіне кемінде екі рет, операциялық бөлмелерде операциялар арасында жүргізіледі.
Жинау құралдары (шелектер, легендер, шүберектер, швабралар) үй-жайлар мен жинау жұмыстарының түрлері көрсетіле отырып таңбаланады, қатаң түрде тағайындалуы бойынша пайдаланылады және қолданғаннан кейін дезинфекцияланады. Санитариялық бөлмелер жинау мүкаммалын кептіруге арналған конструкциялармен жабдықталады. Қуаты ауысымына 25 келушіден аспайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жинау құралдарын сақтауға арналған сөрелері болған кезде санитариялық тораптарда және қосалқы үй-жайларда сақтауға жол беріледі. Эпидемиологиялық және дезинфекциялық режимдерді сақтай отырып, үй-жайларды тазалау кезінде жаңа технологияларды қолдануға жол беріледі.
36-сұрақ
36. Медициналық қалдықтар – емдеудің алдын алу ұйымдарында медициналық қызмет көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде түзілетін қалдықтар.
А» кластағы медициналық қалдықтар – коммуналдық-тұрмыстық қалдықтардан құрамы бойынша ерекшеленбейтін, қауіпті қасиеттері жоқ қалдықтар;
«Б» класындағы медициналық қалдықтар – эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (инфекцияланған және әлеуетті инфекцияланған қалдықтар);
В» класындағы медициналық қалдықтар – төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар
Г» класындағы медициналық қалдықтар – токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (пайдалануға жатпайтын дәрілік, оның ішінде цитостатиктер, диагностикалық, дезинфекциялаушы заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет