1 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми ақпараттық-талдамалы журналы Научный информационно-аналитический журнал Павлодарского государственного



Pdf көрінісі
бет7/29
Дата19.01.2017
өлшемі4,03 Mb.
#2261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

60
61
вал К.Д. Ушинский, который считал, что самостоятельная работа – «единственно 
прочное основание плодовитого учения» [2]. Самостоятельная деятельность сту-
дента означает сознательность его поступков, а также их высокую мотивирован-
ность. Выполнение студентом учебно-познавательных задач самостоятельно явля-
ется проявлением его личной воли, а также твердой активной позиции. В данном 
случае он выступает как субъект учебно-познавательной деятельности. Выполняя 
самостоятельную работу, студент развивает в себе такие качества личности, как 
независимость, самокритичность, инициативность. В результате развития этих ка-
честв он учится сам себя контролировать.
 
деятельность 
выбор средств и 
способов действий 
цели 
мотивы 
потребности 
Рисунок 2
Отдельные  элементы  вышеназванной  системы  были  апробированы  нами  в 
учебном процессе. В данной статье предлагаем вашему вниманию результаты на-
шей работы. Самостоятельная работа помогает активизировать практическую де-
ятельность студентов только в том случае, когда она организована в системе, име-
ет конкретные задания, условия их выполнения и критерии ее оценки. Очень боль-
шое значение имеет умение студента работать с литературой. Развитию навыков 
работы с литературой преподаватель должен придавать большое значение. Это од-
но из главных условий организации самостоятельной работы студента. На началь-
ном этапе студент должен научиться искать и находить необходимые источники 
информации. Следующий этап – обработка, переосмысление информации и ее пе-
реработка в виде конспектов, рефератов, докладов, сообщений, выступлений и т. д. 
На данном этапе развиваются навыки самообучения, что имеет немаловажное зна-
чение для дальнейшего развития самостоятельности студента как субъекта обу-
чения. Кроме того, мы использовали еще один прием, при котором студент может 
проявить свою самостоятельность: подготовившийся к семинарскому занятию сту-
дент готовит к выступлению другого студента, не подготовившегося к занятию по 
разным причинам, прямо тут же на практическом занятии. В этом случае у подго-
товившегося студента идет дальнейшее углубление и закрепление знаний и уме-
ний. Для повышения мотивации к активной позиции при подготовке к практиче-
ским занятиям была использована рейтинговая система учета самостоятельной де-
ятельности студентов. Мы предлагаем вниманию читателя пробный вариант уче-
та самостоятельной деятельности студента (см. табл. 1). Варианты учета деятель-
ности студентов возможны совершенно отличные от предлагаемого. Виды зада-
ний, за которые ставятся баллы, тоже варьируются в зависимости от темы занятия 
и учебной дисциплины. На занятиях для повышения работоспособности и повы-
шения интереса к предмету мы используем различные способы перегруппировки, 
но автор считает, что рамки статьи неприемлемы для описания всех приемов и ме-
тодов, используемых им на занятиях. Перегруппировка помогает развитию комму-
никабельности, умения работать с любой мини-группой.
Таблица 1. Лист оценки деятельности на занятии 
Студент ____________________ Группа ________
 
 
Дата занятия
Действия
Всего Баллы
Присутствовал
1
Слушал
1
Конспектировал
1
Подготовил реферат
1
Доклад
1
Выступал на лекции
1
Подготовил лекцию самостоятельно
1
Помог товарищу освоить материал
1
Подготовил статью
1
1 балл за каждый вид работы на занятиях и вне их умножается на количе-
ство «плюсов». Кроме того, для учета самостоятельной работы студентов у каж-
дого имеется свой «портфель», в котором собираются любые письменные работы 
студента в течение семестра.
Таким образом, в результате создания определенных условий в процессе ау-
диторных занятий у студентов повышается мотивация к активности на занятии, 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
62
63
что приводит в целом развитию и расширению формата знаний, развитию навы-
ков работы в мини-коллективе, активной позиции, самостоятельности и гибкости 
мышления (см. рис. 3).
 
Самостоятельная работа студентов 
Внеаудиторная 
Аудиторная 
Самостоятельный поиск 
информации 
Выполнение определенного 
объема заданий на занятии 
Самостоятельная 
обработка информации 
Решение задач, тренинги, 
творческие задания 
Развитие и расширение формата знаний, развитие навыков 
работы в мини-коллективе, активной позиции, 
самостоятельности и гибкости мышления 
Рисунок 3
Литература
1. Огурцов А.П., Юдин Э.Г. Деятельность // Большая советская энциклопедия. – М., 
1972. – Т. 8. – С. 180-181.
2. Ушинский К.Д. Собрание сочинений в 12 томах. – Т. 2. – М.-П., 1948. – С. 248-249.
ӘОЖ 372.8:574
БіЛіМ БЕРУ ЖҮЙЕСіНДЕГі ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСі
Б.М. Жапарова 
В  статье  рассматриваются  различные  модели  и  этапы 
экологического  воспитания,  научные  основы  содержания  эколо-
гического образования и воспитания, основные направления эко-
логического образования в высших учебных заведениях, проблемы 
экологического воспитания в переподготовке специалистов орга-
нов управления производства и предприятий.
Автором представлены пути воспитания ответственного 
отношения школьников к окружающей среде, а также воспита-
ния  экологической культуры. 
The  ways  of  cultivating  the  responsible  attitude  of  school- 
children towards the surrounding environment are considered in this article. Ecological problems 
are  of  the  global  nature  and  affect  the  whole  mankind.  At  the  modern  stage  of  the  society 
development the ecological education issue acquires particular acuteness. The main reason for 
that is the total ecological irresponsibility. In this connection it is necessary to intensify and pay 
more attention to the ecological education at the modern school as early as the first years of study.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасы да экология мен қоршаған 
ортаны  қорғаудың  өзіндік  тұжырымдамаларын,  ереже-талаптарын  бекітті. 
Табиғатты аялау бойынша түрлі іс-шаралар өміршең етіліп жатыр. Бірақ қоршаған 
ортаның қазіргі күйсіз ахуалы дұрыс арнаға түсіп кете алмауда. Экологиялық про-
блемалар  уақыт  өткен  сайын  қордаланып  келеді.  Мұны  күнделікті  өмірден  де, 
ақпараттар ағынынан да көріп-біліп отырмыз. 
Бүгінгі күні экологиялық проблемалар өзінің мән-маңызы жағынан жаһандық 
сипатқа ие болып, тұтастай барлық адамзатты қатты алаңдатып отыр. Қоғамды 
дамытудың  қазіргі  заманғы  кезеңдерінде  экология  мәселелері  мейлінше  өзекті 
де  өткір  бағыт  ретінде  қарастырылуда.  өкінішке  қарай,  қайсыбір  қоғамда  бол-
масын экологияға деген жауапсыз, қыңыр көзқарас, немкеттілік пен бойкүйездік 
белең алған. Мұның өзі экологиямен байланысты проблемалардың одан әрі ушыға 
түсуіне негізгі түрткі болып келеді. Осыған орай, әлемде экологияны сақтау мен 
қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қамқорлыққа алу мақсатында арнайы шаралар 
қолға алынуда. Соның ішінде жас жеткіншектерді экологиялық тұрғыда тәрбиелеу 
мәселесі аса жоғары маңызға ие болып табылады. 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
64
65
Жалпы, экологиялық қауіп-қатермен тек жалғыз адам немесе белгілі бір ұйым 
ғана күреспейтіні белгілі. Мұндай жаһандық мәселеде қоғамның барлық топтары, 
атқарушы билік органдары, үкіметтік емес ұйымдар, білім ордалары мен мекеме-
лер,  қоғамдық  бірлестіктер  мен  әлеуметтік  топтар  жоғары  деңгейде  белсенділік 
танытуға тиіс. 
Жоғарыда атап өттік, экологиялық ахуалдың ушығуына жекелеген адамдар 
мен ұйымдардың жауапсыздығы да себеп болып отыр. Осыған орай, мамандар та-
рапынан білім беру ордаларында жеткіншектердің экологиялық тәрбие мәселесіне 
баса көңіл бөлінуі керек деген тұжырым жасалған. 
Соңғы  жиырма  жылға  жуық  уақытта  шетелдік  және  қазақстандық  ғалым- 
дардың  экологиялық  тәрбие  мен  білім  беру  проблемаларына  қатысты  зерттеу- 
лерге назары мейлінше ауа түсті. Әсіресе Н.М. Верзилиннің, А.Н. Захлебныйдың, 
И.Д. Зверевтің,  Б.Г. Иоганзеннің,  В.С. Липицкийдің,  И.С. Матрусовтың,  А.П. Ма- 
монтованың,  Л.П. Печконың  еңбектері  айрықша  қызығушылық  тудырады. 
Олардың ғылыми тұжырымдарында оқу-тәрбие процесіндегі, сондай-ақ табиғатты 
қорғау  бойынша  қоғамдық  пайдалы  жұмыстарды  ұйымдастыру  кезіндегі 
оқушылардың экологиялық тәрбиесі мен біліміне байланысты түрлі алғышарттар 
қарастырылады, түйіндер жасалады. Бүгінгі күні заманауи кешенді экологиялық 
идеялар  мектеп  оқушыларын  оқыту  мен  тәрбиелеу  тәжірибесіне  белсенді  түрде 
енгізілуде. Алайда, еңбектердің көп қырлылығы, мектептердің сан түрлілігі, оқыту 
бағдарламаларының,  шығармашылық-әдістемелік  құралдардың  вариативтілігі 
көптеген проблемалар мен өзекті мәселелерді тудырып отыр. 
Неге оқыту керек? Мектеп оқушысына қажет білімнің жалпы құрамы қандай? 
Мектеп оқушыларының экологиялық дайындығына қойылатын талаптар қандай? 
Міне, осы тектес өткір де өзекті мәселелер ынталы тараптардың, педагогтардың 
назарын аудартпай қоймайды. 
Айта кету керек, Қазақстанның білім беру жүйесінде экологиялық білім мен 
тәрбие  беру  үрдісі  кеш  енгізілді.  Кеңестік  кезеңде  «Табиғаттану»  пәні  болғаны 
белгілі. Бірақ бұл пәнді оқыту барысында экологиялық қауіп-қатер, олардың ал-
дын алу жайындағы түбегейлі мәселелер мардымды қарастырылмады. Сондай-ақ 
бұл бағытты оқытуда айқындалған, ұтымды зерттелген ғылыми тұжырымдар мен 
түйіндер де аз еді. Экология мәселелерін бір ғана пәннің негізінде оқыту мүмкін емес 
деген мәселе де алдан шықты, яғни оның тиімділігі аз деп бағаланды. Экологиялық 
білім  берудің  түпкі  мақсаты  –  қоршаған  ортаға  жауапкершілікпен  қарау  болса, 
аса күрделі бұл мәселені бір ғана пәннің негізінде жүзеге асыру ақылға сыйым-
сыз  болды.  Жалпы,  «Табиғаттану»  пәні  негізінен  биологиялық  экология  бойын-
ша жаратылыстану ғылымы төңірегіндегі білімді ғана қалыптастырды. Ал мектеп 
оқушыларының табиғаттық және әлеуметтік ортаға жан-жақты қарым-қатынасын 
қалыптастыруда тиімділігі төмен жатты. Міне, осы тұста экологиялық білім беру 
үрдісіне басқа мектептік пәндерді тарту мәселесі күн тәртібіне қойылды. Осылай-
ша, әрбір оқу пәні адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын ашып көрсететін 
көп  пәндік  модель  идеясы  туындады.  Бірақ  оқытудың  пәнаралық  мазмұны  мен 
формасын пайдалану шашыраңқылық сипатқа ие болып келеді. Мұның өзі мектеп 
оқушыларының білім сапасы қаншалықты екенін айқындап береді. 
Экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың қазіргі күнгі қарқыны оқыту 
тәжірибесінде  мектеп  оқушыларының  экологиялық  мәдениетін  қалыптастыру 
үшін ең тиімді мүмкіндік – аралас модель екенін ашып көрсетуде. Бұл ретте барлық 
оқу пәндері өздерінің оқу-тәрбие мақсаттарын сақтап қалады. Осылайша, экологи-
зациялау негізіндегі модельдердің типологиясы қалыпқа түсудің белгілі бір жолы-
нан өтті: яғни бір пәндік типтен – аралас модельге дейінгі жолдан жүріп өтті. Де-
сек те, бұл бағыттағы ізденістер әлі күнге дейін жалғасып келеді. 
Қазіргі уақытта экологиялық білім мен тәрбиенің бағыттары нақты жүйеге 
қарай бет бұруда және бұл бағыт дәстүрлілік сипатқа ие болып отыр. 
Экологиялық білім беру қоршаған ортаға деген жауапкершілікке тәрбиелеуге 
бағыттала  отырып,  оқушылардың  жалпы  білім  берудегі  дайындығының 
міндетті  құрамдас  бөлігі  болуы  тиіс.  Экологиялық  білім  берудің  аса  маңызды 
принциптерінің бірі үздіксіздік принципі болып табылады. 
Экологиялық тәрбиеде тәрбие берудің түрлі үлгілері сараптамадан өткізіледі. 
Мұның  өзі  тек  жағдайды  бағалауға  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқушылардың 
экологиялық тәрбиесін дамытудың оңтайлы қарқынын анықтауға мүмкіндік жа-
сайды. Атап айтсақ: 
– мектептердің, ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау, мақсатты пайдалану 
және оқып-игеру бойынша қызметтері мақсатты түрде үйлестіріліп отырады;
– сыныптық-оқулық  iс-әрекет,  қызмет  оқушылардың  табиғи  ортадағы 
сабақтан тыс қызметімен үйлесіп отырады; 
– экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің дәстүрлі үлгілерімен қатар жаңа 
үлгілері  де  пайдаланылады:  табиғатты  қорғау  бойынша  кино-дәрістер,  рөлдік 
және  оқиғалық  ойындар,  табиғатты  қорғау  туралы  жалпымектептік  кеңестер, 
экологиялық практикумдар;
– оқушыларға  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беруде  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының  (баспасөз,  радио,  телеарна)  маңызы  тіптен  зор,  бұл  процесс 
педагогикалық таразыланған болып қалыптасады. 
Экологиялық білімді дамыту қарқынын оқушылардың жас мөлшеріне қарай 
мүмкіндіктерін есепке алу, экологиялық-биологиялық, жаһандық және адамның 
экологиясына қатысты кешенді идеялардың мазмұны мен тірегін құру үрдістері 
толықтыра түседі. 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
66
67
Жетекші дидактикалық принциптер негізінде және оқушылар қызығушылығы 
мен қабілетінің сараптамалары негізінде экологиялық тәрбие берудің түрлі үлгілері 
құрастырылды. Оларды төмендегідей санаттарға жіктеуге болады: а) бұқаралық, 
ә) топтық, б) дербес. 
Бұқаралық үлгіге оқушылардың мектеп аумағын, ғимараттарды көріктендіру 
және көгалдандыру жұмыстары, табиғатты қорғауға арналған бұқаралық шаралар 
мен мерекелер, конференциялар мен экологиялық фестивальдар, рөлдік ойындар 
мен мектеп жанындағы учаскедегі жұмыстар жатады. 
Топтық үлгіге табиғаттың жас достарының клубтық, секциялық сабақтары, 
табиғатты қорғау және экологияның негіздері туралы факультативтер, табиғатты 
оқып-игеру бойынша туристік сапарлар, экологиялық практикум жатады. 
Дербес үлгіде оқушылардың баяндамаларын дайындау, әңгіме-пікір алмасу-
лар, дәрістер, жануарлар мен өсімдіктерге бақылау жасау, фотоға түсіру, сурет са-
лу, құмнан құйып шығару секілді жұмыстар атқарылады. 
Бұқаралық  үлгінің  тиімділігі  неде?  Мұнда  табиғатты  қорғау  қызметіне 
оқушылар  жаппай  қатысады,  тәртіп  пен  тазалық  айқын  көрінеді,  белсенділік 
деңгейі  артады.  Бұларды  жүйелі  бақылау  жолымен,  материалдарды  жинастыру-
мен анықтауға болады. 
Экологиялық тәрбие берудің топтық үлгісінің тиімділігі клуб, үйірме, сек-
ция  құрамының  тұрақтылығымен,  ұжымдық  жетістіктерге  қол  жеткізумен 
айқындалады. Мұнда сабақтардың мазмұны мен әдістемесі үлкен рөл атқарады. 
Және  де  ұжымның  жетістігі,  оның  қоршаған  ортамен  қоғамдық  танылуы  аса 
жоғары  маңызға  ие  болып  табылады.  Мұндай  ұжымның  сана-сезімі  нәтиже 
айтарлықтай болмаса да, ұжымның барлық мүшесін табиғатқа деген адалдықты 
сақтауға мәжбүрлейді. 
Экологиялық  тәрбие  берудің  дербес  үлгісінің  тиімділігі  оқушылардың 
биологиялық пәндерді және табиғатты қорғау шараларын оқып-игеруге деген дер-
бес қызығушылығын арттырумен түсіндіріледі. Сондай-ақ оқушылар табиғатты 
қорғау  қызметі  бойынша  білімдері  мен  танымдарын  мақсатты  пайдалануға  бет 
бұрады. 
Сонымен бірге экологиялық тәрбие беруде алға қойылған мақсаттарға жету 
үшін мектептің, отбасының және қоғамның өзара іс-қимылын дамытудың шартта-
ры да айқындалған. 
Жетістікке жету үшін төмендегідей шарттарды орындау керек: 
– бірлескен жұмыс жоспарлары негізінде жүйелердің барлық саптарын жос- 
парлау, мұның өзі күштерді дұрыс шоғырландырудың тетігін қамтамасыз етеді, 
барлық саптардың мектеппен және өзара қимылын реттейді;
– жалпы жүйенің барлық саптарының экологиялық тәрбиені басқару қызметін 
ұйымдастыру, олардың дұрыс қызмет етуіне жағдайлар жасау;
– әрбір саптың қызметі туралы тұрақты әрі алдын ала ақпараттар дайындау, 
олардың өзара ақпарат алмасуын үйлестіру;
– жұмыстағы жетіспеушіліктер мен әлсіз тұстарды анықтау, бақылау жасау, 
оның бағдарламасына өзгертулер енгізу;
– әрбір  саптың  жұмысының  тиімділігін  зерттеу,  жалпы  қорытындыларды 
шығару,  нәтижелерге  сараптама  жасау,  олдарды  қоғамды  қатыстыра  отырып, 
талқыға салу. 
Тәрбие  беру  процесінде  табиғатпен  өзара  әрекет  етудің  негізгі  кезеңдері 
айқындалды. Дайындық кезеңінде мұғалім мектеп оқушысы мен табиғат арасындағы 
өзара қарым-қатынасты игеруге тырысады. Оқушылар үшін қызығушылық туды-
ратын дербес және топтық әдіс-тәсілдер құрастырылады. Оқушылармен бірлесе 
отырып,  еңбектік,  ізденушілік,  табиғатты  қорғау  істері  айқындалады.  Бұл  рет-
те ұсыныстар оқушылар тарапынан енгізіледі. Мұғалім олардың дербес қабілеті 
мен икемдерін дамытуға байланысты терең бақылау жасауға тырысады. Осылай-
ша, экологиялық тәрбиенің кезеңдері жалғаса береді. Бұл ретте алдыңғы кезеңнің 
қыр-сыры, артық-кемі барынша қаперге алынып, түйіндер шығарылып отырады. 
Оқушылардың экологиялық тәрбиесін күшейту – бүгінгі күннің аса маңызды 
талабы. Бұл мектепті реформалаудың да аса маңызды талабы болып табылады. 
Тұлғаны  тәрбиелеуде  арнайы  әдіс-тәсілдер  жасақталатыны  белгілі. 
Сондықтан  экологиялық  тәрбиеде  жеке  тұлғалық  сапаға  басты  назар  аудары-
лып,  адамдардың  табиғатпен  қарым-қатынасының  түрлі  бағыттары  зерттеледі. 
Педагогтің  әсер  ету  дербестігі  кезінде  және  оқушылардың  табиғат  арасындағы 
істерге жұмылуы жеткіншектің әлемді тану, көз жеткізу, құндылықтарды түйсіну, 
еркі мен мінез-құлқы секілді қасиеттерін қалыптастырады.
Жалпы, мектеп оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбие сіңірудің ең 
басты орталығы саналады. Сондықтан білім ордасы бұл бағытта үнемі белсенді 
ұйымдастырушы ретінде әрекет етуі керек. Бұл ретте мектептің жүрегі саналатын 
педагогтарға артылар міндеттің ауқымы зор. Экологиялық тәрбиедегі ұтымды әдіс-
тәсілдерді таңдай білу, оны тиімді пайдалана алу, оқушылардың санасына жақсы 
түсінік сіңіріп, жақсы дағды қалыптастыру, атқарылған тәрбиелік жұмыстарда зор 
нәтижеге жету – мұғалімнен үлкен шеберлікті, ізденісті талап етеді. 
Табиғат  –  асқан  байлық.  Табиғат  –  тыныс-тіршіліктің  кепілі.  Ал  оған 
қамқорлықпен  қарау,  жауапкершілікпен  келу  –  әрбір  тұлғаның  міндеті.  Осы 
міндетті  тұлғалардың  қалай  орындайтыны  білім  ордаларында  алған  тәрбиеге 
тікелей байланысты. 
Экологиялық  тәрбиедегі  маңызды  тетіктің  бірі  –  оқушылардың  өз  белсен- 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
68
69
діліктері  мен  әс-әрекеті.  Бұл  бағыттағы  тәрбие  әдістері  бірін-бірі  толықтырып 
тұрады. Мысалы, оқу үрдісі қоғам мен табиғаттың өзара әс-қимылын теориялық 
және тәжірибелік тұрғыда реттейді. Ал ойын әдісі экологиялық тұрғыда мақсатты 
шешімдер  қабылдауға  үйретеді,  қоғамдық  пайдалы  жұмыстар  экологиялық 
шешімдер қабылдауда тәжірибе жинақтауға жол ашады, жергілікті экологиялық 
жүйені  оқып-игеру  және  қорғауда  қомақты  үлес  қосуға  мүмкіндік  туғызады, 
сондай-ақ экологиялық идеяларды насихаттауға ұмтылдырады. 
Педагог К.Д. Ушинский табиғат-Ананың құбылыстары, жылдың өзіне ғана 
тән құбылыстары бар мезгілдері, айнала-төңірек, қоршаған орта біздің ең басты 
тәрбиешілеріміз  болмады  деп  айтуға  бола  ма,  деген  сөзін  жазып  қалдырды.  Ол 
өзінің  өмірлік  тәжірибесінде  айналадағы  керемет  ландшафт  жас  жанды  дамы-
туда айтарлықтай тәрбиелік маңызға ие екенін, мұның өзі педагогтың тәрбиесін 
ықпалынан асып түспесе, кем еместігін атап көрсетті. 
Көпшілік ойлайтындай, оқушыларды тамаша табиғатқа оқытып-үйрету оңай 
іс емес. Ең алдымен, оның бәрін мұғалімнің өзі көріп-білуі керек. Онсыз оқушының 
табиғатқа деген құрметін қалыптастыру қиынға түседі. 
Мысалы, оқушылар табиғат аясына серуенге шықты. Серуен барысында ба-
лалар ластанған, қоқыстармен бітелген бұлаққа кезікті делік. Ал бұлақтың көзін 
ашу – әрбір адамның қолынан келетін игілікті іс. Міне, балаларға осындай пайдалы 
іс орындату арқылы олардың табиғатты қорғауға деген ынтасын арттыруға бола-
ды. Тәрбиенің негізі осындай қарапайым әрекеттерден тұрады. Мұғалім табиғатқа 
серуенге  алып  шығар  алдында  арнайы  жұмыс  топтарын  жасақтап,  олардың 
әрқайсысына арнайы тапсырмалар береді. Олардың өзі оқушылардың табиғат ту-
ралы білімдерін арттыруға септігін тигізуі керек. Төңіректі тазалау, өсімдіктер жи-
нау, тау-кен қыртыстарын жинастыру секілді жұмыстар атқарылады. Педагог әрбір 
құбылыс жайында тұшымды әңгіме өрбітеді. Экологияның маңызын түсіндіреді, 
оның күнделікті өмірде қаншалықты маңызды екенін ашып көрсетеді. 
Оқушылардың экологиялық білік-танымдарын арттыруда, оларды қоршаған 
ортаға  жанашырлықпен,  қамқорлықпен  қарауына  түрткі  болатын  бағыттардың 
бірі – мектепте арнайы үйірмелер ұйымдастыру. Оның жұмысына мейлінше көптеп 
оқушы тартып, тиімді жоспарын жасау. Үйірмеде жеткіншектер экологиялық жо-
балар жасауға машықтанып, теориялық тәжірибелерін іс жүзінде жүзеге асыруға 
мүмкіндік  алады.  Сонымен  қатар,  экологиялық  бағытта  еңбектік  машықтарын 
көрсетуге тиіс. Оқушылардың экологиялық еңбек қызметінің мазмұны олардың 
жас ерекшеліктеріне қарай реттеледі. Құстардың ұясын жасау, астаулар құрастыру, 
құстарға  азық  жинау,  оларды  тамақтандыру,  өсімдіктер  отырғызып,  оларды 
қамқорлыққа алу секілді қарапайым жұмыстардан бастап іргелі істер жүзеге асуы 
тиіс. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай мұндай жұмыстардың түрлері да-
мып отырады. 
Экологиялық  білім  мен  тәрбие  берудің  жетіктігі  көп  ретте  мектептің 
педагогикалық ұжымының қаншалықты қатысуға мүдделі екенінен айқындалады. 
Педагогтардың барлығы оқушылардың экологиялық бағыттағы қызметін жүргізуге 
жаппай қатысуы керек, сонда ғана белгілі бір нәтижеге жетуге әбден болады. 
Қорыта айтқанда, экологиялық білім мен тәрбие беру проблемалары бұған 
дейін  де  болды  және  алдағы  уақытта  да  бола  береді.  өйткені  қоғам  дамуымен 
байланысты  экологиялық  мәселелер  де  туындай  түседі.  Ең  басты  назарға  ала-
тын мәселе – егер білім ордаларында жас жеткіншектерге экологиялық тұрғыда 
дұрыс тәрбие беретін болсақ, онда келешекте адамзатқа қауіп пен қатер төндіретін 
көптеген экологиялық проблемалардан, орасан зор апаттардан айналып өтіп, ал-
дын аламыз. Ал эколгиялық тәрбиені, таным-түсінікті әрбір тұлға ең алғаш мек-
теп  қабырғасында  игереді.  Сондықтан  да  білім  беру  жүйесінде  экологиялық 
тәлім-тәрбиені  жетілдіруге  баса  мән  беріліп  отыр.  Экологиялық  білім  мен 
тәрбие  беру  мәселелері  біздің  білім  беру  жүйемізде  әлеуметтік-педагогикалық 
ең басты проблемаға айналған. Мектепте жеткіншекке тәрбие беру арқылы оның 
тұлғалық  сипатын,  ерекшеліктерін,  еркі  мен  жігерін,  адамгершілік  келбетін 
қалыптастырамыз. Егер бұл бағыт дұрыс жүргізілмесе, онда экологиялық тәрбие 
де кенже сөз. 
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаттары мен міндеттері маңызды 
екенін күн тәртібіне шығару арқылы біз тәрбие беру процесінің мазмұнын айқын- 
дадық.  Экологиялық  тәрбие  берудің  негізгі  кезеңдері  мен  үлгілерін  сараптауға 
тырыстық.  Экологиялық  тәрбие  берудегі  әрбір  үлгі  бойынша  нендей  нәтижелер 
шығатынын  айқындауға  ұмтылдық.  Тиімділіктің  негізгі  тетіктері  сараптал-
ды.  Олар  –  бұқаралық,  тұрақтылық  және  экологиялық  білімді  ұтымды  қолдана 
білушілік. Осы қалыптарға барынша қол жеткізсек, экологиялық тәрбиенің жұмыс- 
тары тиімді болғаны. өкінішке қарай, экологиялық тәрбие мен білім беруде ортақ 
әдіс-тәсілдер әлі де аз. Сондықтан педагогикалық тұрғыда осы бағытта нақты зерт-
теу жұмыстары жүргізілуі қажет. Мектептерде оқушылармен экологиялық тәрбие 
беру жұмыстарын жүзеге асырудың тәжірибеден өткізілген тәсілдері қолданылуы 
керек.  Қазіргі  күні  осы  бағытта  қолданысқа  жарайтын,  тиімділігі  жоғары  оқу-
әдістемелік құралдар жеткіліксіз. Мұндай олқылықтар мен кемшіліктердің орны 
алдағы уақытта толады деп педагог-мамандар үміттеніп отыр. 
Экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнының ғылыми негіздері жараты- 
лыстану  ғылымдары  циклын,  гуманитарлық  пәндерді  игерумен  қалыптастыры- 
лады және пәнаралық, кешенді сипатқа ие болып табылады. 
Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесінде мектептік кезең аса маңызды болып 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет