1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу



бет6/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
шпор патфиз

Жасуша патофизиологиясы. Жасуша бүліністерінің этиологиясы. Жасуша бүліністеріне көптеген себепкер ықпалдар әкеледі. Оларды сырттан әсер ететін- экзогендік және организмнің өзінде пайда болатын – эндогендік – деп екі үлкен топқа ажыратады. Экзогендік бүліндіргіш ықпалдар өз алдына инфекциялық және бейинфекциялық болып бөлінеді. Оларға: ● биологиялық ықпалдар (микробтар, вирустар, қарапайым жәндіктер, майда саңырауқұлақтар, аутоантиденелер мен цитотоксиндік иммундық глобулиндер т.б.); ● физикалық ықпалдар (иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, электр соққы, электромагниттік толқындар т. б.); ● механикалық ықпалдар (жарақат, жаншылу, қысылу т.б.); ● химиялық ықпалдар (органикалық немесе бейорганикалық улы заттар, кейбір дәрі-дәрмектер, гипоксия, реоксигенация т.б.) ● психогендік ықпалдар ( жан жарақаты, рухани күйзелістер, ауыр эмоциялар т.б.) – жатады. Эндогендік себепкер ықпалдар туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді. Туа біткен себепкер ықпалдарға жасуша мембранасындағы тұқым қуалайтын ақаулардың болуы жатады. Бұл кезде мембрананың құрамында кейбір нәруыздар, фосфолипидтер немесе ферменттер болмауы ықтимал. Жүре пайда болған эндогендік себепкер ықпалдарға: ● жүйкелік эндокриндік реттелулердің біріншілік бұзылыстары; ● иммундық бұзылыстар немесе аллергиялық үрдістер; ● зат алмасу өнімдерінің (Н+, К+, Са2+, асқын тотықтар т. б.) жиналып қалуы; ● организмде су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары; ● бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі; ● ағза қызметінің тым қатты көтерілуі немесе ұзақ мерзім болмауы; ● жасушаның қартаюы т. т. - жатады. Жасушаның бүліністері пайда болуында әсер ететін ықпалдармен бірге, жасушаның өзінің ішкі жағдайы да маңызды. Жасушаның алғашқы жағдайына байланысты кез келген ықпал қорғаныстық немесе бүліндіргіш әсер етуі мүмкін. Жасушаның жағдайлары тұқым қуалайтын қасиеттерімен анықталады және жүре пайда болған авитаминоздар, созылмалы гипоксия, зат алмасу үрдістерінің өзгерістері т. т. жасушаның көптеген әдеттегі әсерлерге төзімділігін төмен- детеді. Гормондық реттелудің бұзылыстары зат алмасу үрдістерін бірінші бұзып, сол арқылы әртүрлі әсерлерге жасушаның тұрақтылығын азайтады. Мәселен, гипертиреоз кезінде оның гипоксияға төзімділігі төмендейді. Қантты диабет кезінде микробтарға төзімділігі азаяды. Сонымен бірге, көптеген (биологиялық, химиялық, физикалық) ықпалдар жиі бірігіп әсер етуі мүмкін. Жасуша бүліністерінің жалпы даму жолдары мына бұзылыстардан байланысты болады: ● энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстарына; ● жасуша мембраналарының бұзылыстарына; ● гендік құрылымдарының бұзылыстарына; ● жасушада иондар мен сұйықтардың алмасуы бұзылыстарына; ● жасуша қызметтерінің реттелулерінің бұзылыстарына - байланысты дамиды. Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары мына жағдайларда байқалады: ● макроергиялық фосфорлық қосындылардың (АТФ) түзілуі бұзылудан; Ол өз алдына мына жағдайларда: ♣ оттегінің жетіспеушілігінен; ♣ қоректік заттардың аздығынан; ♣ гликолиздік және тотығу-тотықсыздану ферменттерінің белсенділігі төмендеуінен; ♣ митохондрийлардың бүліністерінен – байқалады.

8.Жауша мембранасы бүлінуінің негізгі патогенезі.Липидтердің асқын тотығуы жасуша мембранасы бүлінуінің негізгі механизмі ретінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет