1. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар



бет29/35
Дата31.08.2023
өлшемі108,25 Kb.
#105720
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
Шұғыл көмек

- пациенттер, емханалық көмек алу барысында жұқтырады;
- пациенттер, стационарлық көмек алу барысында жұқтырады;
- медицина қызметкерлері, медициналық көмек беру барысында жұқтырады.
Жұқпаны жұқтыру орнының үш түрін біріктіретін жер – емдеу мекемесі.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европалық аймақтық бюросы аурухана ішілік жұқпаға мынадай анықтама берді: «Аурухана ішілік жұқпа — бұл кез келген клиникалық белгілері анықталған жұқпалы ауру, ауруханада пациент медициналық көмек алу барысында жұқтырып алады немесе осы емдеу сауықтыру мекемесіндегі медицина қызметкерлері медициналық көмек беру барысында жұқтырып алады». Аурухана ішілік жұқпаның пайда болу себептерін объективті және субъективті деп екіге бөлуге болады. Объективті себептер бұл ЕСМ-нің жетекшісіне байланысты емес себептер: - қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар қатарының болуы;
- көптеген микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі;
- антибиотиктердің медицинада, ауыл шаруашылығывда, мал шаруашылығында кең қолданылуының сенімді ақтамауы.
Субъективті себептер — бұл жоюға болатын себептер:
- медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз дайындалуы (сапасыздығы);
70-сұрақ
70.Ауруханаішілік жұқпаның өмір сүруіне қолайлы жерлер
Ірі ауруханалық комплекстердің құрылуы. Аурулардың бір-бірімен күнделікті және тығыз араласуы. Инфекцияны тудырушылардың күшті және жасанды жұғу механизмінің қалыптасуы. Бұл инвазивті емдеу мен диагностикалық процедураға байланысты. Емдеу мен диагностикада стерилизацияның ерекше әдістерін қажет ететін күрделі техниканы қолдану да өз әсерін тигізуде. Инфекциялық ауру туғызушылардың жұғу механизмінің белсенділігі. Әсіресе, емдеу орындарындағы аурулар мен дәрігерлердің тығыз араласуы кезінде тұрмысты- байланыс және ауа арқылы таралуы мүмкін. Стационарға әлі анықталмаған инфекциялық ауруларымен түскен адам инфекцияның негізгі көзі болып табылады. Антимикробтық препараттарды бақылаусыз қолдану, әр түрлі дәрілік заттарға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделген микроорганизмдердің қалыптасуына әкеліп соғуы мүмкін. Халықтың қоршаған орта өзгерістеріне, өмір сүру шарттарына төзімділігі мен тұрақтылығының (иммунитеттің) төмендеуі де әсер етеді.
АІИ ауруларының деңгейін төмендету профилактикасы келесі жолдармен іске асады:
диспансерлік бақылау кезінде АІИ анықтау және тіркеу
әртүрлі типті стационарларда қауіпті топтарды және қауіпті факторларды анықтау
АІИ ауруларының эпидемиологиялық анализін жүргізу
медициналық жұмысшылардың спецификалық профилактикасын жүргізу.
Медицина қызметкерлерін вакцинациялаудың инфекцияны алдын-алуда орны ерекше: мысалы гепатит В, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық, полимиелит, іш сүзегі, КВИ сияқты сырқаттарға қарсы вакцинаны медицина қызметкерлері толықтай жоспарлы түрде алу керек.

71-сұрақ
71. Дизинфекцилық ерітінділері дайындауға қойылатын талаптар
Медициналық дезинфекциялық құралдармен жұмыс істейтін мамандар жұмыс ерітінділерін дайындау және сақтау бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттаманың ережелерімен таныс болуы, сондай-ақ олармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен сақтық шараларын білуі керек. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге кәмелетке толмағандарға, аллергиялық және дерматологиялық аурулары бар адамдарға, сондай-ақ химиялық қосылыстардың түтіндерінің әсеріне сезімтал адамдарға рұқсат етілмейді. Барлық уәкілетті қызметкерлер арнайы киіммен, аяқ киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен және алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасымен қамтамасыз етілуі керек. Дезинфекциялық ерітінділер улы және шырышты қабықтарды, теріні және көру мүшелерін тітіркендіреді, сондықтан оларды сұйылту және олармен жұмыс істеу кезінде денсаулықтың ауыр мәселелерін болдырмау үшін сақтық шараларын сақтау қажет. Дезинфекциялау құралдарын сұйылту: ескі ерітіндіге жаңа дезинфекциялау құралын қосуға, сондай-ақ ескі және жаңа ерітінділерді араластыруға қатаң тыйым салынады. Дезинфекциялық заттарды сұйылтуды бас киіммен, халатпен, көзілдірікпен және респиратормен жүргізу керек. Теріні резеңке қолғаппен қорғау керек. Теріге, шырышты қабаттарға, көзге және асқазанға химиялық затпен жанасудан аулақ болу керек. Кездейсоқ улану немесе жанасу кезіндегі алғашқы көмек көрсету шаралары арнайы дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген. Келесі ережелерді сақтау арқылы медициналық дезинфекциялық ерітінділердің теріс әсерін болдырмауға болады:
Персонал дезинфекциялық ерітінділерді қолдану бойынша жүйелі түрде оқытылуы керек; жауапты тұлғалар жұмыс ерітіндісін дайындаған кезде белгілі бір дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулықтың қатаң сақталуын жүйелі түрде тексеріп отыруы керек; көзге көрінетін жерде дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеу кезінде қолдану тәртібі мен сақтық шаралары, жұмыс ерітінділерін дайындау ережелері, мерзімді көзбен және экспресс бақылау туралы ақпарат бар стенд болуы керек. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеу және оларды пайдалану ережелерін қызметкер бақылауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет