Ацидоз - деп организмде қышқыл өнімдер жиналып, сутегі иондарының мөлшері артуын айтады. Олар көрнектілігіне қарай теңгерілген және теңгерілмеген болады. Теңгерілген ацидоз немесе алкалоз кездерінде организмнің буферлік және физиологиялық жүйелері қышқылдарды немесе сілтілерді организмнен сыртқа шығару және бейтараптау арқылы рН мөлшерін қалыпты деңгейде ұстап тұрады. Бұл қорғаныстық немесе икемделістік тетіктердің жеткіліксіздігінде және таусылғанында рН шамадан тыс ауытқиды және теңгерілмеген ацидоз немесе алкалоз дамиды. Даму тетіктеріне қарай ацидоз жөне алкалоздар газдық және газдық емес болып бөлінеді. Газдық ацидоз. Бұл ацидоз организмде көмір қышқылының газы (СО2) артық жиналып қалғанында дамиды. Сондықтан оны газдық ацидоз дейді. Содан эритроциттерде карбоангидраза ферментінің қатысуымен көмір қышқылы (Н2СО3) құрылады. Қанда көмірқышқылы газының жиналып қалуы оның организмнен шығарылуы азаюдан немесе оның организмге сырттан дем алатын ауамен көп түсуінен болады. Бұл екі жағдайда тыныс алуға қатысты болғандықтан газдық ацидозды тыныстық ацидоз депте атайды. Сонымен бұл ацидоз дамуына мына себепкер ықпалдар әкеледі: ● тыныс алу орталығының тежелуі, өкпенің немесе тыныс жолдарының бұзылыстары, тұншығу т. б. дерттер кездеріндегі өкпе желдетілуі азаюы; Осылардың нөтижесінде қанда СО2-ның мөлшері тым көбейеді. Мұны гиперкапния дейді. Егер гиперкапния дем алатын ауамен СО2 көп түсуінен дамыса, онда тыныс алу орталығының қозымдылығы күшейеді, алқыну дамиды және СО2- ның артығы азды-көпті организмнен сыртқа шығарылады. Ал енді ол тыныс алу жолдары мен өкпенің аурулары нәтижесінде дамыса онда тыныстық ацидозға организм мына жолдармен икемделіп, бейімделеді. Сонымен, газдық ацидоздың теңгерілу жолдары артық 226 көмірқышқыл газын байланыстыруға және гидрокарбонаттардың мөлшерін арттыруға бағытталады. Осының нәтижесінде көмір қышқылы мен гидрокарбонаттың арақатынасы қалыпты деңгейде (1:20) ұсталып тұрады. Осындай жағдайды теңгерілген ацидоз дейді. Ары қарай организмде СО2 шамадан тыс артық жиналып қалуынан қанның буферлік қасиеті мен физиологиялық реттеу жолдары таусылады. Қанның реакциясы қышқылдық жаққа ығысады, рН төмендейді, теңгерілмеген ацидоз дамиды. Сонымен теңгерілген ацидоз кезінде рН –тің деңгейі қалыпты мөлшерде сақталады, ал теңгерілмеген ацидоз кезінде ол қалыпты мөлшерінен төмендейді. ГАЗДЫҚ ЕМЕС (МЕТАБОЛИЗМДІК) АЦИДОЗ. Газдық емес ацидоз қышқылдық-сілтіліік үйлесімділіктің ең жиі және ауыр түрде кездесетін бұзылыстарына жатады. Оның негізінде деммен шығарылмайтын қышқыл өнімдердің организмде жинальш қалуы немесе буферлік негіздердің организмнен тым артық шығарылуы жатады. Бұл ацидоз мынадай себептерден дамуы ықтимал: ● қышқылдардың сырттан организмге көп түсуінен ● әртүрлі себептерден зат алмасу бұзылыстары нәтижелерінде толық тотықпаған өнімдер жиналып қалуынан. Метаболизмнің бұзылыстары: ♣ әртүрлі себептерден болатын гипоксия кездерінде, ♣ қанайналымы мен микроциркуляцияның бұзылыстарында, ♣ ішке сөлденістік бездердің ауруларында ♣ ашығу, қол жұмысымен күштену кездерінде, ♣ бауыр қызметі жеткіліксіздігінде т. б. туа біткен немесе жүре пайда болған зат алмасудың көптеген бұзылыстарында байқалады. ● қышқыл өнімдердің организмнен бүйрек арқылы сыртқа шығарылуының бұзылуынан ● ас қорыту жолдарының сілтілік сөлдерімен немесе несеппен көп сілтілердің организмнен артық шығарылуынан. Газдық емес ацидозды метаболизмдік ацидоз деп жиі атайды. Метаболизмдік ацидоз газдық емес ацидоздың бір түрі ғана екенін жоғарыда келтірілген, пайда болу себептерінен көруге болады. Сол себептен газдық емес ацидоз пайда болу себептеріне қарай үш түрге ажыратылады.
12.Алкалоздар,себептері,теңгерілу тетіктері.Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыс Алкалоз – деп организмде сілтілердің деңгейі көбейіп, сутегі иондарының азаюын айтады. Олар көрнектілігіне қарай теңгерілген және теңгерілмеген болады. Теңгерілген ацидоз немесе алкалоз кездерінде организмнің буферлік және физиологиялық жүйелері қышқылдарды немесе сілтілерді организмнен сыртқа шығару және бейтараптау арқылы рН мөлшерін қалыпты деңгейде ұстап тұрады. Бұл қорғаныстық немесе икемделістік тетіктердің жеткіліксіздігінде және таусылғанында рН шамадан тыс ауытқиды және теңгерілмеген ацидоз немесе алкалоз дамиды. Даму тетіктеріне қарай ацидоз жөне алкалоздар газдық және газдық емес болып бөлінеді. ГАЗДЫҚ АЛКАЛОЗ. Газдық алкалоз өкпенің гипервентиляциясы кезінде көмірқышқылы газы организмнен артық шығарылып кетуі нәтижесінде дамиды. Осыдан организмде гидрокарбонат иондарының басым болып кетуі байқалады. Бұл кезде өкпе ұяшықтарындағы ауада және қанда рСО2 қатты азаяды. СО2-ның қанда азаюын гипокапния дейді. Бұл тыныс алу орталығының қозымдылығы төмендеуіне әкеледі. Осыдан тыныс алу сиреп, СО2 организмде ұсталады. Гипокапния кезінде эритроциттерден хлор иондары қан сұйығына ауысады. Олар гидрокарбонаттан натрийді ығыстырып, НСОз‾ деңгейі көтерілуіне әкеледі. Қанда СО2 азайғанда бүйрек түтікшелерінде натрий иондарының кері сіңірілуі тежеліп, сутегі иондарының секрециясы азаяды. Несеппен сілтілік өнімдердің шығарылуы артады. Сонымен бірге газдық алкалозды теңгеру үшін қанның нәруыздық буфері қатысады. Нәруыздар сілтілік заттарды байланыстырып, Н +-иондарын босатады. Н+ иондары жасушалардан да босайды. Осылардың нәтижесінде көмір қышқылының гидрокарбонатқа қатынасы қалыпты деңгейде сақталады. Бұл алкалоз ұзақ мерзімде теңгерілген болады. Бұл теңгерілу жолдары жеткіліксіз болғанда немесе олар тым әлсіреп кеткенде қанның реакциясы сілтілік жаққа ығысады, теңгерілмеген алкалоз дамиды, рН деңгейі 7,45-тен жоғары көтеріледі. ГАЗДЫҚ ЕМЕС АЛКАЛОЗ. Газдық емес алкалоз организмде сілтілік қосындылардың мөлшері көбейгенде дамиды. Оның себептері болып төмендегі жағдайлар есептеледі: ♣ организмге көп мөлшерде сілтілік заттарды сырттан енгізгенде; ♣ толастамайтын құсу, асқазан тесігі, асқазан қалтқысының тарылуы, гастоэнтероколит кездерінде асқазан сөлінің көп мөлшерде организмнен сыртқа шығарылғанында. Тұз қышқылын өндіруге қажетті хлор ас түзы ыдырауынан босайды. Босаған натрий ионы кері қанға сіңіріліп, НСОз ‾ анионымен қосылады, натрий гидрокарбонат түзіледі. Содан келіп қанда соңғысының қоры көбейіп, оның реакциясы сілтілік жаққа ығысады; ♣ бүйрек қызметі бұзылудан сілтілердін организмде жиналып қалуы; ♣ бүйрек үсті бездерінің гормондары артық түзілгенде немесе оларды емдік мақсатта сырттан енгізгенде натрийдің кері сіңірілуі артады. Бикарбонаттардың қандағы деңгейі көтеріледі. Осыдан қандағы Н+ иондарының деңгейі азаяды, рН үлкейеді; ♣ балаларда туа біткен газдық емес алкалоз болатыны белгілі. Бұл аурудың негізінде ішектердің ауруларына байланысты организмнен хлор мен калий иондары артық шығарылады. Қанда олардың деңгейі азаяды, гипохлоремия және гипокалиемия дамиды.
13.Қантты диабеттің асқынуы.Микроангиопатия мен макроангиопатиялардың патогенезі. Қантты диабеткезінде тіс жақ аймағы тіндерінің және ауыз қуысындағы өзгерістер.