1. Педагогикалық үдерістің түсінігі мен құрылымы «Педагогикалық үдеріс»



бет4/10
Дата11.12.2023
өлшемі79,46 Kb.
#137150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Педагогика./Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет, 266-бет
2. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. - Алматы; Ғалым, 1998.
3. Губайдуллина Г. Н. Педагогиканы оқыту əдістемесі: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.- 328 бет, 27-бет
4. Педагогика: Курс лекций, Алматы «Print-S», Алматы,2005.-364с.

3.Педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін педагог қызметінің
объектісі ретінде зерттеу
Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі-педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әр баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін қолайлы жағдай жасай алу шеберлігінде. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесіп, оның бойында өзінің ішкі жан дүниесін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек.
Мұғалімнің ісәрекеті, қызметі балалардың болашағына бағдарланып, оның еңбегінің нәтижесі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет орындалып болғаннан кейін ғана емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.
Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі мінездері, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі қалыптасқан балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал осындай ұжым ішіндегі қарым-қатынастық жүйені дұрыс басқара білу - үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген. Мұғалімдерге баланың мінез-қүлқының, дүниетанымының, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі сеніп тапсырылған. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайым болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері ақиқатпен астарласады.
Мұғалімдер күрделі педагогикалық үдерісті – оқушы тұлғасының қалыптасуын басқарады. Мұғалім - оқушы өмірінің іргетасын қалаушы және ғылым негіздерін меңгертетін маман. Мұғалім мамандығы баршамызға ортақ игілікті іс болып табылатын жас ұрпақты тәрбиелеуге негізделеді.[1]
Мұғалім қызметінің шығармашылық сипаты. Педагогикалық қызмет кез-келген қызмет сияқты тек сандық мөлшерге емес, сонымен қатар, сапалық қасиеттерге ие. Мұғалім еңбегінің мазмұны мен ұйымдастырылуын тек оның өзінің қызметіне деген шығармашылық қатынас деңгейін анықтау арқылы ғана дұрыс бағалауға болады. [2]
Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша, субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті-тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, Н.И. Непомнящая:«білім - сананың біртұтастық объектісі болып есептелуі керек» деді. Мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса, бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Диалектикалық-материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің рөлі жан-жақты зерттелген. Адам іс-әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60-жылдарында ғана мұғалім іс-әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко сынды көрнекті ұстаздардың еңбектері оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс-әрекеттің нақтылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикалық оқыту-тәрбиелеу үрдісінде мұғалім және оқушы іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс-әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процессті есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұндай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С. Ильин);
-мұғалім іс-әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);
-егер оқушының іс-әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);
-мектеп әкімшілігі іс-әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.Кондаков);
-тұтас педагогикалық процестің теориясын жасамайынша,басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі дамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский);
Мұғалім іс-әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына мән беру - бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы. Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Мұғалім іс-әрекетінің объектісі - педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық қызметтің негізгі ерекшеліктері:
1. Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
2. Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета-іс-әрекет).
3. Іс-әрекет субъект-субъектілік және субъект-объектілік сипатта болады.[3]
Мұғалім қызметтерінің бірі - мектеп пен отбасы сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық үдерістерінің негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қалыптастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың отбасымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет