1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу


МЕМБРАНА БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ (ПАТОГЕНЕЗІ



бет7/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
МЕМБРАНА БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ (ПАТОГЕНЕЗІ). Биологиялық мембраналардың бүліністері мына 4-жолмен дамуы ықтимал: ● мембранадағы еркін радикалды тотығу мен майлардың асқын тотығуынан; ● фосфолипаза, липаза, протеаза ферменттерінің артық әсерленіп кетулерінен; ● мембраналардың механикалық (осмостық) бүліністерінен; ● иммундық (аллергиялық) әсерлерден. ЕРКІН РАДИКАЛДЫ ТОТЫҒУ МЕН МАЙЛАРДЫҢ АСҚЫН ТОТЫҒУЫ. жасуша мембраналарының бүліністерінде майлардың асқын тотығуы екі түрлі жағдайларда болуы ықтимал: ● біріншісі, бос радикалдардың тым артық өндірілуінен ; ● екіншісі, антиоксиданттық жүйелердің жеткіліксіздігінен. Осыған байланысты организмде белсенді бос радикалдар артық өндірілуі мына жағдайларда: ♣ организм улы заттармен (ауыр металдармен, төрт хлорлы көміртегімен т. б.) уланғанда; ♣ механикалық жарақат, жан-дүниелік күйзелістер т. б. ауыртпалықтар кездерінде катехоламиндерден бос радикалдар құрылғанда; ♣ иондағыш сәулелермен сәулеленгенде; ♣ оттегімен уланғанда; ♣ тіндер қабынуға ұшырағанда; ♣ фагоцитоз кезінде; ♣ гипоксия және реоксигенация кездерінде – тым артып кетеді. Антиоксиданттық жүйелердің туа біткен және жүре пайда болған жеткіліксіздігі мына жағдайларда: ● антиоксиданттық ферменттердің (супероксиддисмутаза, каталаза, глютатионпероксидаза т.б.) түзілуі бұзылыстарында; ● бұл ферменттердің қызмет атқаруларына қажетті темір, мыс, селен иондарының тапшылығында; ● антиоксиданттық витаминдердің (витамин Е, С т.б.) жетіспеушілігінде; МЕМБРАНАЛАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ (ОСМОСТЫҚ) БҮЛІНІСТЕРІ. Механикалық жарақаттар, сыртынан ауыр заттармен қысылып қалуы мембрананың жыртылып кетуіне т.с.с. бүліністеріне әкеледі. Организмде су мен электролиттер алмасуы бұзылудан мембраналардың осмостық керіліп созылуы, содан механикалық жыртылуға дейінгі өзгерістер байқалады. ИММУНДЫҚ (АЛЛЕРГИЯЛЫҚ) ӘСЕРЛЕР. Антиденелер мен сезімталдығы көтерілген лимфоциттер, комплементтің құрамбөлшектері, цитокиндер, табиғи жендет жасушалар, макрофагтар жасуша мембраналарына бүліндіргіш әсер етеді. Макрофагтар бүлінген жасушалардың бөлшектерін жеп қояды. Фагоцитоздық қызметтің негізінде лейкоциттерде еркін радикалды тотығудың артуы, оттегінің бос радикалдары өндірілуінің көбеюі маңызды орын алады. Мембрананың тосқауылдық қызметінің бұзылыстары. Қанықпаған май қышқылдары асқын тотығып кетуден мембрананың тұтқырлығы көтеріледі, қимылдық қозғалыстары азаяды. Асқын тотығулық «кластерлер» деп аталатын, мембранада тесіктер пайда болады. Осыдан мембрананың өткізгіштігі көтеріледі, жасуша ішінде және сыртындағы иондардың қалыпты арақатынасы өзгереді, иондық дисбаланс дамиды.

9.Ісіну,түрлері.Ісінудің патогенездік жайттары,сипаттамасы.Ісінудің клиникалық түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет