1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу


ДЕРТ ТУЫНДАТАТЫН СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ ЫҚПАЛДАРЫ



бет4/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
ДЕРТ ТУЫНДАТАТЫН СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ ЫҚПАЛДАРЫ. Дерт туындататын сыртқы ортаның ықпалдары механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік болып ажыратылады. Бұл ықпалдар жиі бірігіп әсер етеді. Мәселен, механикалық жарақаттардың нәтижесінде дамитын қан кетулер қоршаған ортаның температурасымен, оның химиялық заттармен немесе иондағыш сәулелермен ластануымен, организмнің өзінің жағдайларымен (жас мөлшерімен, жынысымен, эндокриндік, иммундық жүйелерінің ерекшеліктерімен) т. б. көптеген ықпалдардың бірігіп әсер етуімен қабаттасады. Әсіресе адам организміне дерт туындататын сыртқы ортаның ықпалдары әлеуметтік ықпалдармен бірігіп әсер етуінен, соңғылары алғашқыларының әсерін біршама өзгертуі мүмкін. Тұрмыстың немесе өндірістік жағдайларының нашарлығы кездерінде қалыпты жағдайларда әсер етпейтін әлсіз қоздырғыштардың әсерлерінен дерт дамуы ықтимал. Кейде әлеуметтік ықпалдар (ашығу, үй тұрмысының нашарлығы, қоршаған ортаның ластанулары, соғыс, ауыз суының сапасыздығы, киімнің нашарлығы, тұрмыста және жұмыста кездесетін өмір қайшылықтары т.с.с.) дерт дамуына себепкер бола алады. Оның үстіне адам үшін жаңа кәсіпқойлық әрекеттердің күрделіленілуі созылмалы ауыртпалық (стресстік) жағдай туындатып, көптеген дерттердің дамуына ықпал етеді.
5.Патогенез,анықтамасы.Бүлініс патогенездің бастапқы тізбегі ретінде.Бүлініс деңгейлері.Ауыз қуысы қызметінің қалпына келуі мен бейімделу үрдістерінің ерекшеліктері.
Патогенез -аурудың даму жолдарының жалпы заңдылықтарын, оның өтуі мен салдарларын зерттейтін ілім. Ол аурудың этиологиясымен өте тығыз байланысты. Бұл кезде дене мүшелерінің кез-келген бөлшектерінде организмнің себепкер ықпалмен өзара әсерлері нәтижесінде алғашқы бүліністер пайда болады. Қандай да болмасын дерттің негізінде белгілі құрылымдық өзгерістер жатады. Бұл бүліністерге организм жағынан жауап ретінде қорғану-икемделу үрдістері дамиды. Аурудың даму кезінде бүліну және қалпына келу үрдістері тығыз байланыста және өзара әсер етуде болады. Себепкер ықпалдың қарқыны тым қатты болғанда немесе олар ұзақ мерзімде әсер еткенде организмнің қорғану- икемделу жолдары жеткіліксіз болады. Қорғану-икемделу жолдары ауруға организмді азды-көпті бейімдеп тұрғанда аурудың теңгерілген сатысы болса, кейін олардың жеткіліксіздігі кезінде аурудың теңгерілмеген сатысы дамиды. Патогенездің негізгі және ең жалпы зандылығы — өзін- өзі дамыту, өзін-өзі реттеу заңдылығы болып табылады. Демек, дерт бір кезде пайда болып, содан ары қарай тізбектеліп өтетінін көрсетеді. Мәселен, басталған сыздауық немесе теріскен барлық сатыларынан өтпей аяқталмайды. Ауру ұдайы дамып, өзгеріп, құбылып тұратын динамикалық үрдіс. Осыған байланысты аурудың әрбір даму сатыларына сәйкес «себеп-салдарлық» арақатынастар пайда болады. Мәселен, дененің жарақаттануы бүлінген тіндердің сезімтал рецепторларын қоздырып, ауыру сезімталдығына әкеледі. Ауыру сезімі орталық жүйке жүйесінде қантамырларының қимылдық орталығын әлсіретеді, содан артериалық қан қысымы төмендейді. Артериалық қан қысымы төмендеуі қанмен оттегінің тасымалдануы бұзылуына, тіндерде оттегінің жеткіліксіздігіне әкеледі. Ары қарай гипоксия зат алмасу үрдістерінің бұзылуына, қышқылдық- сілтілік үйлесімділіктің метаболизмдік ацидоз жағына ығысуына т. с. с. өзгерістерге әкеледі. Бұл көрсетілгендер жарақаттану дертінің патогенезіне жатады. Мұнда алғашқы бірінші себепкер ықпал болып жарақаттану есептеледі, оның салдары ауыру сезімі. Артынан ауыру сезімі қан айналымының бұзылыстарына себепкер ықпал болады. Қан айналым бұзылыстары гипоксия дамуына әкеледі. Осылай жарақаттық ауру дами береді. Сонымен, бірінші себеп, белгілі бір салдарға әкеліп, екінші реттегі себептің пайда болуына, екінші себеп үшінші реттегі себептің дамуына әкеліп, дерт ары қарай тізбектеліп өтеді. Аурудың дамуындағы осындай арақатынастарды себеп-салдарлық арақатынастар дейді.
6.Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар.Патогенездің негізгі тізбегі «кері айналып соғу шеңбері»туралы түсінік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет