1. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар



бет6/35
Дата31.08.2023
өлшемі108,25 Kb.
#105720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Шұғыл көмек

Инфекцияның көзі – микроорганизмдердің жиналуын, өсуін, көбеюін және қоршаған ортаға бөлінуін қамтамасыз ететін олардың өмір сүруінің табиғи ортасы;

  • Инфекциялық бақылау – ауруханаішілік инфекциялардың туындауының және таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастыру, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүйесі;

  • Инкубациялық кезең – инфекция қоздырғыштары организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;

  • Инфекциялық бақылау маманы – АІИ-ның алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыратын, олардың орындалуын бақылайтын, медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау мәселелері бойынша персоналды оқытуды және АІИ-ның мониторингін қамтамасыз ететін дәрігер-эпидемиолог және/немесе арнайы оқытылған мейірбике;

  • Инфекциялық бақылау стандарттары – инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;

  • Медициналық ұйымға инфекцияның әкелінуі – стационарға түскенге дейін болған және стационарда пайда болған немесе анықталған инфекциялық аурулар;

  • Медициналық манипуляциялар жүргізу алгоритмі – ауруханаішілік инфекциялардың дамуы тәуекелін азайту мақсатында емдеу-диагностикалық манипуляциялар және профилактикалық іс-шаралар жүргізу технологиясы;

  • Тәуекел факторлары – бұл АІИ-ның пайда болуына мүмкіндік беретін қоршаған ортаның немесе организмнің өзінің жағдайы және инфекция қоздырғышын беруге қатысатын қоршаған ортаның элементтері;

  • Штамм – микроорганизмнің таза өсіріндісі;

  • Экзогенді инфекция – сырттан енген микроорганизмдерді жұқтырудың нәтижесінде дамитын инфекция;

  • Эндогенді инфекция – организмнің өз қоздырғыштарының белсенділігі нәтижесінде дамитын инфекция;

  • Эндометрит – жатырдың сілемейлі қабығының ішкі беткі қабатында қабыну (эндометрия) үдерісін тудыратын ауру;

  • Эпидемиологиялық қадағалау – медициналық көмектің және инфекциялық аурулардың алдын алудың сапасын жақсарту жөніндегі шараларды қабылдау үшін жауапты адамдарды ақпаратпен қамтамасыз ету және инфекциялар жағдайлары туралы деректерді жүйелі жинау, салыстыру және талдау;

  • Эпидемиологиялық маңызы бар медициналық манипуляциялар – медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде медициналық манипуляциялардың алгоритмі бұзылған жағдайда, АІИ-ның пайда болуы мүмкін медициналық манипуляциялар.

    22-сұрақ
    22.Дезинфекция және оның түрлері
    Дезинфекция бұл-адамды қоршаған ортада патогендi және шартты патогендi микроағзаларды жою. Дезинфекция кезiнде микроағзалардың тек вегетативті түрлерi өледi.Микроағзаларды физикалық факторлар және химиялық заттар әсер ету арқылы жоюға болады. Микроағзалардың жойылуы дезинфицирлеушi заттардың әсер ету ұзақтығы (экспозиция) мен интенсивтiлiгiне (концентрация) байланысты болады.Стерилизация барлық микроағзалардың вегетирлеушi түрлерiмен қоса олардың спораларын да жою. Соңғысы қоршаған ортаның әсерiне аса тұрақты.
    Дезинфекция түрлерi.
    Профилактикалық және ошақты дезинфекцияны ажыратады:
    1. Профилактикалық дезинфекция ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу мақсатымен жүргiзiледi.
    2. Ошақты дезинфекция күнделiктi ошақты дезинфекцияға және ошақты қорытынды дезинфекцияға бөлiнедi. Ошақты күнделiктi дезинфекция инфекция ошағында, инфекционды науқастың төсек маңында көп рет жүргiзiледi. Ошақты қорытынды дезинфекция инфекционды ошақтағы ауру қоздырғышын толық тазалау мақсатымен бiр рет науқасты жекелегеннен кейiн, инфекционды бөлмеге госпитализацияланғаннан кейiн, сауығуы немесе өлiмiнен кейiн жүргiзiледi. ЕАМ-де дезинфекциялық шараларды негiзiнен орташа медициналық персонал жасайды. Олар келесi нұсқау-әдiстемелiк құжаттармен қолдану қажет, инфекционды аурулардың жеке түрлерiндегi дезинфекциялық шаралар жүргiзудiң әдiстемелiк нұсқаулары, нақтылы заттар және дезинфекция әдiстерiн қолдану бойынша әдiстемелiк нұсқаулар.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет