1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу



бет8/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
шпор патфиз

Ісіну, түрлері, даму жолдары. Ісіну— қан мен тіндер арасында су алмасуының бұзылыстарынан тінаралық кеңістіктерде сұйықтың артық жиналып қалуы. Сүйықтың дене қуыстарында жиналуын шемен (грек.-һуdгорs) дейді. Іш қуысы сулануын іш шемені ,өкпеқап қуысы сулануын гидроторакс, ми қарыншалары сулануын — гидроцефалус, жүрекқап қуысы сулануын гидроперикардиум деп атайды. Ісіну көптеген аурулар кездерінде болатын біртектес дерттік үрдіс. Қан мен тіндердің арасында су алмасуы микроциркуляциялық арнада қылтамырлардың қабырғалары арқылы болады. Ісінудің даму жолдарында: ● қылтамырлар ішінде қан қысымы көтерілуінің; ● қанда онкотикалық қысым төмендеуінің; ● қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауының; ● лимфа ағуы баяулауының; ● су мен электролиттер алмасуының жүйкелік және гуморалдық реттелуі бұзылыстарының; ● тіндерде және тінаралық кеңістіктерде осмостық және онкотикалық қысымдардың көтерілуінің – маңызы өте зор. Лимфа ағуының баяулауы кезінде жасуша аралық сұйықта онкотикалық қысым біршама көтеріледі. Ас тұзын артық пайдаланғанда немесе бүйрек қызметі бұзылғанда жасуша аралық кеңістіктерде натрий иондары жиналып қалуы мүмкін. Осы келтірілгендерге байланысты ісінудің бірнеше себепшарттарын ажыратады. Қылтамырлар ішінде қан қысымы көтерілуіне әкелетін факторды гемодинамикалық фактор, қанда онкотикалық қысымды төмендететін факторды онкотикалық фактор, қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылататын факторды қантамырлық фактор, лимфа ағуын баяулататын факторды лимфогендік фактор, су мен электролиттер алмасуының реттелуі бұзылыстарына әкелетін факторды жүйкелік- эндокриндік фактор, тінаралық кеңістіктерде осмостық- онкотикалық қысымдарды көтеретін факторды тіндік фактор – деп атайды.

10.Стоматологиялық аурулар дамуында микроэлементтер және фосфор-кальций алмасуы бұзылыстарының маңызы.
Кальций мен фосфор алмасуының бұзылыстары. Ересек адам организмінде кальцийдің мөлшері 1 кг дене массасына шаққанда 20 г болады, ал фосфордың қандағы мөлшері 34,5 мг%. Кальций мен фосфор сүйек тінінің негізгі құрамына енеді. Олардың организмдегі жалпы мөлшерінің 98%-ы сүйек пен тістердің үлесіне тиеді. Бұл элементтер оксиаппатит түрінде сүйек қаңқасына жиналады. Қанда кальцийдің 50%-ы иондалған (белсенді), ал 50%-ы иондалмаған, 40% -ы нәруыздармен байланысқан, түрде болады, ал 5-15% -ы әртүрлі аниондардың (цитраттардың, фосфаттардың, карбонаттардың) кешеніне кіреді. Кальцийдің ішек-қарын жолдарынан қанға сіңірілуі мен ішектер және бүйрек арқылы оның сыртқа шығарылуы арасында қатаң тепе-теңдік сақталады. Бұл үрдіс Д3-витаминімен және паратгормонмен реттелінеді. Д-витамині ашішектің жоғарғы бөліктерінде кальцийдің қанға сіңірілуін қадағалайды. Ал паратгормон қан сарысуында иондалған кальцийдің деңгейін көтереді. Ол сүйектерден кальцийдің босап шығуын арттырады және оның несеппен сыртқа шығарылуын азайтады. Сонымен қатар паратгормон Д 3 – гормоны (кальцитриол) түзілуін арттырады. Осылармен қатар кальцийдің алмасуын реттеуге тиреокальцитонин және біршама аз мөлшерде соматотропин, кортикостероидтар, тироксин, инсулин қатысады. Иондалған түрі организм тіршілігінде ең маңызды орын алады. Ацидоз кезінде, мысалы, қантты диабет, өспе өсуі кезінде, кальцийдің иондалуы жоғарылайды, ал алкалоз кезінде, мысалы, өкпе гипервентиляциясы кезінде, керісінше төмендейді, яғни кальций бейтарап түрде болады. Кальцийдің тіршілікте маңызы өте зор. Ол барлық жасушалардың іштеріндегі өтетін үрдістерге, олардың митоздық жолмен бөлінуінен бастап апоптозға және тіршілігін жоғалтуға дейін қатысады. Оның қатысуымен әрекет ету потенциалы қалыптасады, жасуша мембранасындағы рецепторларға гормондық дабыл беріледі және жасушалардың белсенді қозғалыстары болады. Осылай ол жасуша ішінде өтетін үрдістердің маңызды реттеушісі ретінде қаралады. Кальций жасушалар мембранасының өткізгіштігін реттеуге, жүйке, бұлшықет және без тіндерінде қозу туындату, синапстар арқылы серпіндерді өткізу үрдістеріне, ет жиырылуының молеулалық тетіктеріне қатысады.


11.Ацидоздар,себептері,теңгерілу тетіктері.Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет