1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу



бет3/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Төмен барометрлік қысымның әсері. Таулық немесе биіктік аурулары. Биік тауға шыққанда, кабинасы бүлінген ұшақтармен, ауа шарларымен биіктікке көтерілгенде немесе атмосфералық қысымды төмендететін барокамераларға орналасқанда адам организміне төмен барометрлік қысым әсер етеді. Бұл кезде организмге екі түрлі ықпал болады: ● барометрлік қысымның төмендеуі. Қалыпты немесе жоғары барометрлік қысымнан төмен қысымға тез ауысуын декомпрессия дейді; ● дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының (рО2) азаюы. Осыдан организмде пайда болатын бұзылыстардың көріністері барометрдік қысымның төмендеу дәрежесіне және оның жылдамдығына байланысты. Қалыпты барометрлік қысым 760 мм с. б. болса, оның 530—460 мм с. б.-на дейін төмендеуі 3000—4000 м биіктікте болады. Барометрлік қысым төмендеген сайын денедегі газдардың еруі азайып, олар газ күйіне айналады. Сондықтан кеңсірік, маңдай, өкпеқап қуыстарында, ішек-қарын жолдарында, ортаңғы құлақ ішінде газ жиналып керіп кетеді. Олардағы сезімтал қабылдағыштарды қоздырып, қатты ауыру сезімін тудырады. Әсіресе құлақ ішінен қатты шаншып ауыртады. 9000 м биіктікте барометрлік қысым 225,6 мм с. б.-на дейін төмендейді. Декомпрессияның нәтижесінде азот көпіршіктеніп қанға түседі, эмболия дамиды. Осыдан ішкі ағзалар мен тіндердің ишемиясы болады. Бұл эмболдар ми мен жүрек тамырларына тұрып қалуынан адамның кенеттен естен тануы, жүректің инфаркты дамиды. 19000 м биіктікте барометрлік қысым 47 мм с. б. дейін азаяды, организмдегі сұйықтар газдың бөлінуінен сарқылдап, қайнаған су сияқты болады. Газдар тері астындағы шелмайға т. б. тіндерге жиналуынан тіндердің биіктік эмфиземасы немесе газ кернеп кетуі дамиды. Демалатын ауада барометрлік қысым төмендегенде оттегінің үлестік қысымы азаюдан биіктік ауруы дамиды. Оның негізгі себебі болып организмге оттегінің жетіспеушілігі, содан қанның оттегіге қанықпауы есептеледі. Бұндай жағдай биік таулардың шыңдарына шыққан адамдарда да байқалады. Бұл кездегі организмнің дерттік өзгерістерін таулық ауру дейді. Биіктік ауруын таулық аурудан ажырату қажет. Таулық ауру адамның тауға белгілі күш жүмсап, біртіндеп көтерілуінен, ол бірнеше сағаттан немесе тәуліктен кейін дамиды. Биіктік ауруы өте тез дамиды және организмнің тым ауыр бұзылыстарына әкеледі. Бұл ауру кезінде биікке көтерілген адам өзінің жағдайын дұрыс бағаламай, масаттанып, ешбір ауру белгілеріне шағым айтпайды және алғашқы секунд- минуттардың ішінде есінен танып қалады.

4.Этиологиялық жайттардың жіктелуі мен олардың сипаттамасы.Ауру туыдауында сыртқы орта жайттары мен организмнің ерекшеліктерінің маңызы.Жалпы этиологияның экологиялық аспектілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет