1. Педагогикалық үдерістің түсінігі мен құрылымы «Педагогикалық үдеріс»



бет8/10
Дата11.12.2023
өлшемі79,46 Kb.
#137150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Каменский Я. А. Всеобщий совет об исправлении дел человеческих // Избр. пед. соч.: В 2 т. - М., 1982. - Т. 2. - С. 285-452.
2. Сластенин, В. А., Исаев, И. Ф., Шиянов, Е. Н. Педагогика: учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / под ред. В. А. Сластенина. – М.: Академия, 2002. – 576 с.
3. Деятельность кафедры социальных наук по организации образовательного процесса: учеб.-метод. пособие / В. А. Ксенофонтов [и др.]; под общ. ред. В. А. Ксенофонтова. – Минск: ВА РБ, 2012. – 93 с.

6.Жеке тұлғаның сапалық өзгерістерінде ТПҮ-тің даму функциясының нәтижесінің көрінісі
Н.Е. Щуркова, А.П. Сейтешев жеке тұлғаның қасиеттерін құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесі деп түсіндіреді. Осылайша, басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесі - гуманизм, өз өзіне - қадір-қасиет, еңбекке - еңбексүйгіштік, енбекқорлық болып табылады. Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерін осылайша бөлу өте маңызды, өйткені, қоршаған оргаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершіліктің барлық жақтарын қамту мүмкін емес.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.). Педагогиканың ұлы классигі К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: "Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды".[1]
Тұлғаның бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі А.С.Макаренконың педагогиканың теориясы мен практикасында ғылыми тұрғыда негізделген. Оның ұстаздық тәжірибесінен туындаған «Ұстаздық дастан», «Мұнара үстіндегі тулар”, «Ата-аналарға арналған кітап» атты ғылыми еңбектері әлі де болса өзінің өзектілігін жойған жоқ. Оның тәрбиедегі алдына қойған негізгі ұстанымы тұлғаның ұжым арасындағы қарым-қатынасы, алдына қойған талаптарды нақты орындай білуі, өзін-өзі жетілдіруіне, ұйымдастырушылық қасиетінің дамуы негізгі орында тұрды. А.С.Макаренко жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыруды екіге бөліп, бірінші, барлық тұлғаларға ортақ сапалар болса, екіншісі, тұлғаның даралық сапасын дамыту үшін оның қабілеттерін ескеру керектігін қарастырды. [2]
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір педагогикалық өрісте орналасып, тұлғаны қалыптастыру деген тұтас процесстің екі жағы болып саналады. Әр-бір педагог тек тәрбиенің заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін жақсы түсінуі керек. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі тәрбиелеу төмендегідей қызметтерді орындайды:
- бейімделушілік (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);
- интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, білім алушылар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);
- прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);
- басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады). [3]
Қазіргі таңда тәрбиенің негізі басты бағыты – тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны қалыптастыру - үздіксіз жүргізілетін педагогикалық үдеріс. Тұтас педагогикалық процессте әр балада өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік әр-түрлі жас кезеңдерінде байқалады. Осы қажеттілік әсіресе балалардың жасөспірімдік шағында анығырақ байқалады. Себебі, балалар осы шақтарында өздерінің жеке "Мен"-дерін үнемі іздеу үстінде болады, түрлі спортгық секциялар, үйірмелер, қызығушылықтары бойынша клубтарға қатысады. Дәл осы кезеңде олардың жеке күңделіктерін бастап өз ойларын жазулары, өз мінез-құлықтары мен сезімдерін бағалаулары, ұл балалар мен қыз балалар үшін арнап құрастырған сауалнамаларын қызыға толтырулары, түрлі заттарды әуестікпен жинастырулары кездейсоқ процесс емес. [4]
Педагогикалық үдеріс ұғымында ол «жеке тұлғаның өзін-өзі түбірлі түрде дамытуы негізінде, күші жеткенше әлеуметтік мұратқа сәйкес жан-жақты жетілуі» деп түсінді, П.Ф.Каптеревтің осылай аталатын еңбегінде педагогикалық үдерістің мәні мен мазмұны ашып көрсетілген. Ол әлеуметтік педагогикалық үдерісті ішкі және сыртқы деп бөлген.
Ішкі педагогикалық үдеріс адам организмінің қасиеттерімен және қоршаған ортасымен анықталатын адамның өзін-өзі дамыту үдерісін білдіреді. «Үдеріс қажеттілікпен іске асырылады: организм өзіне тән заңдар бойынша әсерлерді жаңғыртады және қайта өңдейді, соның әсерімен - әрекет етеді. Бүкіл үдеріс өзіндік шығармашылық сипатта өтеді, біреулердің нұсқауларымен емес, органикалық қажеттілік бойынша іске асады».
Ішкі педагогикалық үдеріс мыналарды көрсетеді:
- адам дамуының жалпы көрінісін. Бұл жағдайда ол (үдеріс) адамның әлеуметтік-педагогикалық дамуы қандай болуға тиіс екендігінің үлгісін сипаттайды;
- типтік топқа жататын адамның даму ерекшелігін, мысалы, адамның есту, көру, психологиялық дамудағы ауытқушылығы проблемаларымен даму және тәрбиелену ерекшелігі;
- нақтылы адамның жеке қасиеттері, қабілеттері, сапасы есебімен
дамуы,оқуы және тәрбиеленуі.
Сыртқы педагогикалық (білім беру) үдерісі П.Ф.Каптеревтің пікірінше, «аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа өз басынан кешіргендері мен көргендерін, өзінің бабаларынан, одан да бұрынғы өткен ұрпақтардан дайын алған тәжірибесін беру үдерісі. Бұрынғы өткен, қазіргі өмір сүріп жатқан адамзаттың жинақтаған неғұрлым бай құндылықтары «мәдениет» деген бір сөзге сыйғызылғандықтан, білім беру үдерісі сырттай қарағанда аға ұрпақтан - кейінгі ұрпаққа, бұрын өмір сүрген адамзаттан қазіргі өмір сүріп жатқан адамзатқа мәдениетті тапсырушы ретінде түсіндірілуі мүмкін».
Сыртқы педагогикалық үдерісті түсінуге деген мұндай көзқарас кең -мағынасында кез-келген қоғам дамуының жалпы үрдісін аға ұрпақтың мәдениетін кейінгі ұрпаққа жеткізуші ретінде сипаттайды.
Сыртқы педагогикалық үдеріс адамға қатысты үдеріс ретінде:
- жалпы адамды тәрбиелеу (тәрбиені түзеу, қайта тәрбиелеу, түзету); жеке педагогикалық мәселені шешу. Бұл ретте, ол тәрбие қызметінің технологиялық жағын көрсетеді.
- адамдардың белгілі топтарымен, мысалы, психологиялық дамуында, тәрбиеленуінде т.б. ауытқушылықтар бар балалармен жұмыста жеке тәрбиелік мәселелерді шешу. Бұл ретте, ол тәрбие қызметінің арнаулы технологиялық үдерісін көрсетеді;
- нақтылы адамды тәрбиелеу, белгілі тәрбиелік мәселені шешу – тәрбие жұмысының жеке технологиясын іске асыру үдерісі. Нақтылы адамға қатысты ішкі және сыртқы үдерістердің арасында педагогикалық үдерістің тұтас сипатын көрсететін тығыз байланыс пен өзара келісім болады.
Педагогикалық үдерістегі жеке тұлғаның дамуы педагогикалық үдерістегі әдіс-тәсілдерге тәуелді болады. Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру педагогикалық процестің тәрбиелік өзегі болып есептелінеді. Іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады. Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек.
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:
- жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;
- оқушыларды тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі- өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;
- жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.
Ал педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
- таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
- оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің негізгі қағидалары бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда. Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі және өзекті, соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және тәрбие қоғамдық құрылыс ретінде өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты тарихи үдеріс. Ол жас ұрпақтың қоғам өміріне қосылуына, тұрмыс-тіршілікке, қоғамдық өндірісте қызметке араласуына, шығармашылық пен рухани-мәдени игіліктерді игеруіне, қоғамдық болмыстың негізін игеріп, жеке тұлға ретінде дамып, азамат ретінде қалыптасып жетілуіне негіз болады. Тәрбие қоғамдық прогресті дамытып, ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз етеді. Ол әрбір жеке тұлғаның, қоғамның маңызды өндіргіш күшінің бөлшегі ретінде өз бақытын өзі құруға көмектеседі. [5]
Жеке тұлғаның сапалық дамуы:
-біріншіден, өзінің жеке қасиеттеріне сәйкес, нақ өзіне ғана тән ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне сай әлеуметтік түрде дамиды (ішкі жеке тұлғасына байланысты);
- екіншіден, өзі өмір сүретін және өзін-өзі жеке тұлға ретінде танытатын әлеуметтік жағдайларға сәйкес дамиды (ортаға байланысты);
-үшіншіден, ол нақтылы қоғамның оның әлеуметтік-мәдени өмірлік салтының талаптарына сәйкес бағдар ұстайды (сыртқы әлеуметтік байланыстылық). [6]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет