1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу



бет2/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
шпор патфиз

Этиология— аурудың пайда болуындағы себептік байланыстарды зерттейтін ілім. Қысқа мағынасында этиология деп ауру туындатқан себепкер ықпалды түсінеді. Ауру көптеген ықпалдардың бірігіп әсер етулерінен дамиды. Бұл ықпалдар бір-бірімен және адам тәнімен өзара әсерлерде, арақатынастарда болады. Ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның және ұдайы дамып тұратын адам организмінің жағдайларында әсер ететін ықпалдар бірін- бірі күшейтіп немесе әлсіретіп тұрулары ықтимал. Мәселен, іш сүзегі, тырысқақ, оба, сатқақ т. б. аурулардың індеттері тек жазғы ыстық айларда, ал тұмау, бөртпе сүзек т.с.с. аурулардың індеттері тек жылдың салқын айларында кездеседі. Кейбір індеттердің тарауы күн жүйесінің оралымдары мен күннің белсенділігіне байланысты екендігі белгілі. Ауру туындауында көптеген ықпалдардың болуына қарамай, оларды себепкер ықпал және ауру туындауына қолайлы жағдайлар – деп ажырату өте маңызды. Себепкер ықпал - деп ауру дамуына міндетті болатын және сол ауруға ғана тән арнайы әйгіленімдерді айқындайтын ықпалды айтады. Мәселен, туберкулез тек Кох таяқшаларының әсерлерінен дамиды және сол туберкулезге ғана тән әйгіленімдермен көрінеді. Суық тигенде баспа, бүйрек қабынуы, өкпе қабынуы, буындардың қабынуы, үсік, дененің мұздауы т.б. біршама дерттер дамуы мүмкін. Бірақ солардың ішінде үсік пен дене мұздауына ғана суық температура себепкер ықпал болады. Ал, басқа аурулар кездерінде суық тию организмнің төзімділігін төмендететін қолайлы жағдай болады. Бұл аурулардың себепкер ықпалы болып негізінен стрептококктық немесе пневмококктық жұқпалар есептеледі. Өйткені суық температура үсік пен дене мұздауының ғана арнайы әйгіленімдерін айқындайды, басқаларының арнайы көріністері стрептококктармен немесе пневмококктармен айқындалады. Пневмококктардың әсерінен тек өкпе қабынуы, стрептококктардың әсерінен баспа, бүйрек қабынуы, буындардың қабынуы т.б. дамиды. Мына жағдайларда: ● әсер ететін ықпал ауру дамуының алдында болғанда; ● әсер еткен ықпалдың қарқыны мен дерттің ауырлығы арасында пара-парлық байланыс болғанда; ● әсер еткен ықпалды организмнен аластағанда дерттің өту қарқыны әлсіреп, организмнің сауығуы болғанда; ● әсер еткен ықпалдың көмегімен тәжірибелік жануарларда аурудың үлгісін алуға болғанда - ауру дамуына себепкер ықпал деуге болады. Барлық ауру туындататын себепкер ықпалдар сырттан әсер ететін, экзогендік және организмнің өзінде болатын немесе эндогендік болып екі топқа бөлінеді. Экзогендік себепкер ықпалдарға: ● физикалық (ыстық немесе суық температуралар, иондағыш сәулелер, электр соққы, электромагниттік толқындар, барометрлік қысым т.б.) ықпалдар; ● механикалық (жарақат, жаншылу, созылу т.с.с) ықпалдар; ● химиялық (улы химиялық заттар мен газдар, ауыр металдар, гербицидтер мен пестицидтер т.б.) ықпалдар; ● биологиялық (микроорганизмдер, вирустар, қарапайым жәндіктер, құрттар т.с.с.) ықпалдар; ● әлеуметтік (психогендік, ятрогендік) ықпалдар - жатады. Адам үшін сөздің маңызы үлкен. Эндогендік себепкер ықпалдарға: ● организмнің тектік ерекшеліктері; ● оның қоздырғыштарға жауап қайтару қабілеті (реактивтілігі) мен дене бітімінің айырмашылықтары; ● жүйкелік және эндокриндік реттелулерінің бұзылыстары; ● иммундық жүйесінің өзгерістері; ● зат алмасу үрдістерінің бастапқы бұзылыстары т.б. жатады.

3.Организмге төмен барометрлік қысымның әсері.Биіктік ауруының этиологиясы мен патогенезі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет